Күні:
6.03.2017
Сыныбы 4
«Ә»
Тақырыбы: «Көктем
аруы»
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар,
аяулы аналар мен патша көңіл көрермендер. Көңілдерге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да
8-наурыз Халықаралық әйелдер
күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес. Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы
таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік
ертеңгілік аналарға, сымбатты қыздарымызға
арналады.
Аналар туралы өлеңдер
тыңдаймыз
1-оқушы:
Біз ғана емес, қадір тұтқан
бабалар,
Аналардан туған небір
даналар.
Ана деген тіршіліктің
тірегі
Армысыздар қасиетті
аналар.
2-оқушы
Қош келіпсіздер
қонақтар
Ақ жаулықты
аналар!
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін
шырқалар
3-оқушы
Ана – көркі
көгімнің
Ана – нұры
жерімнің
Ана – бағы
баланың
Мақтанышы
елімнің
Мұғалім: Құрметті жиналған
қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы » атты арулар сайысына қош
келдіңіздер.
«Көктем аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті
ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар
сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің
алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз
сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал
бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір
көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде
сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік,
өнерпаз білейікші,
Аруы деп
мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға
сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1. Алимжанова Малика
2. Сапаева
Сабрина
3. Балташева
Ойдин
4. Амангельдиева
Айғаным
5. Оралбаева
Лутфия
6. Таджибаева
Суғдиена
Мұғалім: Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сайысымыздың
кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Сәлемдесу
Өзін -өзі таныстыру.
2. Мәнерлеп
оқу
3. «Адасқан
әріптер»
4. Қолөнер
5. Өз өнерін
көрсету
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер
алады да , кезекпен өздерін
таныстырады.
I кезең. Сәлемдесу Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II Мәнерлеп
оқу
Ал,
кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
(
әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең.
«Адасқан
әріптер» (сөздерді үш тілде
айту)
Жас
ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
Рызуан – Наурыз – Март
–Martch
Наамыш –Анашым-Мамочка
– Mother
Лүг – Гүл – Цветок -
Flower
Ысотба – Отбасы – Семья –
Family
Кешебйәш – Бәйшешек –
Подснежник – snow-drop
Жеә – Әже – Бабушка -
Grandmother
( әділқазылар алқасының
бағаларын білу)
IV кезең. Қолөнер
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V кезең. Өз өнерін
көрсету
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын
білу)
Мұғалім: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,
құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі,
өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей
отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Тәрбие жұмыстар
бойынша
директор орынбасары : Қ.
Юнусов
Дайындаған: А.
Нарметова
«Иқан» жалпы орта
мектебі
Байкау
Тақырыбы «Көктем
аруы»
Сыныбы 4
«Ә»
Мұғалім А.
Нарметова
2017 оқу
жылы