Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бактериялар, саңырауқұлақтар жасушасының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін; Прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметін үйренесіңдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 5


«Келісілді»

Колледж әдіскері

____ Г. Жаутикова

15 Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2023 жылғы " "

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Биологиялық диктант», «Wordwall.net» әдісі, «Миға шабуыл» сұрақтар

Пәнаралық байланыс: Молекулалық биология

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін сипаттау.

Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылымдық компонентерінің органоидтерін талдау.

Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының қызметтерін жинақтау

Тәрбиелік:

-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

-ой өрісін кеңейту:

-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас ортата білу;

-«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2. Күтілетін нәтижелер

Бактериялар, саңырауқұлақтар жасушасының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін;

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметін үйренесіңдер.

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер


Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін «Wordwall.net” әдісімен биологиялық диктант арқылы тексеріледі.

1.Цитоплазма – жасушның негізін құрайтын .....................,оның түпнегізін .....................түзеді.

Цитоплазма .............және ................ органоидтен тұрады.

Эндоплазмалық торды алғаш рет ..........америкалық ғалым биолог .......тапқан.

Цитоплазманың жасушадағы ролі қандай?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасы. Жасуша қабықшасының негізін қанттар, нәруыздар, майлар, сол сияқты хитин құрайды. Дегенмен саңырауқұлақтар жасуша қабықшасы құрамының алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Олар целлюлозды-хитинді, хитінді- глюконатты болуы мүмкін. Оларда құрамы маниоза, глюкоза, галактозадан түратын гетерополимер болады. Жасуша қабықшасының негізгі компоненттерінің бірі хитин (құрамында азот болатын, күшті сілтілік ерітіндіде ерімейтін заттар). Кейбір саңырауқұлақтарда ол қабықшаның құрғақ салмағының 60%-тін құрайды.

Протопласт. Жасуша қабықшасынан протопласт плазмолемма арқылы бөлінген (плазмолемма липидтер мен поруыздардан түратын мембрана). Олардың негізгі қызметі жасушаға сыртқы ортадан ерітінділердің түсуін және керісінше шығуын реттеу. Заттардың жасушаға түсуі АТФ түріндегі энергияны шығындаумен жүретін активті немесе пассивті болуы мүмкін. Протопласта ядро мен цитоплазманы ажыратады. Цитоплазманың құрамына гиалоплазмамен байланысқан алуан түрлі органоидтер (митохондрия, эндоплазмалық тор, рибосома т.б.) кіреді. Рибосомалар, негізінен, цитоплазмада орналасады, эндо плазмалық ретикулум анық көрінбейді. Митохондриялары өсімдік митохондрияларына үқсайды, бірақ кристалары қабысқан немесе табақ төрізді. Диктиосомалар (Гольджи денесі) іс жүзінде кездеспейді. Диктиосоманың орнына оларда эндоплазмалық ретикулум жинақталады. Саңырауқүлақ жасушаларындағы протопластардың ерекшелігінің бірі - цитоплазмалық мембранасының маңында губка тәрізді электрондық- түссіз денешік ломасом болады, олардың атқаратын қызметі толық анықталмаған (77-сурет).

Ядро. Көптеген саңырауқұлақтарда ядроның мөлшері онша үлкен болмайды. Ядро қос мембранамен қоршалған, дөңгелек, созылған пішінді болып келеді. Жасуша орталығында, немесе жасуша қабықшасына жақын, немесе аралықта орналасады. Гиф жасушаларында бір не- месе бірнеше ядро болады. Ядроның негізгі қызметі ДНҚ репликациясы және генетикалық ақпараттарды цитоплазмаға РНҚ арқылы тасымалдау. Саңырауқүлақтардың ядро аппаратының ерекшелігі қос ядроның (дикариондардың) (л + п) болуы, яғни жасуша цито плазмаларының қосылуынан ядролардың қосарлануы. Ядролардың тағы бір ерекшелігі бір жасушадан келесі жасушаға жылжып ауысу қабілетінің болуы.

Вакуольдер. Протопластан тонопласт мембранасы арқылы шектеледі. Жас жасушада вакуольдер ұсақ болады. Біртіндеп олар өзара қосылып ірі вакуоль түзеді. Вакуольдерде коллоидті күйдегі полифосфаттар, түрлі қоректік заттар болады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар мен зооспораларда жиырылып, қайта қалпына келетін ерекше жиырылғыш вакуольдері болады.

Талшықтар. Хитридиомикоталар (саңырауқұлақтар) бөлімі өкілде рінің талшықтары болады. Олар зооспоралар мен гаметалардың қозғалуына көмектеседі. Олардың талшықтары құрылысы жағынан бактерия талшықтарынан ерекшеленеді. Ортасында екі жеке, ал шеттерінде тоғыз қос жіпшелер (фибриллалар) болады.

Бактерия жасушалары қүрылысының ерекшеліктері. Негізгі оpганеллалары мен олардың қызметтері (78-сурет).

І. Бактериялардың басқа жасушалардан айырмашылығы:

1. Бактериялар прокариоттарға жатады, олардың жеке ядролары болмайды.

2. Бактерия жасушасы қабықшасының құрамында ерекше пепти- муреин болады.

догликан 3. Бактерия жасушасында Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, митохондрия болмайды.

4. Митохондриялардың қызметін мезасомалар атқарады. 5. Бактерия жасушасында рибосомалар көп болады.

5. Бактерия жасушасында рибосомалар көп болады.

6. Бактерияларда арнайы қозғалыс органеллалары болуы мүмкін.

7. Бактериялардың мөлшері 0,3-0,5-тен 5-10 мкм-ге дейін ауытқиды.


ІІ. Қосымша құрылымдары:

а) споралар;

в) капсулалар;

б) бүрлер;

в) талшықтар.

Бактерия споралары қолайсыз жағдай туындаганда түзіледі. Бак- терия жасушасы тығыз қорғаныш қабықпен қапталады. Бактерия капсулалары қабықтың айналасында түзілетін шырышты қүрылым. Тосқауыл қызметін атқарады, кейде қоректік қор заттарын сақтайды. Бүл барлық бактерияларда бола бермейді. Талшықтар жүзіп және сырғып жүретін бактериялардың қозғалыс органоиді.

Цитоплазма нуклеоид, рибосома, мезосома, қосындылар сияқты органеллалардың қүрамына кіретін судан (75%), минералды қосылыс- тардан, нәруыздардан, РНҚ және ДНҚ-дан түратын күрделі коллоидті жүйе болып табылады.

Нуклеоид жасуша цитоплазмасында шашыраңқы орналасқан ядро заты. Ядро мембранасы, ядрошығы болмайды. Онда шиыршықталған қос тізбекті ДНҚ орналасады. Әдетте, ол сақина түзіп, цитоплазмалық мембранаға бекінеді. Шамамен 60 млн жүп негізден түрады. Бүл құрамында гистон нәруыздары жоқ таза ДНҚ. Олардың қорғаныш қызметін метилді азотты негіздер атқарады. Нуклеоидтерде негізгі генетикалық ақпараттар, жасуша геномы кодталған.

Цитоплазмада нуклеоидтермен қатар, молекулалық массасы төмен автономды сақиналы ДНҚ молекулалары плазмидтер болады. Оларда да тұқым қуалау ақпараттары кодталады, бірақ олар бактерия жасушасының тіршілігі үшін аса маңызды болып табылмайды.

Рибосомалар 30 8 және 50 Ѕ екі суббірліктен қүралған мөлшері 20 нм рибонуклеопротеиндік бөлшектер болып табылады. Рибосомалар нәруыз синтезіне жауапты. Нәруыз синтезі алдында екі суббірлік бірігеді. Эукариоттардың жасушаларынан айырмашылығы бактериялардың жасушаларындағы рибосомалары эндоплазмалық торда бекініп орна- ласпайды.

Мезосомалар цитоплазмалық мембраналардың туындылары болып табылады. Мезосомалар мембранада шоғырланған түрде (концентрлен- ген) немесе көпіршіктер, түтікшелер, ілмектер түрінде болуы мүмкін. Мезосомалар нуклеоидтермен байланысқан. Олар жасушаның бөлінуі мен спора түзілуіне қатысады.

Қосындылар микроорганизмдердің зат алмасуы нәтижесінде пай- да болған өнім болып табылады. Олар цитоплазмада жиналады және қоректік заттар қоры ретінде қолданылады. Оларға гликоген, крахмал, күкірт, полифосфат сияқты қосындылар жатады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.


Миға шабуыл сұрақтар

1. Саңырауқұлақ жасуша қабығының құрылысының ерекшелігін сипаттаңдар.

2. Саңырауқұлақ, жасушасындағы вакуольдің рөлі қандай?

3. Қандай саңырауқұлақтарда жіпшелер болады және олардың рөлі қандай? 4. Саңырауқұлақ жасушасы құрылысының ерекшелігі неде?

5. Бактерияда қосымша қандай органеллалар бар? Олар қандай қызмет атқарады?

6. Бактерия жасушасындағы цитоплазманың маңызы қандай?

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

Тапсырма: «Саңырауқұлақ және бактерия жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы» кестесін дәптерге сызып толтырыңдар.

Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 124-128 беттер

Жасушалар

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Саңырауқұлақтар



Бактериялар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі