Материалдар / Бакылау мен басшылык
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бакылау мен басшылык

Материал туралы қысқаша түсінік
Бакылау мен басшылык жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2024
202
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Басшылық және бақылау


Мақсаты: Педагогикалық ұжымды басқару әдісімен стилін жүзеге асыру,бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу-тәрбие процесін нақты талдауды қамтамасыз ету.

Осы бөлімді жоспарлау барысында балабақша педагогтарының қызметін бақылау үшін төмендегі бақылау түрлерін қолдануға болады.

Олар: Фронтальді

Тақырыптық.

Салыстырмалы.

Ескерту.

Бақылаудың басты міндеті: ол педагогтарға дер кезінде көмек беру, қателіктерін түзету және алдын алу, озат педагогикалық шеберлікті шолу және тарату болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде инспекторлық тексеру ұсыныстарына, педагогикалық кеңес шешімдеріне, балабақша бұйрықтарына, бағдарламаның барлық бөлімдерінің орындалуына бақылау және басқарудың жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлу керек. Топтарда балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, мектеппен байланыс, қауіпсіздік техника және еңбекті қорғау, жарақаттанудың алдын алу жұмысы үшін жағдай жасау керек.

Жоспарда бір топтың жұмысына фронтальді тексеру (қажеттілік бойынша) қарастыру керек болса онда бұл бақылау 1 күнге немесе бірнеше күнге созылуы мүмкін.Мұндай тексеру тәрбиешінің топпен және әрбір баламен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, балаларды не қызықтыратынын, бағдармалық материалды қалай меңгергенін, балалардың дағдысы мен танымының деңгейін, тәрбиешінің балаларды қабылдауын, ата-аналармен қарым-қатынасын, ҰОІӘ-ін өткізу шеберлігін, балалардың ойыны мен еңбегін қалай басқаруын, күн тәртібінің сақталуын, балалардың өмірі мен көңіл сергітуін ұйымдастыруын бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тәрбиешінің жұмысындағы қиыншылық туғызатын мәселелеріне керекті көмек беруді қамтамасыз етеді. Фронтальді тексерудің қорытындысы педагогикалық кеңесте немесе өндірістік кеңесте қаралады.

Тақырыптық бақылау мектепке дейінгі мекемелерде кең тараған бақылаудың түрі. Бұл бағдарламада көрсетілген белгілі бір тақырыптың шеңберіндегі тәрбиешінің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.Педагоги калық шеберлігі жоғары жұмыс істейтін топтарда тақырыптық тексеру озық тәжірибиені үйрену мақсатында жүргізіліп, таратылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде салыстырмалы бақылау ерекше орын алады.Бұл бақылау - екі тәрбиешінің жұмыс іс-әрекетін салыстырмалы түрде тексерумен ерекшеленеді.Салыстырмалы тексеру екі параллель топта өткізіледі.Бағдарламалық материалдардың топтардағы балалардың меңгеруін, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің дамуын, ҰОІӘ-дегі балалардың өз алдына жұмыс істеу қабілетін, тәрбиешінің балаларды оқыту әдістемесін салыстырады.Бұл тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады.Бақылау тәрбиешінің жұмысын, іс-құжаттарын тексеру бойынша жүргізілуі мүмкін.Тәрбиешілер мен әдіскер екі деңгейде өткізіліп жатқан жұмыстардың ең тиімді түрін бірлесе қабылдайды.Бақылаудың бұл түрі алдыңғы қатарлы іс-тәжірибиелерді есепке алуға және оқу тәрбие процесінің жақсаруына әкеп соғады.

Жас тәрбиешілер жұмыс істейтін топтарда ескерту бақылауы жүргізіледі. Ол тәрбиешілердің іс-әрекетіне бақылау түрінде немесе тәрбиешілермен әңгіме түрінде жүргізіледі. Педагогтың жұмыс күніне дайындығы, озық іс-тәжірибені енгізуі, оқу тәрбие әдісін меңгеруі ескерту бақылауының негізі.Салыстырмалы бақылаудың ең басты мақсаты- педагог жұмысының қателіктердің алдын алу, жұмысын жандандыру.


Жүйелі бақылау

Күнделікті бақылауды талап ететін мәселелер:

1.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықтың орындалуы.

2.Оқу-тәрбие процесі, балалардың білім, іскерлік және дағды деңгейі.

3.Балалардың медициналық байқау нәтижелері.

4.Күн тәртібінде сауықтыру шараларын өткізу.

5.Балабақша және мектеп байланыс жұмысы мәселелері.

6.Балабақша педагогтарының іскерлігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру.

7.Ұжымда дұрыс психологиялық жағдай туғызу.

8.Ата-аналармен жұмыс жүйесі.

9.Ішкі күн тәртібі ережелерін сақтау.

10.Қауіпсіздік техникасы.

11.Мүліктің сақталуы.

12.Материалдық базаны нығайту.


Айына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер.

1.Ауруды талдау

2.Тамақтану нормаларын орындау.

3.Балалардың келу жоспарын орындау.

4.Балалардың бос уақыттарын дене шынықтыру, көңіл сергітулермен өткізу.

5.Топтар бойынша құжаттар жағдайы.Балалардың сурет салу және қол еңбектері жұмыстарын талдау.

6.Педкеңес шешімдерін орындау.

7.Есеп беруге жауапты қызмеркерлердің құжаттары мен есептері.

8.Азық-түлік қалдықтарын тексеру

9.Байқау, сайыс қорытындыларын жүргізу.


Тоқсанына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер

1.Әдістемелік бірлестік жұмысына қатысу.

2.Балалар ауруларын талдау.

3.Денсаулық күндерін өткізу.

4.Топтарда ата-аналар жиналыстарын өткізу деңгейі.

5.Тоқсандағы бағдарламаның орындалуы.( педагогикалық ұжым шешімі бойынша)


Шұғыл бақылауға арналған мәселелер.

1.Таңғы гимнастика және күндізгі ұйқыдан кейінгі жаттығуларды дайындау, өткізу және тиімділігі.

2.Шынықтыру түрлері, оларды тиімді үйлестіру.

3.Балалардың күн кестесіндегі қозғалыс белсенділігі.

4.Үстел басында мәдениетті ұстау дағдыларын талдау

5.Қоғамдық орындарда балалардың өзін ұстау дағдыларын бағалау (балалармен әңгімелесу және олардың ата-аналарымен сауалнама жүргізу қорытындылары бойынша).

БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ

Міндеттері: Әрбір қызметкердің қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындауы үшін, дер кезінде балабақшадағы жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктерді байқап, жойып отыру. Педагаогтардың жұмыс әдістерін үйрене отырып, оларды бағыттап отыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау.



Мерзімі



Мазмұны


Мақсаты


Тексеру түрі


Әдістері


Бақылайтын

қызметкер


Қайда қаралады

Ескерту

Қыркүйек

Жаңа оқу жылына дайындақ

Жаңа оқу жылына сапалы дайындық

фронтальды

Бакылау

талдау

Меңгеруші

Әдіскер

М/бике

Шаруа қожасы

Кастелянша

Педкеңес



1,2 кіші топтардағы мәдени-гигиеналық дағдылар

Мәдени гигиеналық дағдыларды қалыптастыру


Салыстырмалы

Бакылау

талдау

Әдіскер

М/бике


Меңгеруші жанындағы кеңес



Топтағы санитарлық гигиеналық тәртіптің жай-күйі.

Күтушілер мен тәрбиеші көмекшілері жұмысы,топтағы санитарлық – гигиеналық тәртіптің орындалуы

Ескерту

Бакылау

талдау

Меңгеруші

м/бике


Меңгеруші жанындағы кеңес


қазан

Балаларды салауатты өмір салтына үйрету

Күн тәртібіндегі дене, шынықтыру шараларының орындалуы

Шұғыл

бақылау

талдау

Меңгеруші

Әдіскер



педкеңес



Б/бақша территориясы

Территорияның тазалығын сақтау, күл-қоқыстарды уақытылы шығару.

Ескерту

бақылау

талдау

Шаруа қожасы














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!