Материалдар / Байқоңыр қалалық сотының судьясы медиация туралы дәріс жүргізді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Байқоңыр қалалық сотының судьясы медиация туралы дәріс жүргізді

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие саласына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2020
320
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байқоңыр қалалық сотының судьясы

медиация туралы дәріс жүргізді


24 қаңтар күні «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесі білім алушыларының құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында Байқоңыр қалалық сотымен 2 жақты келісілген Өзара Ынтымақтастық жөніндегі Меморандум негізінде «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы» тақырыбында дәріс болып өтті. Дәрісті Байқоңыр қалалық сотының судьясы Изтелеуова Асыл Алпысбаевна өткізіп, білім алушыларға «Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққанын, үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі екенін айта келе Медиация – негізінен азаматтық, оның ішінде білім, денсаулық саласында, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылалатынын түсіндірді. Жүргізудің қағидаттарының қатарында еріктілік; құпиялық; өзара сыйласушылық;тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы бар. Басты мақсаты қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы кінәлілер мен кінәсіздер ұғымы туындамайды. Заң бұзған адамды бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Яғни мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеуге мүдделі. Оңтайлы тұсы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде.

Байқоңыр қалалық сотының маманы Алтыруова Малика білім алушыларды заңға қатысты мәселе туындап, сұрақтары болса қалалық сотқа келулеріңізге болады, құқықтық кеңес беруге дайынбыз деп ықыласын білдірді.

Директордың тәрбие ісі орынбасары Алимбаева Н.К. жас ұрпаққа қандай да бір кикілжің болған жағдайда оны мәдениетті реттеу жолын және олардың өздері шешуге баулу үшін бәсекелі біліммен қатар тағылымды ұлттық тәрбие беруді дарыту арқылы адами құндылықтарды сіңірудің маңыздылығын айта келе колледж білім алушыларына дәріс өткізген Байқоңыр қалалық сотының қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Алимбаева Н.К.

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» директорының тәрбие ісі орынбасары



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!