Материалдар / Байқау практикасы

Байқау практикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Байқау практикасы Мұнайлы ауданы 8 орта мектеп Аяпбергенов Бекзат 7-8 сынып. Дене шынықтыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2023
192
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»





















Курстық жұмыс



Тақырыбы:«Туристік жорық-дене шынықтыру құралы»



















Орындаған:Аяпбергенов Бекзат

Тексерген: Айтжанова Гульмира













Мазмұны





Кіріспе...................................................................................................................3

Негізгі бөлім:

І- тарау. Туристік жорық-дене шынықтыру құралы...................................4

Қауіпсіздік ережелері....................................................................................4

Туристік жорық бағдарламасын құру жане құрал жабдықтар..............7


ІІ- тарау. Туристік жорық кезінде дене шынықтыру негіздері.................13

2.1. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы...............................13

2.2. Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары............................15


Қорытынды..........................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................25

























Кіріспе

Туристік жорық, туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік түрлеріне, бағытына, мысалы, жаяу немесе шаңғымен жүру, таулы өңірге саяхат, сумен, велосипедпен , автомашинамен жүруге арналған саяхаттар, спелеожорықтар, сонымен қатар белгілі қиындық дәрежелері бойынша саяхат жасау. Туристік жорықтың басқапардан айырмашылығы - табиғи кедергілерден міндетті түрде өту сипатына қатысты. ҚР-сы аумағында туристік жорықтарын ұйымдастырудың ережесі. ҚР-ның туристік және спорт миннистрлігінің 29.07.93 ж. N 6-2 бұйрығына сейкес бекітілген. Қазақстан аумағында спорттық және көпшілікке арналған жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырудың тәртібі бар.

Туристік жорықтар-адамдар үшін қолайлы формаларының бірі.Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру,өткізу жағынан,материалдық шығындар жағынан тиімді.Туристік жорықтарды кез келген дерлік уақытта(туризмнің жорықтарға байланысты жеке түрлері бойынша)және кез келген жерлерде жүргізе беруге болады.
Туристік жорық дегеніміз алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут бойынша,әр түрлі танымдық,сауықтыру,спорттық,оқу жаттығу үшін т.б.мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар.Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір немесе екі күндік және көп күндік болып,туризмнің түрлеріне және қозғалыс түрлері мен құралдарына байланысты жаяу,шаңғы,тау,су,вело-,автомато- және спелео –(үңгір) жорықтары болып бөлінеді.Көп күндік жорықтар категориялық спорттық және категориялық емес болып ажыратылады.Категориялық жорықтардың туризмнің жеке түрлері бойынша кестесі төмендегідей.Бұл кесте жеке категорияларға қажетті ұзақтық(күнмен есептелінгендегі)жеке ұзындық(км-мен есептелінгендегі) көрсетілген.
Туристік жорықтардың ерекшеліктері-оларды кемінде 4-6адамнан тұратын туристік топтың қатысуы.Туристік топ құрамы,туристер саны жорық түріне,өткізіліп отырған ауданға,маршруттың күрделілігіне байланысты.Жорықтарға байланысты екінші ерекшелік түрлі табиғи кедергілерден өту қажеттілігі. Кедергілер сипаты туризмнің жеке түрлерімен(жаяу,тау,велосипед,су туризмі т.б.)анықталады.Жорықтарды өткізуге ауа-райы жағдайлары әсер етеді.Туризмнің жеке түрлері бойынша жорық өткізу үшін өткізілгелі отырған ауданның табиғи ерекшеліктері бойынша белгілі-бір қолайлы мерзім таңдалып алынады.



І- тарау. Туристік жорық-дене шынықтыру құралы

Қауіпсіздік ережелері


Туристік саяхатта қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру. Ал туризмде қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастрыруға келетін болсақ, бұл негізгі мәселелнің бірі. Қауіпсіздікті дұрыс ұйымдастыру, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз – ол жорық алдындағы топтың физикалық дайындығын тиімді өткізіп, алдын ала шаралар ұйымдастыру.  Ондай шараларға жарыстарды ұймдастыру, туристерді жорықтарға даярлау және түрлі жорықтарды өткізу жатады. Қауіп – қатерлер себептеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

1-топ – табиғи ерекшеліктері;

2-топ – материалдық – техникалық қамтамасыздандыру қателіктері; 3-топ – саяхатты дұрыс ұйымдастыру; 4-топ – медициналық сауатсыздық, техникалық – тактикалық тәжірибенің жетіспеуі және тәртіптің сақталмауы.

Белсенді туризмнен айналысатын ұйымдар, бақылау құтқару топ болуы  қажет. Бақылау құтқару топтың міндеттері: осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды зерттеу; іздеу құтқару жұмыстарын өткізуге арналған құрал – жабдықтар әрқашан дайын болу керек; негізгі және көмекші топтарды дайындау; алдын –ала шаралар; іздеу – құтқару жұмыстарын өткізу; қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттан құтқару қызметіне беру.

Жорықты ұйымдастырған кезде алдын – алу шаралары:

а) туристің біліктілігін арттыру;

б) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғанынан кейн ғана топты жорыққа шығару;

с) туристің біліктілігін бақылау.

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері: маршрут туристің қабілетіне сәйкес келуі керек; алдын-ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін білген жөн; график, қозғалыс тәртібін әзірлеу; айындықсыз, акримитизациясыз жолға шықпау; алдын ала ауа рай болжамын біліп алу; өте қолайсыз табиғи жағдайда жолға шықпау; қараңғы уақытта тек қана жолды өте жақсы білгенде ғана жүру немесе құтқару жұмыстарын ұйымдастырған кезде жолға шығу; ұрал – жабдықтарды азық – түліктеді, туристің денсаулығын мұқият тексері қажет; жетекшісіз жолға шықпау; аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

Сонымен қатар жорық немесе қозғалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау ережелері бар. Мысалы, топпен журу; тәртіп сақтау; аса жылдам жүруге болмайды; бір – біріне көмек беру; жетекшінің рұқстанысыз жолды

қысқартпау; ең қауіпсіз жолды таңдау; спиртті ішімдіктер ішпеу; биік таулы аймақта әрбір турист күнне қорғайтын көзілдірігін алу; өзеннен өту тәртібін бұзбау; рюкзакті дұрыс жабдықтау сияқты.  Осындай қауіпсідік ережелерін сақтамау, неменсе жорық кезінде оларды білмеу көбіне қайғылы жағдайлар мен жарақаттарға әкеледі. Сондықтан ең бірінші мақсат-жорықты дұрыс ұйымдастыру. Бірақ белсенді туризмнің әр жеке түрінің жорық сипатына қарай қаупсіздік ережелері, талаптары мен нұсқаулары әртүрлі болғандықтан жоғарыдағы ережелер жалпы болып табылады. Ал белгіті туристік саяхат түрін таңдаған кезде арнайы дайындық жүргізіп, арнайы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастыру керек.

Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.

Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.

Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады.

Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800г қажет етіледі.

Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100г әртүрлі майлар қажет, қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.

Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс. Тамақ ағзаны әртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады.

Минералды тұздарды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады,

ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.

Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3л су қажет болады.

Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады.

Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн.Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде  суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5л сұйықтыққа есептеген дұрыс болады, жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.

Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.

Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды.

Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн.

Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қоысп берсе, ол адамды жылытады.

Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.

Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады














Туристік жорық бағдарламасын құру жане құрал-жабдықтар


Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.

Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.

Палаткалар.

Ұйқыға арналған қаптар(спальные мешки). «Нога».

Рюкзак.

Аяқ киім, киім.

Сақтандыру. Мұзшапқыштар. Айсбайль. Мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер(«айс-фифи»).

«Беседка».Грудная обвязка.

Кошки.Зажим, жумар. Күрек. Ракетница. Каска.Карабин.

Ремнабор.

Вуколов: приложение 9, 171 бет – жеке құрал-жабдықтар тізімі.

Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы(ЗСК) және шлем(каска).

Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығы – адамның бойына(см) оның салмағының жартысын(кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размр үлкен болу керек. Бахилы, ұзындығы 40 см. Жылы киім көп,

примустар, газ, стеклоткань.

Оммерциялық қиын емес треккинг(10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.

Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі арқан, 10м репшнур, 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница.

Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, ремнабор(приложение 11, 173 бет),безмен, сағат.
Ремнабор құрамы:

Сумка

Жеңіл пассатижи

Әртүрлі жұмсақ сым

Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

Қайрақ, үш қырлы егеу

Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка

«БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер

Тігін материал салатын қорапша

10. Түйреуіштер, рәзіңке
Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал.

Байдарка – жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы(уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір(каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын б. Қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі және қатты.

Қаңқалы байдарка(каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады.

Мысалы, 1-,2-,3 орынды «Таймень». Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.

Су слаломы үші каноэ қолданылады. Каноэ тегіс(ағаш діңі емесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ(Қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады.

Катамаран(«бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік к. – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының(поплавок) ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л.
Сал(плот) – бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді, ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек емесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став(корпус) алдыңға және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран түйдегі – честер. оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар.
Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, годоланың диаметрі 0,8, ұзыдығы 3,2м, кеме габариті 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады.

Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі(бросательный конец) жағалаудан сақтадыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады, қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.

Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

тізім жасау;

тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек(пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, тренировка орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және мадициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи ерекшеліктері;

топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен Т-Т дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Қар көшкіні.

Сел.

Ауа райы.

Улы өсімдіктер мен жануарлар.

Т, Т қателер.

Денсаулық.

Туризммен айналысатын ұйымда бақылау-құтқару отряды болу қажет(КСО). КСО міндеттері:

осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды жете зерттеу және білу;

іздеу-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған барлық жабдықтау мәңгі дайын болу керек;

негізгі және көмекші отряд мүшелерін үнемі даярлау;

алдын алу шаралары(кеңес, инструктаж, нұсқаулар, маршруттарды белгілеу, топтарды тексеру, т.б.);

іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу, зардап шеккендерге жәрдем беру;

қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттық-құтқару қызметіне беру.

Контрольдық пункттер мн мерзімдер.

Алдын алу шарал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ