400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Байқау: "Үздік тәрбиеші - 2018"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.

Қатысушылар: жас тәрбиешілер.


Жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар!

Бүгінгі тәрбиешілердің кәсіби деңгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Үздік тәрбиеші - 2018» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Тәрбиеші.... 
Осы сөзде қаншама ұлылық бар, 
Жүрегінде маздаған жылылық бар. 
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым 
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал. 
Жүректен өлең төгіп,қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға, 
Қошеметтеп асыл халқым қол соғыңдар, 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға!  - деп бүгінгі «Үздік тәрбиеші-2018» байқауына қатысқалы тұрған тәрбиешілерді ортаға шақырайық. Қол
соғып, қошемет көрсетейік!

Тәрбиешілер ортаға шығады. 

1. Жанабаева Айнагүл Амангелдіқызы

2. Жұмағали Жаңылсын Жұмағалиқызы

3. Саржигитова Асем Калиматовна

4. Изтурганова Рая Сансызбайқызы

5. Дүйсенғали Гүлзада Ихсанғалиқызы

6. Ермағанбетова Ақмарал Асқарқызы


Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып. 
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақша меңгерушісі Жумағалиева Разия Айтқалиқызы
2. Балабақша әдіскері Нысанова Балжан Ізтұрғанқызы


Байқаудың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

  1. Өзін-өзі таныстыру

«Менің портфолиом – педагогикалық бейнем» + (жаңашыл педагог сән үлгісі)


  1. Шығармашылық эссе (Менің мамандығым... Менің еңбек жолындағы арманым... Менің болашақ балабақшам... Менің болашақ тәрбиеленушілерім...)


  1. Понарамалық сабақ (слайдпен)



  1. Сауалнама (заңнамалар, мектепке дейінгі тәрбие, педагогика-психология)


  1. Ертегі кейіпкерлерін сомдау (жеребе арқылы)



  1. Қолөнер («Рухани жаңғыру» тақырыбында)



Жүргізуші сөзі:

Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған қазылар баршаңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.

  1. «Өзін өзі таныстыру. Менің портфолиом – педагогикалық бейнем» + (жаңашыл педагог сән үлгісі) Тәрбиешілер ортаға шығып өздерін таныстырып өтеді.

Ескертілетін жайт:

-         мазмұны;

-         Грация (жүріс-тұрысы);

-         Сөйлеу мәнері;

- Портфолио;

- Педагогикалық бейнесі (жаңашыл педагог сән үлгісі);


Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.

Жүргізуші сөзі:

  1. «Шығармашылық эссе» бөлімі бойынша тәрбиешілерді ортаға шақырамын.

  2. 3-бөлім «Понарамалық сабақ» (слайдпен). Тәрбиешілер дайын болса ортаға шақырамын.

  3. Жүргізуші: Педагогика және психологиялық теориясы, заңнамалар мен мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі білімдерін тексеруге арналған тестілеу. Тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Сайыскерлерге тест сұрақтары беріледі.

  • Рахмет, келесі сайысқа дайындала берулеріңізге рұқсат.

  1. Жүргізуші: Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Сондықтан ертегі кейіпкерлерін дұрыс сомдау, кейіпкерлердің рөліне ене білуді де меңгеруіміз қажет. Келесі бөлім «Ертегі кейіпкерлерін сомдау» (жеребе арқылы).

Тәрбиешілер жеребе арқылы ертегі кейіпкерлерін сомдайды.

  1. Жүргізуші: Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Ендеше осы тақырып төңірегінде тәрбиешілеріміздің жасаған қолөнерлерін тамашалайық!

Қолөнер: «Рухани жаңғыру»

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, білімді
Алғыр, тапқыр білейікші,
Әділқазы алқасына әділдікті,
Тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Тәрбиешілерге мадақтау грамотасы беріледі.

Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешілер мамандығымызды қадірлейік, атына кір келтірмейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тәмәмдаймыз.

Қош сау болыңыздар!!!



















КМҚК «Әсем» ясли бақшасы













Қайырымдылық шарасы:«Бар мейіріміміз балаларға!»







Психолог: Төребекова А.Қ.











Құлсары қаласы

2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2018
1495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12