400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Байлықтың атасы-еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы еңбек етуге тәрбиелейді. Еңбек ер атандырады деп халқымыз тегін айтпаса керек. Баланы жастайынан еңбек етугеүйрету керек,Бастауыш мектеп сынып жетекшілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағы 3в сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Байлықтың атасы – еңбек.

Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа адам еңбегінің

өмір сүру үшін қажеттілігін,

бағалы байлық екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға елбасының жолдауын түсіндіре отырып, денсаулықты сақтауға, білім алуға, еңбек етуге үйрету. Дербестікке, ұйымшылдыққа үйрету.

2. Күнделікті күн реттелімін орындауға баулу, білім алуға, еңбек етуге тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге дағдыландыру.

3. Сана – сезімін, жан – жақты ойлау қабілеттерін, мәдениеттілікті дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, мақал – мәтелдер.

Қажетті құрал – жабдық: магнитофон, кассета.

Сабақтың түрі: топтық.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сахналау, талдау – жинақтау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбек.

Сабақтың барысы.

Алғашқы ұйымдастыру болімі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөліп, топтардың аттарымен таныстыру.

1 – топ – дәрігерлер.

2 – топ – мұғалімдер.

3 – топ – кәсіпкерлер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«Қазақстан - 2030» бағдарламасы.

Міне, Қазақстанды Орта Азия барысына айналысу үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Бұл құжат – еліміздің болшақтағы айнасы, құнды бағдарлама, келешекке деген үмітті нығайтады.

Елбасының жолдауы – егеменділіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.

Бұл көкірегіне, болашққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі жолдау, бағалы байлық. XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мықты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған. Сонда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады.

Балалар, сендер 2030 – шы жылы неше жаста боласыңдар?

Бүгінгі сабағымызда «Байлықтың атасы - еңбек» деген тақырыпты өрбітпекпіз.

Сендер, балалар болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, мақал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегеніміздің

өзі – күнделікті өмірден алынады. Үйде ата – ана, мектепте мұғалім: - Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар – дейді.

Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек. Бұл – еңбек тәртібі.

Сызбамен жұмыс.

Еңбек етсең – наның көп, айналаң толған ән болады екен. «Еңбекпен ел көгерер» деп бекер айтпаған.

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Еңбек

Дайындық Проблемаңды шешу


Денсаулық Табыс табу


Білім Мамандық Бағытталу




Байлық деген не?

Байлықтың қалған дүниенің қызығы бар. Ең үлкен күш – денсаулық, білім, еңбектің арқасында жетіледі.

Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape8 Shape9 байлық

білім ақша

денсаулық саябақ

мал машина

үй еңбек


Көрініс:«Әке мен бала» (талдау).

Тақпақ: еңбек туралы.

Көрініс:«Байлық»(талдау). «Өсиет».

Тақпақ: мақал – мәтелдер айту (еңбек туралы), сайысу.

Әңгіме:«Жақсылардың жақсысы».

Тақпақтар: кәсіптер иесі, мамандық таңдау.(мұғалім,дәрігер, кәсіпкер,т.б.туралы)

Топтармен жұмыс:

  1. Дәрігерлер тобы.

Еңбек ету үшін – ең бірінші денсаулық керек.

Денсаулық болмаса еңбек етіп, табыс табу қиынға түседі. Сол себепті – денсаулығымызды күту, сақтану қажет. Дәрігер арқылы еңбекке жарақтылықты біледі. Дәрігер мамандығы өзінің білген ем – домы арқылы халыққа көмек көрсетеді. Денсаулықты сақтау үшін спортпен, дене – қимыл жаттығулармен айналысқан жөн.

Сонда еңбегің жанады.

  1. Мүғалімдер тобы.

Еңбек ету үшін – денсаулық пен бірге білім және мамандық қажет. Білім арқылы еңбектің қыр – сырын ұғасың. Мұғалім және ұстаз ғалымдар халыққа білім – білігі арқылы көмегін көрсеткен. Шахтер де, ұшқыш та, дәрігер де, ақын да бәрі, бәрі ұстаздан тәлім алған. Сонда білім мен маман иесі арқылы еңбегің жанады.

  1. Кәсіпкерлер тобы.

Кәсіпкер – бір кәсіппен айналысатын адам. Жеке меншік өзінің бір кәсібі болады. Сол арқылы еңбек етіп, табыс табады және өзінің ортасына, қоғамға пайда келтіреді. Айналасындағы халыққа жұмыс тауып беріп, оларды үйретеді,жалақы төлейді.

Кәсіпкер – өз мамандығы арқылы жеке бір іс – шаруаны іске асырады.


Сергіту сәті.

Мұғалім сөзі. Сабақты қорытындылау.

Еңбек етпеген ішіп жемейді,

Еңбек етпесең - елге өкпелеме,

Егін екпесең - жерге өкпелеме.


Мақалды талдау.

Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келген істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.

Сабақтың соңы:

«Асқаралы азамат» атты әнді тыңдау, талдау.

Сабақ аяқталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі