2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Байқау "Информатика - ақпараттар ғылымы"

Байқау "Информатика - ақпараттар ғылымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен байқау жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Садыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы: «Информатика – ақпараттар ғылымы»


Мақсаты: Жас ұстаздарды іскерлікке, мәдениеттілікке ұйымдастыра отырып, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға, бар күш-жігерін жұмсауға баулу. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыстарды атқаруға бағыттау. Жас мұғалімдерінің компьютер, ақпараттандыру туралы білімдерін тиянақтау.


Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! «Информатика – ақпараттар ғылымы» атты ұйымдастырылып отырған шарамызға қош келіпсіздер!

Сайысқа барлығы 5 мұғалім қатысады. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

  1. ___________________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________________

  3. ___________________________________________________________________

  4. ___________________________________________________________________

  5. ___________________________________________________________________

 

Мынау ұшқыр заманда, 
Жаңалық енді ғаламға. 
Компьютер тілін меңгеру, 
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың
кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І тур. «Кім, жылдам?»

ІІ тур. «Дешифратор»

ІІІ тур. «Фотолар сөйлейді»

ІV тур. «Маңдайға жазғанды көресің»

V тур. «Құпия жәшік»

Әділқазы алқалары сайланады.

  1. ________________________________________________________________

  2. ________________________________________________________________


Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, алдымен дайындықтарын білейік. Ортаға шығайық. Сіздер бір әріпті таңдап, мен сұрақтар қоямын, сіздер осы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керексіздер. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық. А, Б, Д, К, Ж

  1. Бүгінгі көңіл – күйіңіз?

  2. Сайысқа дайындығыңыз қалай?

  3. Қандай пәнді ұнатасыз?

  4. Мектепке немен келдіңіз?

  5. Әріптестеріңізге қандай тілек тілейсіз?

Рахмет!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де, 
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де 
Мүмкін емес информатикасыз түсіну, 
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! 


Ендеше, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.


І кезең. «Кім, жылдам?». Бұл кезеңде әр қатысушыға әріптері шатастырылған сөздер беріледі, содан информатикаға қатысты дұрыс сөздер құрастыру керек.

Әр дұрыс жауап 10 балл.


1-қатысушы:

  1. ИННЕТТЕР — (интернет)

  2. ФМИНРКО — (микрофон)

  3. КАНЕРС —  (сканер)

  4. КСИД (диск)

  5. ПРОСОРЦЕС (процессор)

  6. РАНКЭ (экран)

  7. ИРУСВ (вирус)


2-қатысушы:

  1. ШЫНТАҚ (тышқан)

  2. ТЕРПИНТ (принтер)

  3. ЗТЕЕРЕ (терезе)

  4. ТАЙБ (байт)

  5. ШАЛЕФК (флешка)

  6. РЕПНЕ (перне)

  7. ҚАТТА (тақта)


3-қатысушы

  1. РЕТЬЮПОМК – компьютер

  2. ВРЕДАЙР – драйвер

  3. ДЕМОМ – модем

  4. ЛАЙФ – файл

  5. РОТИНОМ – монитор

  6. АТЕКИСД – дискета

  7. АЛАМРДАҒБА – бағдарлама

4-қатысушы

  1. НИРПЕРТ – принтер

  2. ЧЕСВИНТЕР – винчестер

  3. КРАСЕН – сканер

  4. АНИШ – шина

  5. СОРЕСЦПРО – процессор

  6. ТОРП – порт

  7. РАТАПҚА – ақпарат


5-қатысушы

  1. СХЕРОМИКМА — микросхема

  2. ИАКМАТОРФНИ – информатика

  3. ЧНЕСТРЕИВ – винчестер

  4. ЗЕРТЕЕ – терезе

  5. РСУТИВНАИ – антивирус

  6. САЛЬКАП — паскаль

  7. ТЕРПОЛТ — плоттер

 

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп, келесі бөлімімізді бастайық.


2-тур. Дешифратор  Әр дұрыс жауап 10 балл.


1- қатысушы.

  1. 1024  байтың болғанша,

Бір гигабайтың болсын.

Жауабы: Жүз сомың болғанша,

                  Жүз досың болсын.

  1. Компьютер болмай – Windows болмас

Жауабы: Бірлік болмай  тірлік болмас.

  1. Екі вирус таласса,
    Бір антивирусқа жем болар.

Жауабы: Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.

  1. Процессор сынса, жүйелік блок ішінде

Картрижд сынса, принтер ішінде.

 Жауабы: Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

2-қатысушы:

  1. Қырық перне бір жақ,

Лазерлік  маус бір жақ.

Жауабы: Қырық кісі – бір жақ,
Қыңыр кісі – бір жақ.

  1. Ұстаз қанаты- WhatsAPP.

Жауабы: Ер қанаты – ат.

  1. Вирусты антивирус өлтірер,

Единицаны WhatsAPP  құртар.

Жауабы: Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.

  1. Алыстағы  iPhone-нан  Қолыңдағы Samsung артық.

Жауабы: Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

 


3-қатысушы:

  1. Компьютер процессорымен мықты,

Интернет Instagram- ымен мықты.

Жауабы: Ағаш тамырымен мықты,
Адам достарымен мықты.

  1. Виртуальды досыңа

Лайк” баспай отырма.

Жауабы:  Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа

  1. Студент экстрабаланс алып, WhatsAPP –қа  кіруден тайынбас.

Жауабы: Шешінген судан тайынбас.

  1. Ноутбугіне қарай қарсы алады

Программа құруына қарап шығарып салады.

Жауабы: Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне карап, шығарып салады.

4-қатысушы:

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

                                                                     (Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

                                                                     (Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

                                                                   (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

                                                                      (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5-қатысушы:

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

                                         (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса) 

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды. 

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

                                                                (Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

                                                    (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Ойын толқып жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып – деп, келесі бөлімімізді бастайық..


3-тур. «Фотолар сөйлейді». 

Барлығыңызға жасырылады. Қол көтеріп жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Экранда фотолар көрсетіледі, фотолар арқылы қандай кино екенін табу қажет (отандық және шетелдік кино болуы мүмкін).

  1. Бизнес по казахски в Америке

  2. Тараз

  3. В поисках мамы

  4. Ограбление по казахски

  5. 16 қыз

  6. Анаға апарар жол

  7. Свадьба на троих

  8. Финансист

  9. Шал

  10. Келінжан


ІV тур. «Маңдайға жазғанды көресің».

Компьютер құрылғыларына қатысты суреттер беріледі, сол суретті әр мұғалім жанкүйерлерге ыммен түсіндіреді. Сіз соның атауын айту керексіз.

Әр дұрыс жауап 10 балл.

 

  1. ПРИНТЕР

  2. ТЫШҚАН

  3. МОНИТОР

  4. СКАНЕР

  5. ЖҮЙЕЛІК БЛОК

 

Ең бастысы жарыстың қақпа еді,

Мықтылары сандық ашып, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді!


V тур. «Құпия жәшік». 

Әріптестеріміздің білімдерін сынайтын кез келді. Бұл кезеңде Салт-дәстүр, Тәуелсіз Қазақстан, Ғаламтор, Ғалымдар және Еркін тақырып ұяшықтары беріледі.

10, 20, 30, 40 ұпайдан өзіңізге ұнаған ұяшықты ашып, жауап бересіздер.


Салт – дәстүр

10: Сүйінші дегеніміз не? (Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім)

20: Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деп, болашағы

жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. (тұсаукесер)

30: Бастаңғы деген қандай дәстүр? (Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл

жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген

ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады)

40: Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа

шақырады. Бұл салт қалай аталады? (ерулік)


Тәуелсіз Қазақстан

10: Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы, 16 желтоқсан)

20: ҚР Тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? (1993 жыл, 28 қаңтар)

30: Елбасының толықтыруымен өңделген Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»

әні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды? (2006 жылы)

40: 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу

жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? (Тарих

толқынында)



Ғаламтор:

10: АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының

әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporationкомпаниясының

негізін қалаушысы (Билл Гейтс)

20: «Ғаламтор», яғни интернет сөзінің ең алғашқы атауы (ARPANET)

30: «Фейсбук» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы кім? (Марк Цукерберг)

40: Әйгілі “GOOGLE” сөзі нені білдіреді? (онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді)


Ғалымдар:

10: 870 жылы туылған, қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ,

математик, астролог, Отырар қаласында туған. (Әбу Насыр Әл-Фараби)

20: «Құтты білік» дастанының авторы, ақын, ойшыл, ғалым (Жүсіп Баласағұни)

30: Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммед Қанафия)

40: Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын

ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті (Қ.И.Сәтбаев)

Еркін тақырып:

10: Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? (Хан Тәңірі)

20: Қазақтың «Үш бәйтерегін» атаңыз (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин)

30: 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп

алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев)

40: Геральдика ғылымы нені зерттейді? (елтаңбаларды)


МАРАПАТТАУ


Информатика нық басып ғаламатта, 
Ой бөлісіп заманды саралапты. 
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, 
Қайта айналып көріскенше саламатта.


Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін

көп – көп рахмет. 


















«Садыр орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












«Информатика –



ақпараттар ғылымы»










Информатика пәнінің мұғалімі Мансурова И.А.











2023 – 2024оқу жылы

02 Сәуір 2025
138
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі