Материалдар / Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының әдістері мен оған қойылатын әдістемелік талаптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының әдістері мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығының білім алушылары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2020
6124
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар

ЖОСПАР:

  1. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты.

  2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын талаптар.

  3. Бастауыш сыныптарға шығарма мен мазмұндама жұмыстарын ұйымдастыру.

  4. Сөйлеу әрекетінің түрлері.

1. Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Әдіскер Ш.Кәрібаев: «шығарма жаздыру жұмысы оқушылардың үнемі басшылық етіп отыруы керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез-келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алатын материалдарды жаздырған дұрыс», - деді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мен шығарма мұғалімінің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс.

Бастауыш мектептерде жүргізілетін діл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жаза бере алатындай дағдылар, шеберліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми таңбасы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігін тигізетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама мәтіндер арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, интернационалдық рухта, бауырластық сезімде, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Балалардың тілін дамыту, оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының сол мақсаттары мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ғылыми эксперименттерінің ең жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, бір ізге келтірілген әдістемені басшылыққа алып жұмыс істегенде ғана іске асады

2. Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары: 1) Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалдарын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеу қажет. 2) Жазылған жұмыстың мазмұны болуы, балалардың жазған мамұнда малар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдерлің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала жинақтау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық жинақтап, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдардың ішіндегі негізгілерін таңдап қолданылуға тиіс (Мысалы, ІІІ сынып оқушысы «Мәншүк» мәтіні бойынша мазмұндама жазғанда, «Жаудың жаңбырша жауған оғы» деген тіркесті сол қалыбында беруге тырысып , «Жаудың тамаша жауылған оғы» деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. мәтінді талдау, жинақтау жұмысына дұрыс мән берген жөн. 5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс. (Мысалы, «Қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға баст ады», «Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды», «Қарғаның қарыны ашты». Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарға келіп қонды. 6) Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын («Мен тауға бардым. Күн ыстық болады»). 7) Жергілікті ауыз екі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. («Там төбесін қар басып қалды»; «Жейдесі су болды», «Азанда бүлдірген теруге кетті»). 8) Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының офографиялық пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп шығатын болсын. Мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.

Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.

3. Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.

3, 4-сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.

Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.

Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды, қанағаттанарлықсыз баға тек 4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма үшін және оқу жылының соңында бақылау мақсатындағы мазмұндама үшін қойылады.

3-cыныпта мазмұндама, шығарманы тексергенде,. 1 баға қойылады; 4-сыныпта мазмұндама және шығарма үшін 2 баға қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін.

«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.

«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.

«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;

«2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан айтарлықтай алшақтаған, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, бөлімдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктанттардың мазмұны жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.

Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:

  • 3-сыныпта – 8-10 сөз;

  • 4-сыныпта – 10-12 сөз.

Сөздік диктантты бағалау:

«5» – қатесіз;

«4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе;

«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе;

«2» – 3-5 қате жіберілсе.



Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері





Жұмыс түрлері

Сыныптар

III

IV

I жартыжылдық

II жартыжылд.

I жартыжылдық

II жартыжылд.

Мәтінді бақылау ретінде көшіру

1

2

1

1

Бақылау шығармасы

-

-

1

-

Бақылау мазмұндамасы

-

-

-

1

Бақылау сөздік диктанты

2

2

1

1



4.Сөйлеу әрекетінің түрлері



Дағдылар

Сипаттама

Тыңдалым арқылы коммуникация

(тыңдалым)

Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.

Жазылым

Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.

Оқылым арқылы коммуникация

Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым-қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану.

Айтылым

Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау.



СӨЖ:

  1. Тақырыпты толықтырып оқу,конспект жазу;

  2. Шығарма мен мазмұндама жұмыстарының бағалау нормаларын жаттау;

  3. 3-4 сыныптарға шығарма мен мазмұндама мәтіндерін әзірлеу,жоспарын жазу;

  4. Әдебиеттік оқу пәні бойынша ҚМЖ жазу.



( 3-4 тапсырманы эл.почтаға жіберу fariza.tlekeeva@mail.ru)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!