400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Байланыс құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Байланыс құралдарының атаулары, пайдасы, оларды қолдануын қайталау. Құралдарды дұрыс қолдануға үйрету. Жұмбақтар шешу, Қазақтелеком, Казпошта мекемелеріне барып, өз-өзіне қызмет көрсетуге үйрету. Түзеу мақсаты: Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын дамыту. Танымдық процестерін, ойлау, математикалық есептеу, оқу, жазу, есте сақтау, өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттерін қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Байланыс құралдар.

Күні:

Оқушылар:

Сабақтың мақсаты: Байланыс құралдарының атаулары, пайдасы, оларды қолдануын

қайталау. Құралдарды дұрыс қолдануға үйрету. Жұмбақтар шешу, Қазақтелеком, Казпошта

мекемелеріне барып, өз-өзіне қызмет көрсетуге үйрету.

Түзеу мақсаты: Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын дамыту.

Танымдық процестерін, ойлау, математикалық есептеу, оқу, жазу, есте сақтау, өз-өзіне

қызмет көрсету қабілеттерін қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер,байланыс құралдары туралы слайд,Қазақтелеком

және Казпошта мекемелерінің суреттері, конверттер, маркалар, бандероль

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақ барысы:



І Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушымен амандасу

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

- Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақты екі бірдей мұғалім жүргізеді мен және Зәуре

Мұтиғоллақызы

Дефектолог: - Адамдар қашықтықта бір-бірімен қалай байланысады?

Оқушылар: Адамдар бір-бірімен байланыс құралдар арқылы байланысады.

Дефектолог: Жарайсыңдар, балалар! Ал қандай байланыс құралдарын білесіңдер?

(көрмемен таныстыру)

Дефектолог: Мына көрмедегі байланыс құралдарын атаңдаршы?

Оқушылар: Телефон, интернет жүйесі, ұялы телефон, компьютер, теледидар, радио, газет-

журналдар.

Дефектолог: Жарайсыңдар, балалар! Байланыс құралдары орнатылған қандай мекемелерді

білесіңдер?

Оқушылар: Қазақтелеком және Қазпошта

Дефектолог: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге үйге қандай тапсырма бердім?

Оқушылар: Досымызға хат жазып келу

Дефектолог: Олай болса біздер қазір хатымызды жіберуге Қазпошта бөлімшесіне барамыз.

Бұл жерде бізді Зәуре Мұтиғоллақызы күтіп отыр.

Дефектолог: Жолда біздер түрлі кедергілерден өтеміз.



ІІ Сергету сәті

  • Музыка жүреді оқушылар музыканың ырғағына қарай қимылдайды.

  1. Жаңбыр жауды

  2. Жер балшық

  3. Тону

  4. Күннің сәулесі шықты

ІІІ «Қазпошта бөлімшесінде»

Әлеуметтік мұғалім: Қош келдіңдер, оқушылар! Бұл мекеме «Қазпошта» деп аталады.Қазір мен сендерді бұл мекемемен таныстырамын.( Слайд көрсету)

Бұл мекеменің атқаратын қызметтері көп. Олар:

  • Хат жіберу;

  • Бандероль жіберу;

  • Ақшамен жұмыс

  • Басылымдарға жазылу

  • Коммуналдық төлемдер төлеу

Әлеуметтік мұғалім: Біздер хат жібереміз. Ол үшін біздерге не қажет?

Оқушылар: Конверт пен марка қажет

Әлеуметтік мұғалім : Дұрыс, балалар. Бірақ конверт пен марканы біздер ақшаға сатып аламыз.

Конверт-15 теңге

Марка- 60 теңге

( Дефектолог оқушыларды теңге санауға көмектеседі)

Әлеуметтік мұғалім: Енді біздер жазылған хатымызды тиісті мекен жайына жібереміз.

Біздің әрекетіміз:

  • Хатты конвертке саламыз

  • Конверттің сыртына досымыздың және өзіміздің мекен жайын жазамыз

  • Конверттің сыртына мекен жайынан басқа индексі де жазылады ( пошта индексі туралы түсінік беру) Индекс- бұл тұрғылықты жердің 6 санынан тұратын қала, ауылдар коды. Егер сендер индексті қате жазсаңдар хатыңыз өзге жерге кетіп қалады.)

  • Конвертке марка жапсырамыз

  • Конвертті жапсырып, пошта жәшігіне саламыз

Газет-журналдарға жазылу:

Әлеуметтік мұғалім: Газет-журналдарға жазылу үшін біздер арнайы бланкіні

толтыруымыз қажет.

  • Әр газет-журналдың өз индексі болады.Индекс- бұл әр басылымның жеке 5 саннан тұратын нөмері. Сондықтан газет-журналдардың индексін шатастырмауымыз қажет.

( Дефектолог оқушыларды теңге санауға көмектеседі, бланкілер толтырып, төлемдер жүргізеді)

IV Сергету сәті

  • Музыка жүреді оқушылар музыканың ырғағына қарай қимылдайды.

    1. Қар жауды

    2. Жер күртік

    3. Тону

    4. Күннің сәулесі шықты

V «Қазақтелеком» бөлімшесінде

Дефектолог: Балалар, «Қазақтелеком» бөлімшесіне қош келдіңіздер.Мен сендерді бұл мекемемен таныстырамын. (Слайд көрсету)

«Қазақтелеком» бөлімшесінің атқаратын функциялары:

  • Үй телефонына ақша төлеу

  • Интернет жүйесімен қамтамасыз ету

  • Қалалық, ауылдық байланыс орнату

  • Үй телефонын орнату, жөндеу

  • Телеграмма, факс жіберу

Дефектолог: Біздер үй телефонын қолданғанымыз үшін ақша төлейміз.

Абоненттік ақы-750 теңге

( Әлеуметтік мұғалім ақшаны санауға көмектеседі)

Дефектолог: Енді кері үйге қайтамыз.

VI Дидактикалық тапсырмалар (Жағдайлар)

Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі жағдайларда дұрыс әрекеттенуге тәрбиелеу. Өзге адамдарға көмек көрсетуге үйрету.

1.Жолда кенеттен бір адам құлап аяғын ауыртып алады.

Дефектолог: Балалар, енді не істейміз?

Оқушылар: Жедел жәрдемге хабарлау қажет

Дефектолог: Ал, жедел жәрдем бөлімшесінің нөмерін кім біледі?

Оқушы: Жедел жәрдемнің нөмері 103

Дефектолог: Олай болса хабарласыңдар

( Жедел жәрдем келіп науқасты алып кетеді)

2. Жолда адамдар шулап, төбелесіп жатыр.

Әлеуметтік мұғалім: Балалар, енді не істейміз?

Оқушылар: Полиция бөлімшесіне хабарлау қажет

Әлеуметтік мұғалім: Ал, полиция бөлімшесінің нөмерін кім біледі?

Оқушы: Полиция бөлімшесінің нөмері 102

Әлеуметтік мұғалім: Олай болса хабарласыңдар

( Полиция қызметкерлері келіп тәртіп бұзушыларды алып кетеді)

3.Жолда үйдің төбесі жанып жатыр.

Дефектолог: Балалар, енді не істейміз?

Оқушылар: Өрт сөндіру бөлімшесіне хабарлау қажет

Дефектолог: Ал, өрт сөндіру бөлімшесінің нөмерін кім біледі?

Оқушы: Өрт сөндіру бөлімшесінің нөмері 101

Дефектолог: Олай болса хабарласыңдар

( Өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіреді)

Ескерту:

  • Жедел жәрдем , өрт сөндіру және полиция бөлімшелеріне өтірік хабарласуға болмайды, егер сендер солай жасасаңдар, сендердің ата-аналарын заңды жүзінде жазаланып, үкіметке айыппұл төлейді.

VI Сабақты бекіту

-Бүгін сабақта қандай тақырыпты қайталадық?

- Қандай мекемелерге бардық?

- Бұл мекемелер қандай қызмет көрсетеді?

-Байланыс құралдары қандай?

- Қандай жағдайларды бастан кештік?

VII Үйге тапсырма беру

- Байланыс құралдардың суретін салу

VIIІ Қорытынды

-Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар



Бекітемін:

Психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің меңгерушісі

А.К.Атаева

Күні:







Ашық сабақ


«Байланыс құралдар»





Өткізгендер: дефектолог Хасенова У.Е.

әлеуметтік мұғалім Абилова З.М.










Сайқын, 2016 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі