400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактреиялардың таралуы. З.Ж №11

Материал туралы қысқаша түсінік
7 СЫНЫП
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Микробиология және биотехнология

Педагогтің аты–жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. З.Ж №11

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.3.1 – бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Бактериялар түрлерімен танысып, формаларының әртүрлілігін сипаттау, таралуын анықтау


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс–әрекеті


Оқушының іс–әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу.

  • Түгендеу.

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру жүзеге асырылады.



Сабақ барысында оқушы өзін бағалап отыруы үшін, оқушыларға бағалау парақтары беріледі.







Берілген смайликтерді көрсетеді. Көңіл-күйлері туралы ақпарат береді.




Бағалау парақтары таратылады


Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген назарын бұру.


Тиімділігі: оқушылардың жаңа сабақ алдындағы көңіл-күйін анықтау.


Саралау: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

«Микроскоп» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады


Презентация, қол смайликтері






Бағалау парақтары


Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин















Үй тапсырмасын еске түсіру. «Ормандағы жануарлар» ойыны ойнатылады.

  1. Онтогенездің қанша типі ажыратылады? 2

  2. Толық түрленіп дамитын жануар түрін көрсет? Көбелек

  3. Басаяқты ұлуларға тән даму типі? Тура даму

  4. Шала түрленіп дамитын жануарды көрсет? Бақа

  5. Тура емес даму қандай жануарларға тән? Паразит құрттар

  6. Толық түрленіп дамитын жәндіктер? Қоңыз, көбелек, шыбын маса.

  7. Шала түрленіп дамитын жәндіктер? Дәуіт, шегіртке, тарақан

  8. Өсімдіктерде эмбриогенез немен аяқталады? Ұрықтың өсуімен

  9. Генеративтіге дейінгі саты қалай аталады? Жас өсімдік сатысы

  10. Өсімдіктердің қызметін тоқтату сатысы? Қартаю

Оқушылар презентацияда берілген квест сұрақтарын шешеді.





Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату.


Саралау: Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.


Тиімділігі: Алдында өтілген тақырыпқа шолу жүргізіледі.


ҚБ «Өте жақсы», «жақсы» «Талпын» мұғалім тарапынан бағалау

Презентация








Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

12 мин



Бейнематериал ұсыну.

Бейнематериалдан не көрдіңдер?

Бейнематериал мазмұнына сипаттама айтыңыздар?

Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?



Оқушылар бейнематериалды көру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады. Өз ойларымен бөлісіп, ортаға салады.

Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен бөлісу, ақпаратты анализдей алу.



Бейнематериал

Ұжымдық жұмыс


5 мин

Тапсырма 1. Әр топқа 3 түрлі тапсырма беріледі. Тапсырманы топта талқылап, сыныпқа түсіндіреді.

1 топ. «Модельдеу» әдісі. Берілген ермексазды пайдаланып, бактериялардың формаларын жасап, түсіндіру.



2 топ. «Arloopa» платформасы арқылы берілген бейнені сипаттау. Қандай бактериялардың формалары бейнеленген? Олар қалай таралады?

Shape1

3 топ. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы бактериялардың формаларын сипаттау. Түрлерін ажырату. Салыстыру.



Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. 1 топ ермексазбен модельдейді, 2 топ 3 Д платформасында түсіндіреді, 3 топ суреттерді сөйлетеді.

Бактериялар пішіні түрліше болады:

  • шартәрізділер коккалар;

  • таяқша тәрізділер — бациллалар;

  • үтіртәрізділер — вибриондар;

  • оралмаланған — спириллалар.

Шартәрізді бактериялар:

  • бір-бірден орналасса- коккалар,

  • екіден орналасса – диплококкалар;

  • төртеуден -  тетракоккалар;

  • тізбектеліп орналасса – стрептококкалар,

  • жүзім салқымы тәрізді болса — стафилококкалар


Дескрипторы:

  • Бактериялар түрлерімен танысты;

  • Формаларын сипаттады;

  • Салыстыра алады.


«Микроскоп» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады

Жалпы– 4 балл


Мақсаты: Білім алушы өз ойын талдайды және сараптайды, ойлау логикасын дамытады.


Постер

Ермексаз

Ұялы телефон бағалау парақтары







Жұптық жұмыс

4 мин


Тапсырма 2. Жұптық жұмыс.

Санмен көрсетілген бактерия құрылысының бөліктерін (кем дегенде жетеу) жазыңыз және формасын анықтаңыз?

1.............................................................

2..............................................................

3..............................................................

4..............................................................5.............................................................6.............................................................7.............................................................8..............................................................9.............................................................

Жауабы:

1.Пили...................................................

2.Плазмида.........................................

3.Рибосома............................................

4.Цитоплазма

5.Плазмалемма....................................

6.Мембрана...........................................7.Капсула..............................................8.Талшық..............................................

9.Нуклеоид (тұйықталған ДНҚ).



Жұппен жұмыс орындайды.

Бактерияның құрылысын сипаттайды, формасын айтады


Дескриптор:

  • - Бактериялардың құрамдас бөліктерін атай алады:

  • -формасын сипаттай алады.



«Микроскоп» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады


Жалпы– 2 балл

Презентация



Жеке жұмыс

2мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Зертханалық жұмыс №11 «Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру»

Мақсаты: таяқша тәрізді бактерия «пішен таяқшасының пішінін зерттеу»

Бейнематериалдан пішен таяқшасының сыртқы құрылысын сипаттауға арналған жұмыс барысын көру.

Жұмыс барысы:

1.Бір –екі апта бұрын өсірілген пішен таяқшасы културасы.

2. Заттық шыныға 1 тамшы су тамызыңдар.

3. Пішен таяқшасының бетінен кілегейден сапты инемен бір тамшы алыңыз.

4. Бактериясы бар тамшыны заттық шыны үстіне жағыңыз.

5. Жабын әйнегімен жабыңыз.

6. Микроскопта жарықты баптап уақытша препаратты қараңыз.

7. Өзіңіздің көрген пішен таяқшасын сипаттап,дәптерге суретін салыңыз.

Түйнек бактериялары. Кейбір бактериялар ауадағы азотты сіңіреді, топырақты азот қосылыстарымен байытады(оған түйнек бактериялар жатады). Олар беде,жоңышқа,соя сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен себесіп тіршілік етеді.

Оқулықтағы берілген кестені толтырып,қорытынды жасау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12.05.2024
228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі