400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Байқоңыр қаласының экологиясын және топырағын зерттеу.273 орта мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Байқоңыр қаласының экологиясын және топырағын зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Байқоңыр аймағының экологиялық-географиялық коды: Су, Топырақ және

Өлкетану үндестігі»



Негізгі мақсат:

Байқоңыр аймағының табиғи ерекшеліктерін (қызыл топырағы мен су ресурстарын) ғылыми тұрғыдан зерттей отырып, өңірдің топонимикалық тарихы арқылы жастардың экологиялық санасы мен патриотизмді қалыптастыру.



«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.

Жер,су,ауа,-адам баласының ұрпағынан ұрпағына

мұра болып келе жатқан мол қазына.....»

Ыбырай Жақаев.


№273 мектеп ұжымы «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» байқауы аясында өз тәжірибесін ұсынады.

Мектебіміз «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, оқушылардың экологиялық бастамаларын тұрақты түрде қолдап келеді. Табиғатты қорғауды басты құндылық санайтын білім ұйымы ретінде, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сауаттылық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған жүйелі де кешенді жұмыстарымызды назарларыңызға ұсынамыз.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында оқушылардың эко-бастамаларын қолдап, табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Бағытымыз: Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыруға арналған жүйелі де кешенді жобалар.

Жалпы Қазақстанның төрт облысы экологиялық апатты жағдайдағы аймақ ретінде танылған. Экологиялық апат аймағына - Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарының кейбір өңірлері жатқызылған. Олар қауіптілігі бойынша арнайы деңгейлерге бөлінеді.

Экологиялық дағдарыс аймағына - Қызылорда және Байқоңыр қаласы, соның ішінде оның әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендер, Арал және Қазалы аудандарынан басқа Қызылорда облысының өңірлері жатқызылады.

Бүгінгі байқауға біз өз өңіріміздің экологиялық дағдарысы туралы және ол дағдарыстан қалай арылуға болатын жобамызды назарларыңызға ұсынбақпыз.

2024 оқу жылынан бастап “ Байқоныр-Космоград” және 2025 оқу жылынан ба стап “ Су және білім” жобасымен жұмыс жүргізіліп келеді. Екі жоба да «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылуда.


№ 1 презентация


І. “ Байқоныр-Космоград” жобасы.

«Байқоңыр «Космоград» пилоттық жобасы аясындағы мектептің зерттеу тақырыбы:

«Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық жағдайын ГАЖ (геоақпараттық жүйе) технологияларын пайдалана отырып, сандық және сапалық зерттеу»

  • Мақсаты:

  • 1.Білім алушылардың жаратылыстану – математикалық сауттылығын арттыру

  • 2. Оқушыларға өз өлкесінің топонимикасын,тарихы мен мәдени мұрасын,пайдалы қазбаларын зерттеуге мотивацияны қалыптастыру

  • 3. Топырақ жамылғысы және қызыл топырақтың географиялық таралуы, топырақты оңтайлы пайдалану, оның құнарлылығын арттыру.География бойынша сыныптан тыс жұмыстың нысаны ретінде өлкетану жұмысын іске асыру,зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • 4.Оқушылардың өлкетану жұмысына,өз өлкесін зерттеуге көп көңіл бөлуге қызықтыру.

  • 5. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын, білімнің қызықтыратын салаларындағы білім деңгейі мен эрудициясын жетілдіру.

  • 6. Өлкетануды оқу жоба әдісімен және ақпараттық технологиялармен біріктіру.

  • 7. Географиялық білім берудегі оқушылардың теориялық білімі мен олардың практикалық қолданылуы арасындағы алшақтықты жою, география, химия, биология, физика пәндерінде зертханалық.практикалық жұмыстарды геоақпараттық технологиямен біріктіру.

  • 8. Экономикалық даму: «Космоград» жобасы арқылы Байқоңыр қаласында туризмді дамыту, ғылыми зертханалар және тағы да басқа өндірістік нысандардың ашылуына ықпал ету.


№2 презентация


Байқоңыр «Космоград» пилоттық жобасы аясындағы мектептің жұмыс бағыты:

І. Байқоңыр қаласының ландшафтысын анықтау .

ІІ. Байқоңыр қаласының геологиялық құрылымы мен

тектоникасын анықтау.

ІІІ. Байқоңыр қаласын ГАЖ технологиясымен

зерттеу және аймақтың экологиялық

мониторинг бақылау жүйелерін жасау.

ІҮ.Экспедициялық жұмыс

Ү. Зертханалық және зерттеу жұмыстары


2024-2025 оқу жылы аралығынан бері «Байқоңыр ғарыш айлағын ГАЖ технологиясымен зерттеу»тақырыбындағы 1-11 сынып аралығында жоба барысындағы жұмыс жоспары бекітіліп дәріс,практикалық,зертханалық жұмыстар ұйымдастырылуда.

Тақырыбы

Сыныбы

Өтілу түрі

Мерзімі

Жауапты

Байқоңыр қаласының ландшафтысы.

 

1

Байқоңыр қаласының ландшафтысымен танысу

1-4

Дәріс сабақ

қыркүйек

А.Коптлеуова

2

 

Байқоңыр қаласының табиғатындағы маңызды компоненттер.

Дәріс сабақ

қыркүйек


3

Жоралғылық бұйымдарды топырақтан жасау.

Практикалық сабақ

Қыркүйек-

мамыр

4

Жоралғылық бұйымдарды іске асыру мақсатында туризмді дамыту

Практикалық сабақ

Қыркүйек-мамыр

Байқоңыр қаласының геологиялық құрылымы мен тектоникасы

 

1

Байқоңыр қаласының агроклиматтық жағдайын зерттеу.

5-8

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс

Қыркүйек- мамыр

К.Исаханова

2

Ө.У.Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтына саяхат жасау,Байқоңыр қаласының топырағының құрамын зерттету

Саяхат сабақ,

зертханалық жұмыс

Қыркүйек-қараша


3

Топырақты қолдан құнарландыру,милорациялау.

Зертханалық жұмыс

Қазан-мамыр

Байқоңыр қаласын ГАЖ технологиясымен зерттеу және аймақтың экологиялық мониторинг бақылау жүйелерін жасау.

 

 

1

«Жергілікті таным» қолданбалы курсын оқу бағдарламасына енгізу арқылы ГАЖ мобильді технологиясымен Байқоңыр ғарыш айлағын зерттеу.

9-11

Дәріс .

Практикалық сабақ

Қыркүйек-мамыр

Б.Отегенова

2

Білімалушыларды жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру,мамандық таңдауға бейімдеу.

Дәріс

 қыркүйек- мамыр


3

Өндірісте топырақты пайдаға асыру

Практикалық сабақ

Желтоқсан-наурыз

4

ЖОО-мен Байқоңыр мектептері арасында бірлесе жұмыс істеу бағытында әріптестік орнату .

Ғылыми дәрежелі оқытушылардан дәріс алу,ғылыми- практикалық конференциялар ұйымдастыру.

Дәріс.

Желтоқсан-мамыр



Зерттеу жұмысының ғылыми жетекшісі : Исаков Ерлан Дүйсенбекұлы-Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетің аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы.


Зерттеу жұмысын бастау барысында мектеп директоры Ш.М.Шингисова және география пәнінің мұғалімі Г.Исаханова Алматы қаласындағы «Ө.Ө. ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС СЫНАҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫНА Байқоңыр қаласының аймағындағы қызыл топырақты зерттеу және құрамын анықтау үшін жеткізген болатынбыз.

Лаборатория сынақ нәтижесі алынды.










ИСПЫТАТЕЛЬНАЯ ЛАБОРАТОРИЯ

ТОО «КАЗАХСКИЙ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ИНСТИТУТ ПОЧВОВЕДЕНИЯ И АГРОХИМИИ ИМЕНИ У.У. УСПАНОВА»

Юридический адрес: Казахстан, г. Алматы,

пр. Аль-Фараби 75 В, тел.: 8(727) 269-47-42; факс: 8(727) 269-47-33

Свидетельство №15 об оценке состояния измерений в лаборатории от 9.03.2023 г.

Действителен до 9 марта 2026 г.

 

ПРОТОКОЛ

ЛАБОРАТОРНЫХ ИСПЫТАНИЙ

От 13 ноября 2024 г.

1. Наименование предприятия, организации (заявитель):

2. Юридический адрес: Республика Казахстан

3. Наименование образца (пробы), дата изготовления: почва

4. Место отбора: Кызылординская область,Кармакшинский район

5. Условия отбора, доставки

Дата и время отбора: 22.10.2024 г.;

Условия доставки: соответствует НД;

Доставлен в ИЛ: 30.10.2024 г.

Проба отобрана в соответствии с ГОСТ 17.4.4.02-2017 «Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельминтологического анализа»

6. Средства измерений:


№ п/п

Вид анализа

Метод

1

Общий гумус, %

СТ РК 3477-2019, Тюрина

2

Валовой азот, %

ГОСТ 26107-84

3

Валовой фосфор, %

ГОСТ 26261-84

4

Валовой калий, %

ГОСТ 26261-84

5

Легкогидролизуемый азот, мг/кг

Тюрина-Кононовой

6

Подвижный фосфор (Р2О5), мг/кг

ГОСТ-26205-91

7

Подвижный калий (К2О), мг/кг

ГОСТ-26205-91

8

рН (водный)

ГОСТ-26423-85

9

Водная вытяжка

ГОСТ26423-85-26428-85


1. Результаты агрохимического анализа почвы

Агрохимические показатели


№ п/п

Определяемые показатели

Общий

Гумус,

%

Подвижные

рН

Азот

Мг/кг

Фосфор

Мг/кг

Калий

Мг/кг

1

0,56

19,6

18

280

7,19



Заведующая сектора ИЛ Рахимова А.М

 

Протокол распечатан 13.11.2024 г. Результаты относятся к образцам (пробам), прошедшие испытания

Настоящий протокол не может быть частично воспроизведен, без письменного разрешения ИЛ

 







Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының қорытындысы бойынша белгілі болды. Осы зерттеу барысында жергілікті топырақтың құнарлығы 2024 жылғы,13 қараша айында алынған зертхананың хаттамасына сәйкес белгілі болды. .Лабораториялық зерттеу барысында құмның құрамында Темір (III) оксиді, алюминий оксиді көп мөлшерде екені анықталды.Ал,кремний оксидінің SiO2 мөлшері едәуір аз екені анықталды.


Қызыл топырақтың физикалық-химиялық көрсеткішін талдау

№

Көрсеткіштер мен параметрлер

ҮлгіҚТ-01

ҮлгіҚТ-02

Норма/Салыстырмалы көрсеткіш

Зерттеу әдісі/ құралдары

1

рН деңгейі

8.2-8.5

7.4-7.6

6.5-7.5 (оңтайлы)

рН –метр/Индикаторы

2

Ылғалдылық (%)

4-6%

12-15%

15-20%

Кептіру және салмақ өлшеу

3

Тұздылығы

Жоғары ЭК-4dS/m

Төмен/орташа

төмен

Электр өткізгіштік

4

Темір оксидтерінің

(Fe2 О 3) белгілері

Анық байқалады (қызыл)

орташа

Аймақтық ерекшелік

Сапалық химиялық реакция%

5

Қарашірік (Гумус) мөлшері

Өте төмен 1%

Орташа 1.5-2%

3% құнарлы

Тотығу-тотықсыздану әдісі


Осы қорытындыға сәйкес қызыл топырақтың қандай жерлерде және не себептен түсі өзгеретінін оқушылар зерттеді.Анықталғаны, жалпы қоңыр (қызыл қоңыр) топырақтар — табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Олар тез пісетін. Азықтық, әсіресе жемісті дақылдар үшін егіншіліке кең пайдаланылады. Ал жазда құрғакшылықта қосымша суарған жағдайда бұл топырақта егілетін дақылдар өнімі арта түседі.

ТМД елдерінде бұл топырақтар негізінен таулы аудандардың құрғақ шөпті-орманды және сирек орманды жерлерінде кездеседі екен.

Бұл зонаға негізінен Жерорта теңізі аймағына тән климат, яғни ылғалды, жылы қыс, құрғақ, жазы ыстық, ал қар жамылғысы өте аз немесе тіпті жоқ. Сонымен қысы мен жазының гидротермикалык режимдері әрқалай. Қысы ылғалды, әрі жылы мерзімде алғашқы минералдар белсеңді түрде үгіліп, балшықты гидрослюдалы монтмориллонитті-илитті құрамды екінші минералдар түзіледі екен.

Демек, бұл жерлерге егін егіп дақылдарды шығаруға оңтайлы деген шешіммен зертханалық жұмыстар жасалды.

Енді осы алынған лабораториялық хаттамаға сәйкес біз зерттеу жұмысын бастаған болатынбыз.


1 тәжірибе:

Темір (III) оксиді, алюминий оксиді көп мөлшерде болғаны жергілікті шыны шығаруға зерттеу барысында анықталды. Шыны шығару үшін құмның құрамына Темір (III) оксиді, алюминий және кремний диоксидінің SiO2,натрий карбонат,кальций карбонат қосылу керек.Біз осы құрамның ішінде Темір (III) оксиді және алюминий оксидін қолданбай қорытындысында шыны шығардық.

Шыны шығару үшін топырақты кварц топырағына айналдырдық.Кварц топырағы құм сағатына да қолдануға болатындығы естеріңізге сала кетейін.

2 тәжірибе:

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімдер аясында Байқоңыр кешенінің 2 мың гектардан астам жердің «жарамсыз» деп танылуы оны ауыл шаруашылығы немесе тұрғын үй салу мақсатында пайдалануға қауіпті екенін білдіреді. Бұл жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) үшін өте үлкен қаражат пен ұзақ уақыт қажет екені баршамызға белгілі.

Осы орайда, топырағын пайдаланып, құнарландырып,суарып,өсімдіктерді өсіруді қалай қолға алса болады деген ой келді.

Негізі қызыл топырақ Қызыл топырақ (ферралитті топырақ) әдетте ылғалды тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездеседі,түсі қызыл немесе сарғыш келеді. Бұл топырақ құнарлылығы жағынан орташа, бірақ тиісті күтім мен климат болса, көптеген дақылдар жақсы өседі.

Шай: Қызыл топырақтың қышқылдығы шай бұталары үшін өте қолайлы (мысалы, Қытай, Үндістан, Грузияның кейбір аймақтары).

Кофе: Тропиктік таулы аймақтардағы қызыл топырақ кофе ағаштарына жақсы қоректену береді.

Цитрустық жемістер: Лимон, мандарин және апельсин ағаштары мұндай жерде жақсы тамыр жаяды.

Мақта: Жылу мен ылғал жеткілікті болса, қызыл топырақта мақта өсіруге болады.

Міне,осы мақсатта қызыл топыраққа басқа да дақылдарды егіп,өсіріп көру процестері зерттелу үстінде.

3 тәжірибе:

Қызыл кірпіштің құрамы қандай?

Қызыл кірпіш шығару үшін топырақты пайдалансақ не болады? Деген сауал туындады.

Қызыл кірпіш — бұл табиғи материалдардан жасалған, құрылыста ең көп қолданылатын берік бұйым. Оның сапасы мен түсі тікелей химиялық және минералдық құрамына байланысты.

Негізгі құрамын келесідей болады:

1. Негізгі шикізат: Балшық (Глина)

Кірпіштің 80-90%-ы балшықтан тұрады. Бірақ кез келген балшық жарай бермейді; оның құрамында пластикалық қасиет беретін минералдар (каолинит, иллит) болуы шарт.

2. Химиялық қоспалар мен минералдар

Балшықтың ішіндегі элементтер кірпіштің беріктігі мен түсіне жауап береді:

Кремнезем (Құм) — \bm{SiO_2}: Шамамен 50-60%. Ол кірпіштің кепкен кезде жарылып кетпеуін және пішінін сақтауын қамтамасыз етеді.

Глинозем — \bm{Al_2O_3}: Шамамен 20-30%. Кірпіштің отқа төзімділігі мен беріктігін арттырады.

Темір тотығы — \bm{Fe_2O_3}: Шамамен 5-7%. Дәл осы компонент кірпішке өзіне тән қызыл түс береді. Егер темір аз болса, кірпіш сарғыш немесе ақшыл болады.

Әктас (Известь) — \bm{CaCO_3}: Өте аз мөлшерде (2-5%) болуы керек. Егер әктас тым көп болса, кірпіш тез үгітіліп кетеді.

Магнезия: Кірпішке сәл сарғыш реңк беріп, оның шөгуін азайтады.

Осы құрамдар арқылы біз кірпіш шығардық.Бұл кірпішті құрылысқа,көпфункционалды материалдар есебінде де пайдалана алады.


4 тәжірибе:

Байқоңыр топырағы — жай ғана жер емес, ол адамзат баласының шексіздікке жасаған алғашқы қадамының куәгері. Бұл жердің «құнды жәдігер» ретінде бағалануының бірнеше терең себебі бар

  • Космосқа алғашқы жол ашылды

  • Экваторға жақын

  • Ашық кеңістік

  • Шетелдік қонақтар мен ғарышкерлер үшін Байқоңыр — «ғарыш айлағы» ғана емес, бұл — адам мүмкіндігінің шексіздігін білдіретін киелі орын деп түсінеміз.

Сондықтан да,киелі топырақтан жоралғылық бұйымдар жасауды жөн көрдік.Туристтер келген сәтте осы Байқоңыр топырағынан жасалған бұйымдарды естелікке алып кетеді деп ұйғардық.(балшық-саздан жасалған бұйымдар)

Адамзат тарихы табиғат тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен табиғаттың дәстүрлі өзара әрекетінің салдары үлкен экологиялық мәселеге айналуда. Адам қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын экологиялық тәрбиені мектеп жасынан бастау қажет

Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу – күрделі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді игеру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.

Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін, экологиялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын тұлғаның жеке жан дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтер мен мәдениеттанушылар айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қазан
57
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі