Бактерия
Бактериялар
барлық тіршілік ортасын игерен.
Бактериялар 4 миллиард жыл бұрын пайда
болған. Жер бетіндегі ең алғашқы тірі
ағзалар болып саналады. Олар атмосферада,
литосфера, гидросфера, адам, жануар және
өсімдіктер организмдерінде кездеседі.
Бактерия сөзі грек тілінен алынып
«бактерион » - таяқша деген мағына береді
екен.
Бактерияның
ашылу тарихы:
Бактерияды
алғашқы болып голландиялық Антон
Левенгук
ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып
көрсететін микроскопты пайдаланып,
олардың клеткалары 0,1 ден 10мкм ге дейін,
өте ұсақ болатындығын анықтаған.
1870
– 1880 жылдар аралығында француз ғалымы
Луи
Пастер
ағзаларда ауру тудыратын , тағамдарды
бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін
тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың
кейбір түрлерінің ауасыз ортада
тіршілігін жалғастыратынын көрсетіп
, микробиология ғылымының дамуына
орасан зор үлес қосты.
Бактерияның
түрлері:
Ционабактерия-
грек тілінен алынып «цианос» - көк, «
бактерион» - таяқша дегенді білдіреді.
Бұлардың жасуша құрылысы бактерияға
ұқсастау болып келеді. Бактериялар
пішініне қарай 4 түрге бөлінеді
Таяқша
- бацилла
Шар
- коккалар
Үтір
-
вибрион
Оралма
–
спирал тәрізді болады.
Бактериялардың
көп түрлерінің даму кезеңі қарапайым
. Бір клеткасы екіге бөлінеді. Әр қайсысы
аналық клетканың мөлшеріне жеткенде
қайтадан бөлінеді, яғни әр бір 20-30 минут
өткен сайын бөлініп отырады. Бактерияда
қор заттары – полисахаридтер, майлар,
күкіреттер, поллифосфаттар болады.
Бактерияның
қоректенуі:
Басқа
ағзалар сияқты оларда қоршаған ортадан
азықтанып, сіңіру арқылы қоректенеді.
Жасушаға енген қоректі заттардың бір
бөлігі цитоплазманың құрамына енеді.
Екінші бөлігі энергиялы қор заттарын
құрайды. Табиғатта бактерияларға
қорек болмайтын зат жоқ десекте болады.
Олар кез келген заттармен қоректене
береді.
Бактериялардың
пайдалы жақтары:
Бактериялардың
халық шаруашылығында да маңызы зор.
Оны өте ертеден – ақ нан пісіру, ірімшік
жасау, сүт тағамдарын ашыту , тері илеу
үшін пайдаланған. Ашыту бактериялары
сүттің құрамындағы лактозаны сүт
қышқылына айналдырады. Өндірісте сірке
қышқылы , амин қышқылдар, ферментер
бактериялардың қатысуымен алынады.
Ауыл шаруашылығына қажетті көптеген
дәрі – дәрмектер өндіріледі.
Шіріту
бактериялары- біздің ғаламшарымыздың
тазалаушылары ( санитары ) десекте
болады. Себебі, олар өсімдіктердің
қалдықтарымен жануарлардың өлекселеріндегі
күрделі органикалық заттарды ыдыратып,
қарашіріктің (гумус ) түзілуіне себепші
болады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге
қорек дайындайды, яғни топырақтағы
қарашірікті минералды заттарға
айналдырады. Ал онымен өсімдіктер
қоректенеді.
Бактериялармен
күресу шаралары :
-
кептіру ;
-
пастеринизациялау ( сүтті және басқа
азықтарды 60 – 70 С та 10 – 15 минут
аралығында бір реет қыздырып консервілеу);
-
стерилизациялау (100 С – тан асатын
температурада 20 минут аралығында немесе
отта, буда ұстау);
-
суыту (үсіту), бүл әдіс бактериялар
тіршілігін бір жола жоймайды , бірақ
тіршілік әрекетін тоқтатады;
-
консервілеу ( тұзбен);
-ультракүлгін
сәулемен зарарсыздандыру;
-ауру
тұғызатын бактерияларды құрту үшін
дезинфекциялау.
Мен
бактерия тақырыбында эссе жазған
себебім бактериялар мен үшін өте қызықты
тақырып. Бактериялардың адам үшін тек
қана зияны емес, сондай – ақ пайдасы
бар екенінде айтқым келді. Мысалы үшін
біз күнделікті жеп жүрген нанымыздың
ашытқы арқылы жасалу процесінде дрожж
бактериясының
маңызы зор. Олар туралы біз барлық
мағлуматтарды ғалымдардың іс жүзінде
дәлел дегені арқылы біле аламыз.Біздің
денемізде, оның мыңдаған түрлері тіршілік
етеді. Бактериялар адам өмірінің бастапқы
кезеңінде, иммунитетті қалыптастыруға
көмектеседі.
Бактерияларды тек қана микроскоптың
көмегімен көруге болады. Себебі, олардың
көлемі өте кішкентай. Микроскапенде
150-270 есеге дейін ұлғайтып көруге болады.