400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Байқоңыр бекеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ міндеттері: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, жұптық, топтық жұмыс жүргізуге қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақ барысында қолдану,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерінің элементтерін қолдану арқылы қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, елін, жерін құрметтейтін, қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Байқоңыр» бекеті

Сабақ мақсаты: «Байқоңыр» бекеті туралы жалпы мағлұмат алу;

Сабақ міндеттері: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, жұптық, топтық жұмыс жүргізуге қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақ барысында қолдану,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерінің элементтерін қолдану арқылы қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, елін, жерін құрметтейтін, қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:


Жалпы «Алматы» метросы, «Байқоңыр», «Абай», «Райымбек батыр» бекеттері туралы мағлұмат алады;

Диалогтік қарым-қатынасқа түседі;

Мәтінді мазмұндай алады;

Сөздік қоры молаяды;

Топтық, жұптық жұмыс жүргізіп, өз ойларын жеткізе алады;

Сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере алады;

Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артады;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақ барысында ғаламтордан қажетті мәліметтер таба алады;

Көкірегі ояу, елін, жерін құрметтейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптасады.

Көрнекілік,техникалық құралдар: слайд, интербелсенді тақта, бағалау парақшалары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, ватман, бағдаршам салынған плакат.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі: Тілашар.Оқулық» 4-сынып Алматы: Көкжиек - Горизонт баспасы, 2015.




Сабақ барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері.

Жұмыс түрлерінің мазмұны.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер-ана!

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер-ана!

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

2минут

Топқа бөлу кезеңі.

Түрлі-түсті стикерлерді ұсыну арқылы топтарға бөлу.Сары түсті стикерді таңдаған оқушылар «Сұңқар» тобына, көк түсті стикерді таңдағандар «Тұлпар» тобына, қызыл түсті стикер таңдағандар «Қыран» тобына шоғырланады.


Оқушылар стикерлердің түсіне қарай топтарға бөлінеді.

1-топ «Сұңқар»

2-топ «Тұлпар»

3-топ «Қыран»




















2 минут

Топ жетекшісін тағайындау.

Мұғалім топ жетекшісін тағайындауды ұсынады.

Әр топтағы оқушылар топ жетекшісін тағайындайды.

2 минут

Топ жетекшілеріне бағалау парақшаларын тарату.

Мұғалім әр топ жетекшісіне бағалау парақшаларын таратады.

Топ жетекшілері бағалау критерийлерімен танысады.


6 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

«Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй жұмысын тексеру.

«Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй тапсырмасын пысықтайды.

Оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып,бір-біріне доп лақтыру арқылы сөздік қорын тексереді, диалог, мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауабын алады.

2 минут

Жаңа тақырып: «Байқоңыр» бекеті.

Ой қозғау. Балалар, біздің Қазақстан қалаларының ішінде қай қалада метро бар деп ойлайсыңдар? Кім сол метрода болды?

Оқушылар топтық жұмыс арқылы метро туралы білетін мәліметтерін ортаға салады,түсініктерін әңгімелейді,талдайды.


6 минут

Слайд-презентация.

Жаңа тақырып:

«Байқоңыр» бекеті слайд-презентация көрсету.

1.Алматы метросы.

2.Метро бекеттері.

3.Жаңа сөздер.

4.Сөзжұмбақ.

Оқушылар интербелсенді тақтадан бейноматериалды көріп, қай қала, қай метро екенін анықтайды. Жаңа сөздермен танысып, дауыстап қайталайды, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

5 минут

Оқулықпен жұмыс:

Жұптық, топтық жұмыс.


Мәтінді оқып, сұрақтар қою арқылы диалог құру.



Сұрақтарға жауап беру.Әр топ жетекшісі доп лақтыру арқылы басқа топ мүшелерінен қойылған сұрақтарына жауап алады.

2-тапсырма.

Жұптық жұмыс.Әр топтан бір жұп ортаға шығып сурет бойынша құрастырған әңгімелерін ортаға салады.

«Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы грамматикалық тапсырманы орындауын қадағалайды.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізеді. Сурет бойынша әңгіме құрайды. Ұқсас диалог құрастырады.

Әр топ жетекшісі қарама-қарсы топ мүшелеріне қарай кубикті лақтыру арқылы, оның алты қырына жазылған «Бекет», «Метро», «Бәйтерек» , «Қала», «Доп», «Саябақ» сөздері бар алты қырының бірі түссе, сол сөзді тәуелдеуді, септеуді талап етеді.


2 минут

Сергіту сәті.

«Төрт қадам алға, төрт қадам артқа» сергіту сәтін орындату.

Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен сергіту сәтін орындайды.

5 минут

Постер қорғау.

«Сұңқар» тобына «Байқоңыр бекеті» туралы, «Қыран» тобына « Абай» бекеті, «Тұлпар» тобына «Райымбек батыр» бекеті туралы ғаламтор арқылы ақпарат әзірлеп, постерді безендіріп, тақырыпты қорғау тапсырылады.

Әр топ мүшелері тапсырылған бекеттер бойынша ұялы телефондар, планшеттер арқылы ғаламтордан аталмыш бекеттер туралы ақпарат тауып, постерді түрлі-түсті маркерлермен безендіріп, ортаға шығып қорғайды.

5 минут

Дәптермен жұмыс.

3-тапсырмадағы сөздерді бір-бірінен ажыратып, сөйлемдер құрап жазу.Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу. «Менің сүйікті бекетім» тақырыбына шағын эссе жазуын қадағалау.

Оқушылар дәптерлеріне тапсырмаларды орындайды.

3 минут

Бекіту.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін жүзеге асыру барысында интербелсенді тақта арқылы сөзжұмбақтар шешу, сөздердің аудармасын табу тапсырмалары беріледі.

Оқушылар интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақты шешеді, сөздердің аудармасын сәйкестендіреді.

2 минут

Кері байланыс.

Оқушылардың пікірлерінің жазылуын қадағалайды.

«Бағдаршам» әдісін қолдану арқылы оқушылар тілектерін жазып, «Бағдаршам» салынған плакатқа жабыстырады.

2 минут

Үй тапсырмасы.

73-бет, мәтінді мазмұндау, сөздік жаттау, мәтін бойынша диалог құру.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тақырыпқа байланысты метро бекеттерінің суреттері













Сабақты өзіндік талдау.

Мұғалім: Қадырова У.Т

Аталмыш ашық сабақ 4 «Б» сыныбында өткізілді. Топта -13 оқушы бар. Тақырыпқа байланысты сабақтың мақсаты мен міндеттері: «Байқоңыр» бекеті туралы жалпы мағлұмат алу; ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, жұптық, топтық жұмы, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерінің элементтерін қолдану арқылы қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, елін, жерін құрметтейтін, қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу болды.

Сабақ алдын ала құрылған жоспар бойынша ретімен өтті. Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырды. Әсіресе, топ арасында берілген тапсырмаларды (постер жасау, сөздерден сөйлем құру, сурет салу, суретке түсінік беру, сөздерді бір-бірінен ажыратып, сөйлемдер құрап жазу) қызыға әрі жарыса орындап отырды. Логикалық ойлаулары тез.

Сабақта қолданылған сөзмоншақ, СТО технологиясы, жеке, жұптық, топтық жұмыс, қар кесегі,т.б әдіс-тәсілдер тақырыпты меңгертуде өте ұтымды болды деп ойлаймын.

Сабақ барысында оқушылар бір-біріне дұрыс сұрақ қоя білу тәртібін, қателерін түзетуді, пікір алмасуды , өз ойын айта білуге қосымша машықтана, шыңдала түсті.

Бірін бірі бағалау да оқушылардың еркін ойлау, өз пікірлерін жеткізіп айта білулеріне көп әсер етті деп ойлаймын.



Сабақтың қорытынды бөлігі де қызықты әрі ұтымды өтті. Ол кезеңде сыни тұрғыдан ойлау модулін жүзеге асыру барысында интербелсенді тақта арқылы сөзжұмбақтар шешу, сөздердің аудармасын табу тапсырмалары берілді. Оқушылар белсенділік танытты. Нәтижесінде 4 оқушы «5», 6 оқушы «4», 2 оқущы «3» деп бағаланды. Әр бағаға түсінік беріліп қойылды. Оқушылар өз бағаларымен келісті.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
813
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі