400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бал арасының тіршілігі және оның емдік қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "Бал арасының тіршілігі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ





Тақырыбы: Бал арасының тіршілігі және оның емдік қасиеттері



Орындаған: Алтайбеков Алинұр

5«в» сынып оқушысы

Жетекшілері: Тусыпова А.Т.

Насилова Ш.О.







Өскемен қаласы 2019 жыл

Мазмұны:


1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

    2.1.  Балдың шығу тарихы жайында.

   2.2. Балдың түрлері.

   2.3. Балдың құрамы.

   2.4. Балдың жасалу жолдары.

   2.5. Дәрігерлер кеңесі.

   2.6. Балдың қолданылуы.

2.7. Тіршілігі


3. Біздің зерттеу жұмысымыз

 

   3.1.Биология кабинетінде

3.2.Химия кабинетінде

3.3.Дәрігермен кездесу

3.4.Балдың қолданылуын зерттеу

3.5.Ауылдағы омарташымен кездесу

3.6.Сауалнама нәтижесі

4. Қорытынды


 5. Қолданылған әдебиеттер

 


















Кіріспе

Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғатты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , бал арасының тіршілігі қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Бал арасы – тіршілік » деп алдым.

Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын. Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі - балды қолданады. Анам балды сүтке қосып ішкізеді. Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады? Оның тарихы қайдан бастау алады? Аралар оны қалай жасайды?» Менің ойымша бал - бұл тәтті тағам деп есептеймін. Бірақ менің сыныптас досым Гүлім ,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:

«Бал- жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат.»

Осы  анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.


Біздің жобамыздың басты мақсаты– балдың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.


Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  • Балдың пайда болу тарихымен танысу;

  • Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрену;

  • Әдебиеттерден керекті материалдарды таба білуге,

  • онымен жұмыс істей алуға үйрену;

  • Бал арасының табиғаттағы маңызын, тіршілік ерекшеліктерін анықтау;

  • Балдың пайда болу тарихымен танысу;

  • Балдың құрамын оқып-білу;

  • Балдың түрлерін анықтап білу;

  • Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.

  • Жиналған мәліметтерді салыстыру, талдау, сыныптастарыммен бөлісу;

  • Сыныптыстарымның арасында сауалнама жүргізу;


Өзектілігі:

Бізді қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз оп-оңай жетеді. Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қонып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара... Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Ғалымдар аса еңбекқор аралар әлемінің сырларын терең зерттеген сайын жаратылыс құпияларына тәнті бола түсуде. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек...






Зерттеу  нысаны– адам

Зерттеу заты- бал

Зерттеудің өзектілігі- біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

 Зерттеудің болжамы-егер біз бал  жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.

  Зерттеу әдістері

– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

2.Негізгі бөлім:

2.1.Балдың шығу тарихы

Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.

Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің  Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы  тастарда бейнеленіп,сақталған екен.

Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында  3000  жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.

Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.

Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.

Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.

Ресейде бал жайлы 945 жылдың  Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,

қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80  пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

 

2.2.Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

 

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

 

2.3. Балдың құрамы

Балдың құрамы мен қуаты

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты. Бал – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжын, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал тек өсімдіктің бір түрінен жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қара құмық балы, жөке ағашының балы тағы басқа) қарай атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы тағы басқа) әр түрлі атайды

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды. Бал – қуаты жоғары тамақтық азық. Бал адам организімін дәрумендермен белокпен тағы басқа тіршілікке қажетті заттармен байытады. 

Балдың емдік қасетті:

Сондай ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Балды емдік мақсатта қолану кезінде шырын, жеміс – жидектермен бірге қолданған дұрыс. Ересектердің диетасына 60 – 100 гр бал енгізуге болады. Ас ішерде 2 сағат бұрын немесе астан кейін 3 сағатан кейн қолдану керек. Балдан косметика, дәрі - дәрмек дайындайды.

Арадан алынатын: ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.

Балдың пайдасы: 

Жүрек – қантамыр жолдарын емдегенде;

Бауыр, бүйрек, асқазанды емдегенде;

Микроэлементтерге бай;

Көздің сауығуына;

Организімнің зат алмасуын реттейді;

Күйіктер мен жарақат көздерін емдеу кезінде;

Гастрит, язваны емдегенде;

Тыныс алу огандарының жұмысын қалпына келтіреді;

Ифекциялық ауру түрлерінің алдын алуға септігін тигізеді.

Біздің ғасырымызға дейінгі заманда Мысырда балаларға күн сайын бал беріліпті. Өйткені бал жеген баланың ақыл – ойы жүйрік, есте сақтау қабілеті жақсы болатынын сол кезде – ақ білген. Мұндай тәжірибені қазір елімізде Омарташылар ұлттық одағы Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп жүргізуде. Шығы Қазақстан облысының көптеген мектеп оқушыларына күн сайын бал беріледі. Сол үшін ара шаруашылығын қарқынды дамыту қажет деп ойлаймыз.



Нәтижесінде балды үнемі пайдаланатын – 68 оқушы 40%, анда – санда пайдаланатын – 73 оқушы 43%, мүлдем пайдаланбайтын – 26 оқушы 17% екені анықталды. Сондықтан біз балаларға мынадай кеңес ұсынамыз. Егер балалар балды күнделікті пайдалансаңдар денсаулықтарың мықты, есте сақтау қабілеттерің жақсы дамиды. Ара тұқымдары бір-біріне сыртқы түрі, мінез-құлқы мен шаруашылыққа пайдалы қасиеттерімен ажыратылады.

Негізгі кең тараған тұқымдарына орман арасы, украин арасы, кавказ арасы жатады. Орман арасы орманды солтүстік өңірде өсіріледі. Олар украина арасынан үлкен, түсі қаралау болып келеді. Балауыз ұяшықтарын аппақ балмен жабады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарда өсіріледі. Орманды араларға қарағанда түсі ақшылдау тұмсығы ұзын, гүл тозаңдарын жинауға епті келеді. Балауыз ұяшықтарын оларда орман аралары сияқты аппақ балмен жабады. Оларға түтінсіз және арнайы жасалған тор маскасыз жақындау қиын. Кавказ арасы Қап тауының баурайында өсіріледі. Оларды түсіне қарай сары, таулық сұр, абхаз арасы және солтүстік Кавказ арасы деп төрт топқа бөледі. Бұл аралардың тұмсығы ұзын. Сондықтан басқалармен салыстырғанда олар Кавказда кең тараған қызыл жоңышқаны жақсы пайдаланады, ал адамдарды сақтайтындықтан олармен түтінсіз және арнаулы тор маскасыз жұмыс істеуге болады.

Араның көбеюі, жұмыс қабілеті мен өмірінің ұзақтығы.Аралар тек қана үлкен әулет болып тіршілік етеді. Көктемде бір қалыпты ара әулеті омартада ондаған мың жұмысшы арадан және аналық арадан құрылатын бір әулеттен тұрады. Жұмысшы ара мен аналық ара ұрғашылары, ал еркектері трунти деп аталады. Олар әулетте көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Мұның бәрі еркек аралар тек қана жас аналық араларды ұрықтандыру үшін қажет екенін көрсетеді.

Омарта тұрғындары бір әулет болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі. Аналық ара – ең ірісі және оның сыртқы көрінісі ерекше болады. Ол жұмысшы арадан екі есеге жуық ұзын (20-25 мм), салмағы – 230-280 мг. Аралар ұрғашы арасыз тіршілік ете алмайды. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді. Ара шаруашылығында аналық аралар көктем – күз маусымдарында 100-200 жұмыртқа салады да, олардың жалпы күйі нашарлайды. Алайда, жасы ұлғайған сайын тұқым тарату қабілеті азая береді.

Көп уақытқа дейін ара әулетінің барлық тіршілігі ұрғашы ара басқарады деген түсінім басым болып келді. Әр жануар сезім мүшелері арқылы сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жұмысшы ара және ұрғашы мен еркек аралардың барлық мүшелерінің гармониялық қызметін орталық, шеткі және симпатиялық жүйке жүйелері басқарады. Симпатиялық жүйке жүйесі мидың маңындағы маңдай түйіншегі мен басталады да, ас қорыту, қан айналу және тыныс алу мүшелеріне тарайтын аз ғана жүйке түйіншектерінен тұрады. Мидың төменгі жағы екі иіссезгіш бөліктерінен тұрады. Аралардың иіс сезу мүшелері мұрттарында немесе антенналарында орналасқан. Әрбір мұртында 500 мыңнан астам иіс сезетін сыңалаушалар бар.

Омартаға кіретін алаңшадағы күзетші аралар ұшып келген аралардың өз тұрғындары, не бөтен екеніне иісінен біледі. Араның екі күрделі, үш қарапайым – барлығы бес көзі бар. Аралар аса сезімтал, дәм айырғыш болады. Олар дыбысты, әсіресе темір жаңғырығын жақсы сезінеді. Олардың есту мүшелері алдыңғы сирағында орналасқан. Тәжірибелер арқасында барлаушы аралар өздерінің биімен омартадағы араларға тапқан тәтті нәр немесе тозаңдардың сапасы жайлы емес, сол табылған олжаларға барар жолдың қашықтығын хабарлайды.

Жаңа байқауға сәйкес барлаушы аралар «айналма» биін билегенде тәтті шырын жақын жерден екенін, ал «шайқалама» биін билегенде қашықта екенін хабарлайды. Олардың қарым-қатынас жасауы иіс сезу арқылы болады. Ұрғашы аралар бірнеше жыл, кейде 5 жылға дейін тіршілік етеді. Ал еркек аралардың тіршілігі 4 айға ғана жетеді. Аранаң денесі қатты қабыршақпен қапталған. Денесі үш бөліктен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Жабайы аралар өздерінің ұяларын ағаштың қуысында, үңгірлерге салады. Ал қолда өсірілетін аралар ұяларын омартада рамкада салады да, олардың балауыз ұяшықтары бірдей болады.

Аралар балауыз құрылысының бәрін түнде жасайды. Демек, оларға құрылыс кезінде көздің қажеті жоқ. Өйткені олардың сезім мүшелері жақсы дамыған. Аралардың бір қалыпты тіршілігі тек ағзадағы дұрыс зат алмасу негізінде ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу және зәр шығару мүшелері жәрдемімен жүзеге асады. Ара мүшелерінің ішінде ас қорыту мүшелерінің құрылысы ерекше. Ас қорыту мүшелерін каналмен бездер жүйесіне бөледі. Аралардың сілекей бездері, ұрпақ өсіруімен бірге тәтті шырынды балға айналдыруға негізделген. Бездің ара тіршілігінде алатын орны ерекше.

Араларда арнайытұйық қан айналу жүйесі болмайды. Оның негізгі қан айналдыру мүшесі– қарыннан басына қарай қан жүгіртіп тұратын арқасындағы камералары – жүрек. Камераның бүйірінде тесік болады, сол кеңейгенде жүрекке қан сұйылады. Аралар жүрегі отырғанда минутына 65-70 рет, қозғалып жүргенде 100 рет, ал ұшқанда 150 рет соғады. Араның тыныс алуын тыныс орталығы реттеп отырады. Сөйтіп, ара ағзасындағы оттегі мен көмір қышқыл газының мөлшеріне қарай тыныс татқыш ашылып жабылып тұрады. Зат алмасу кезінде араның денесінде керек емес және зиянды заттар жиналады. Осы заттар араның денесінен екі мүше арқылы, мальпигиев сауыты мен май денелері арқылы сыртқа шығады. Соған орай оны әулет патшасы деп атады.

Қазір ара әулетінің тіршілігін ғылыми тұрғыдан бақылап, жоғарыда айтылған пікірдің керісінше екені дәлелденді. Аналық араның әулеттегі негізгі міндеті тек жұмыртқа салумен шектеледі. Еркек ара жұмысшы аралардан ірірек те, ұрғашы арадан кішілеу, денесінің ұзындығы – 15-17мм, салмағы – 200мг.Олардың көздері шодырайған, басы үлкен, кеудесі қуатты. Себебі, аяқтары мен қанаттарын қозғалысқа келтіретін кеудесінде орналасқан бұлшық еттері жуан, құрсағы қысқа келген, жұмыс істеуге ешқандай мүшесі бейімделмеген.Сондықтан олар әулетте ешқандай жұмыс істемейді.

Еркек аралар өз беттерімен қорек тауып жей алмайды, сондықтан олар жұмысшы аралардың есебінен күн көреді. Сөйтіп, араларжұмысшы аралар дайындаған балмен қоректенеді. Еркек аралардың шағатын піспегі болмағандықтан, олар өзін-өзі қорғай да алмайды. Оның негізгі міндеті – ұрықтанбаған араны ұрықтандыру. Омартаның негізін қалайтын – жұмысшыаралар. Көлемі жағынан ара әулетінің ішіндегі ең кішісі – жұмысшы аралар. Олардың денесінің ұзындығы – 12-15мм, салмағы – 90 мг.

Жұмысшы ара дегеніміз – көбею мүшелері толық жетілмеген ұрғашы аралар. Жұмысшы аралар ұрғашы бола тұра, ара әулетінің тіршілігін қамтамасыз ете алмайды. Аралар жасының ұзақтығы олардың қорегінің сапасы менжасаған жұмыстарының мөлшеріне тікелей байланысты. Жаз айында жұмыртқадан шыққан аралар онша ұзақ тіршілік ете алмайды. Олар бар болғаны 35-37 күн ғана тіршілік етеді. Өйткені,олар тыным таппай, гүл тозаңдарын, тәтті шырын дайындаумен қажып,шаршайды.

Ара әулетінің тіршілігіндегі қызықты бір мәселе –олардың көбеюі. Ол екі процестен тұрады: біріншісі – жеке аралардың көбеюі,екіншісі – әулеттік көбеюі. Ұрғашы араның көбеюі жыныс мүшелері құрсаққа орналасқан.Олар оң жақ және сол жақ екі жұмыртқадан,екі жұп,бір дара жұмыртқа өткізгіштен,тұқым қабылдағыштан тұрады. Аралар омартадан тыс,ауада ұшып жүріп ұрықтанады және басқа әулеттің еркек арасымен шағылысуы ықтимал.Еркек араның көбеюі жыныс мүшелері аталық екі ұрық безінен тұрады. Ұрық безінде тұқым жасушалары –сперматозоидтер пайда болады.Ұрықтану кезінде еркек араның жыныс мүшесі қатты жабысып қалады да,еркек ара сол жерде өледі,ал ұрғашы ара оны құрсағынан жұлып алып,өз бағытында ұшып кетеді.

Жұмысшы араның көбею жыныс мүшелері ұрғашы аралардікіне ұқсас. Бар айырмашылығы –жетілмеген және тұқым қабылдағыштың тек жұрнағы ғана қалған. Олардың жыныс мүшелері шағылысу жағынан бейімделмеген.Сондықтан ұрықтанбаған жұмыртқа салады,ал олардан тек қана еркек аралар шығады.

Аралардың дернәсілінде көз де,аяқ та жоқ. Сол себепті ол қараңғы жерде жатып алып, даяр қорекпен қоректенеді. Дернәсілдің ең жақсы жетілген мүшесі – асқорыту мүшесі. Дернәсілден кейін қуыршақтану мерзімі келеді. Жұмыртқадан жаңа шыққан араның қай түрі болсын жақсы жетілмейді. Жұмысшы ара мен еркек аралар өте әлсіз, қозғала алмайтын күйде болады. Ал ұрғашы ара еркек немесе жұмысшы аралар сияқты әлсіз болмайды. Олар ширақ, өз бетімен жүре де, ұша да алады.

Араның қорегі. Араның тіршілігі гүлдер мен тығыз байланысты.Аралар негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен гүл тозаңдарын жинайды.Өз тарапынан аралар да өсімдікке үлкен пайда келтіреді. Олар бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп, айқас тозаңдану жұмысын жүргізеді. Аралардың жұмысына қарай сол өсімдіктердің өнімділігі анықталады. Барлық  қанттың орташа мөлшері тәтті шырында 35-40% болады. Тәтті шырынның түсі әр түрлі: мөлдір, қызыл, қоңыр, жасыл, сары т.б. болып келеді.

Бал – тәтті шырынды ара ағзасында қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған өнім. Ара ағзасында жүретін негізгі процесс – судың булануы және қамыс қантының жүзім қантына айналуы, ал жеміс қантының ферменттері арқылы инфертазаға айналуы. Жақсы балда су – 18-20%, декетриндер мен минералдық тұздар 5%-ға дейін және қант –шамамен 75%. Қант ертіндісінің осындай концентрацияда болуы балдың жақсы сақталып ашымауына жақсы себебін тигізеді. Гүл тозаңын жинайтын уақыт көктем мен жаздың басы. Осы уақыт кезінде ара әулетіұрпақ тәрбиелеуді бастайды. Сондажаңа өсіп келе жатқан ара денесінің дұрыс жетілуі үшін ақуызды заттар керек, ал ол ақуызды заттар гүл тозаңында көптеп кездеседі.

Гүл тозаңындағы ақуыз – араның негізгі қорегі.Сонымен бірге, тозаңның құрамында май, крахмал, қант, гүл және басқа заттар да бар. Мысалы, ақ қайыңның гүл тозаңында 3,33% май, 18,5%қант, бақбақтың гүл тозаңында 12,87% май, 40,17%қант кездеседі. Аралар дұрыс өсіп-жетілуі үшін тек гүл тозаңымен ғана қоректеніп қоймайды, пергамен де қоректенеді.

Перга немесе ара наны дегеніміз – ара ұяшықтарында нығыздалған, үстіне күрделі ферменттік процестен өткен бал құйылған гүл тозаңы.Бұл өнім гүл тозаңына да, балға да ұқсамайды. Пергада ақуыз өте көп кездеседі. Араға су ішу үшін және дернәсілге қорек дайындау үшін қажет.Суды аралар өзеннен, су қоймаларынан, су көздерінен алады. Ара шаруашылығында қосымша су ішетін науалар жасап қояды.

Ара әулетінің жыл маусымындағы тіршілігі. Көктемде қар еріп, күн жылынады. Омартаны қыстақтан шығарып, алаңға орнатады. Содан соң ара өсіруші омартаның ара ұшып шығатын есігін ашады. Осы сәтте гуілдеп ұшқан аралар көрінеді.Олар омарта маңында ұшып жүріп, оның сыртқы пішінін, сол ортадағы заттардың орналасу жағдайын жадына сақтап қалуға тырысады.

Көктемде бірінші рет ұшып шыққанда, олар қыс бойы қорытылмай, ішектерінде жиналып қалған керек емес заттардан құтылады. Содан кейін аралар өздері тұрған жерлерін тәртіпке келтіреді. Көгерген пергаларды балауыз ұяшықтардан шығарады, қыс бойы жиналып қалған шаң-тозаңдардан тазалайды, қыстан шыға алмай, өліп қалған аралардың өлімтігін шығарады. Осыдан соң тездетіп рамкаларға балауыз ұяшықтарды сала бастайды, ұрғашы ара болса, оларды жұмыртқамен толтырады. Содан кейін еркек араларға арналған балауыз ұяшықтарды жасауға кіріседі.

Жаз айындағы ара жұмысының сипаты – тыным таппай гүл тозаңын жинау. Оған негізгі себепші сол жердегі бал көп беретін өсімдіктердің уақытында гүлдеп, балды көп беру. Күзге қарай аралар тіршілігі бәсеңдеп, бірте-бірте төмендей береді. Олар балауыз ұяшықтардың аузын жетіліп келе жатқан дернәсілдерімен бірге бекітіп, жауып тастайды. Осыдан кейінгі жерде аралар жарты жыл ұшпай, тіршілігін омартада өткізеді. Бұл уақыт ішінде аралар ұйқыға кетпейді. Өйткені, аралардың денесінде жиналған қорек қоры жоқ. Ара әулеті жыл құстары сияқты жылы жаққа ұшып та кете алмайды. Сондықтан өздерін сақтап қалу үшін аралар да бір-ақ әдіс бар. Ол – ұяларына бүкіл суық кезеңге жететін қорек жинау және сол қоректі тиімді пайдалана отырып, ара әулетін сақтайтындай жылылық туғызу. Жақсылап күтіп, қыстайтын жері таза, жылы, құрғақ болса, құнды азықпен қамтамасыз етілсе,аралар қыстан қысылмай шығады. Тек әлсіз қартайған аралар ғана өледі.

Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің пайдасы:

Бал. Басқа азықтық өнімдермен салыстырғанда балдың артықшылығы ерекше зор. Ол сүйкімді дәмдік қасиетін былай қойғанда, құнды дәрілік зат болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, ара балы – табиғаттың ғажайып сыйы.Бүгінгі таңдағы ғылыми зерттеулер дәрігерлер мен философтардың ара балын ұзақ өмір сүру диетасы деп есептеп,сонша жоғары бағалауының негізсіз емес екенін дәлелденген.

Зертханалық зерттеулер, сараптамалық деректер және клиникалық байқаулар негізінде балдың құрамы өте күрделі екені анықталады. Оның құрамында глюкоза, левулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдық, гормондық, антибактериялық заттар мен басқа да адам ағзасына қажетті жүзден астам құнды компоненттер бар.

Бал арасы – табиғидәрі-дәрмектердің қайнар көзі. Одан алынатын бал ара уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазіргі медицинада кеңінен қолданылады.Бал өте қоректі, ағзаға жақсы сіңетін шипалы өнім. Оның құрамында көптеген минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер мен ақуыз бар.

Бұдан жүздеген жылдар бұрын-ақ адам баласы балдың шипалық қасиетін білген.Қазіргі бал асқазан, бауыр,бүйрек, жүрек өкпе және жүйке ауруларына, сондай-ақсуық тигенде,басқа да толып жатқан дертке қолданады. Қант диабетімен ауыратын адамдар мен семіз адамдарға ғана бал жеуге болмайды. Алыну және өңдеу тәсіліне қарай бал балауыздық және ағызылатын бал болып екіге бөлінеді.

Ұяларға құйылып,ауыздары балауыз қақпақтармен жабылған бал балауыздықбал деп аталады. Балдың кейбір сұрыптарының түсі, хош иісі мен дәмі арқылы ажыратуға болады. Оның түрлі сұрыптары бір-бірінен тек түсі арқылы емес, басқа да көптеген ерекшеліктерімен ажыратылады. Мөлдір бал жоғары сапалы бал қатарына жатады.

Алайда, қоңыр балдың құрамында минералдық тұзар, темір,мыс, марганец көп болады.Сондықтан ағза үшін мөлдір балдан гөрі қоңыр бал құнды. Оның кейбір сұрыптары нәзік,жағымды иісті болады.

Ара балауызы.Балауыз дегеніміз – араның балауыз өндіретін безінен шығатын өнім. Ара балауызы – қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Балауыз су мен және басқа сұйықтармен бірікпейді. Суға және глицеринге ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді. Өндірістік әдістер бойынша балауыздың омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сұрыптары бар.

Омарталық балауыз ең жоғарғы сұрыпты,сапалы. Престелген балауыз балауыз өңдейтін зауыттарда жасалады.

Экстрактілік балауыз – балауыздардың ішіндегі нашарлауы. Ол экстрактілікзауыттарда балауыз шығаратын зауыттың қалдықтарынан өндіріледі.

Ағартылған балауыз күнге қыздырып ағарту жолымен немесе химиялық жолмен өңдеу арқылы алынады.Балауыз медицинада да үлкен орын алады. Пластырлер, майлар және кремдер тек қана ара балауыздарынан дайындалады. Балауыз косметикада да кеңінен қолданылады.Ол сіңімді, тұтқыр, тазартқыш, ағартқыш кремдердің, бетті сылайтын майдың, көптеген косметикалық дәрі-дәрмектің құрамына кіреді.

Прополис ара әулеті үшін үлкен рөл атқарады. Аралар прополиспен тесіктен ұяға кіретін жолды тарылтады. Сондай-ақ, ұяның жарықтарын бітейді. Ұялардың қиюларынарамалардың иіндерін бекітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын жәнедернәсілдерге тербетпелі орын үшін балауыз ұяшықтарын өңдейді.Прополисомартаның мыңдаған тұрғын аралардың жағымсыз иіс-қоқыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдың іріп-шіруіне бөгет жасайды.

Прополис – өте күрделі зат, оның құрамында эфир майы, витаминдер, темір, марганец, калий, алюминий, кремний бар. Прополис техникада да қолданылып келеді. Мұнан арнаулы лак жасайды. Халық медицинасында көпке дейін жазылмайтын жара мен сүйелді емдеу үшін дәрі ретінде қолданылады. Прополис майыменнекробацулезбен ауырған малды емдейді.

Араның уы.Халық медицинасында ерекше ғажайыбы – араның уы апитаксин. Көптеген дәрігерлер араның уын шипалы деп санайды. Араның уы – улы безден бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 мг у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, бірақ ащы келеді. Ара уының маңызды қасиеті, оның құрамында биологиялық активті айырықша ақуыз болады.

Фармацевтика өндірісінде ара уынан венапиомин, токсапин, апизартран және верапин сияқты препараттар шығарады. Бұл дәрі-дәрмек құңды, ревматизмді, жүйке жүйесін, демікпені, бронхитті, бас сақинасын (мигрень), қан тасуды және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Кейде араны денеге қойып шақтырады, кейде ара уынан жасалған дәрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінде түрінде егіледі.

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңнан аса ара әулеті бар. Оның жүз мыңға жуығына ара өсіруші әуесқойлар мен тәжірибелер омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы, әсіресе Шығыс Қазақстанда дамыған. Мұнда ара өсіретін арнаулы төртшаруашылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл сайын 40-50 кг-нан бал жиналады. Сондай-ақ, Алматы және басқа облыстардың шаруашылықтарыменжеке әуесқойлары да араны көптеп өсіруде.



2.7. Аралардың тіршілігі.




1.І-кезең жұмыстары бойынша есеп беру

1. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жасау

1. Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау

2. Жұмыс жоспарын құру

2. Интернеттен бал арасының тіршілігі жайында материалдар қарастыру

2. Ата-анаммен бірге үй маңына жеміс ағаштарын отырғызу, оны күту,бақылау жүргізу

2.Табиғатта кездескен қызықты көріністерді суретке түсіру;

3.Әдебиеттер іздестіру, іріктеу

3.Бақылау жүргізуге өз достарымды тарту

3. Қала маңындағы омартаға барып, аралар тіршілігін бақылау

3.Сыныптастарым-ның арасында сауалнама өткізу; сауалнаманың қорытындысын шығару;

4.Әдебиеттен керектісін таңдап алу

4. Табиғи балдың емдік қасиеттерін анықтау

4.Бал арасы шығаратын өнімдер туралы мәліметтер жинау

4. Жүргізген жұмыстар бойынша жергілікті газетке мақала беру;


5. Ара туралы халық ауыз әдебиет үлгілерін жинақтау

5. Табиғи балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында дәрігермен сұхбат жүргізу



6. ШҚ облысындағы омарта шаруашылығы жайында мәліметтер жинау

6. Ара ұясының құрылысын зерттеу


Негізгі кезең

Балды, бал араларын халқымыз ежелден білген екен. Ресми түрде елімізде бал араларын ұстау 1786 жылдан басталады. Омарташылық Жетісу өлкесінде тарапты. 90-жылдарға дейін Қазақстанда 400 мыңға жуық ара омартасы болыпты. Еліміз жыл сайын Жапонияға, Онтүстік Кореяға, тағы басқа елдерге сапалы бал жіберіп отырған екен.

Қазіргі кезде балдың 80% Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Ұлан,Күршім, Шемонайға, Қатон-Қарағай, Уржар, Көкпекті, Глубоковское аудандарында омарталар бар.


Ұржар ауданындағы омарташылық шаруасы




Ара туралы жалпы мәліметтер

Ара- жарғақ қанаттылар отрядының өкілдері. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Араның 20 мың түрі кездеседі. Араның басында үш жай көздері, екі күрделі көзі болады. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Екі жұп жарғақ қанаты бар.

Араның түрлері

Аралар – ара патшасы, еркек ара жұмысшы ара болып үш топқа бөлінеді.



Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа болады. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ға дейін жетеді. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға бал, гүл тозаңын жинату, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу сондай –ақ, қорғау міндетін атқарады.

Ара патшасы ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жыл өмір сүреді.

Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, түрі қара, басы үшбұрыштылау келеді. Аузы үлкен бал жинауға қолайлы. Омарталардың негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өз қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз лрындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар.

Араның жемі.

Аралар үшін негізгі тамақтану көзі гүл шырыны болып табылады. Аралар өздері жемін тауып, қысқы қорларын әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шыры нын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға айналдырады. Араларды қант шәрбатымен (суға араласқан құрғақ қант жүзім тұнбасы қышқылы қосылған) жемдейді.

Араның ұясы


Ара ұясын төртбұрышты үйшіктерде салады.








Араның ұя салуы


Аралар өте еңбекқор және ақылды жәндіктер. Бақылап қарасам , бал арасы сан мың гүл түрлері қауашықтарына қонып, нәр жинайды. Ондаған шақырым жерге ұшып барып, компассыз-ақ ұясына қайта оралады


Ұя жасаған кезде қолданылатын тәсілдері де мені таңқалдырады. Еңбекші аралар ұяшықтарын жан-жақтан бастап ортада кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара жұмыспен тек қана жұмысшы аралар айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысытындары басқалар. Зер салып қарасақ, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін және әрбір қабырғасы мен бұрыштардың өлшемі бір бірімен керемет үйлесімдікпен дәл келетінін байқаймыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен өлшей отырып, әдейі орналастырғандай дәлдікпен жасалған.

Осы жерде «Ол неге үш, төрт, не болмаса, жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» деген сауал туындауы мүмкін. Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор-клеткаларын бір-бірімен үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете орналастыру ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін емес көрінеді. Қолыңа қалам алып, өзің-де жайлап сызып қарасаң, алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өінен сұранып тұрғанын байқайсың. Яғни, алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ине шаншар жер қалмайды екен.

Ғалым Ибн әл- Қайымның «Шипа» атты еңбегіңде дәлелдеуінше, осындай үлкен шеберлікпен салынатын ара «үйінің» тағы бір артықшылығыбар көрінеді. Атап айтқанда, бал арасын еш қуыс қалдырмастан толтыруға тек алты бұрышты ыдыс қана қолайлы. Үш,төрт бұрыштыға да бал құюға болады. Алайда оның бұрыштары аса кең болмағандықтан, бал оны толық толтыра алмайтынға ұқсайды


Омарташының киімі



.

Ара секундына 200 рет қанатын қағады. Араның ызылдаған дыбысы шығу үшін ол минутына 1400 рет қанатын қағу керек.


Араның табиғаттағы маңызы


Гүлден- гүлге қонып жүретін кішкентай ғана араның табиғатта атқаратын маңызы зор. Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – ара. Олар жиналған әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады. Араларды жергілікті жердің экологиясын жақсартуға қолданады. Топырақтың құнарлығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсің ғой? Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану процессін жақсартады. Аралар ұшқан жерде өсімдік бітік және тығыз шығады. Әртүрлі дала өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін топырақ құрамына сіңіп, құнарлығын арттырады. Мұндай жерде шөп те, бау-бақша да, егін де бітік өседі


Бал арасының иіс сезу мүшесі


Араның иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Олардың иіс сезу мүшелері мұртшаларында орналасқан. Аралар иісті адамнан 1 000 есе артық сезеді және де 1 км қашықтықта сезе алады:

Бал арасынан алынатын өнімдер


Бал, прополис, аналық сүт, араның уы, тозаң гүлі.



Ара балының бөлінуі

Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Гүлдейтін қаншама өсімдіктер болса, соншама балдың түрлері бар.

Түйебұршақ – ақ немесе янтарь түсті, шайқурай балы – мөлдір жасыл сары түсті, шабындық балы – сары немесе алтын түсті, таңқұрай балы – ақ түсті болады, қарақұмық балы – қою қызыл немесе қоңыр түсті жоғарғы сортты бал.





Ара балының құндылығы


. Ерте заманнан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан бал – табиғаттың қайталанбас сыйы. Ол ерте кезден-ақ көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): «Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же» деген екен кезінде.. Сөйтіп, бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған.

Ара балының құрамында шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотикті және басқа да заттар бар.

Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 килограммы 3 150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.


Балдың емдік қасиеті

Балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында жергілікті дәрігермен әңгіме жүргіздім. Мынадай мағлұматтар алдым:

Бал бала ағзасын түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, қан құрамындағы гемоглабин процессін арттырады. Бірақ бал балалар мен ересек адамдарда әртүрлі аллергияның себебі болуы мүмкін


  • Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда 2 стакан тұрып шырыны мен 1 стакан бал араластырып, 1-2 қасықтан сағат сайын қабылдаған жөн;


  • Үккіштен өткізілген сәбізге бол қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады.

  • Ыстық, суықтан тіс қақсағанда өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, сумен ауызды шайқайды


Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап шайып, артынан жараға бал жағады


Араның шағуы





Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

Адам­дар­ды өздерін ара уы­мен әр түрлі ауру­лар­дан емдеуді қолға алу та­ри­хы бізді ес­те жоқ ескі замандарға же­те­леп алып ба­ра­ды. Мәселен, Мы­сыр­да, Ин­ди­яда, Қытайда, Гре­ки­яда апи­те­ра­пия (ара уы­мен емделуді ме­ди­ци­на­да осы­лай атай­ды, араның уын «апи­ток­син» дейді) ежелгі дәуірлерде белгілі болған. Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Гроз­ный өздерін араға та­ла­тып, по­даг­ра де­ген ауру­дан айыққан. Халықтық ме­ди­ци­на­да ара уы­мен ем­де­лу ба­рын­ша қарапайым тәсілдермен жасалған. Ал, омар­та­шы­лар ара­сын­да рев­ма­тиз­м­мен және по­даг­ра­мен ауы­ра­тын­дар мүлдем дерлік кездеспейді екен.

Бал ара­сы уы­мен емделудің бірінші на­си­хат­тай­тын­дар да осы омар­та­шы­лар болған. Ре­сей­де XIX ғасырдан бас­тап ара уы­мен ем­де­лу ісі дәрігерлердің на­за­рын аударған. 1864 жы­лы Петербургтегі ор­ман академиясының про­фес­со­ры М.И. Лю­бар­ский рев­ма­тизм, по­даг­ра, бастың сақинасы секілді көптеген сырқаттарды жазудағы ара уының рөлі ту­ра­лы мақала жазған. 1988 жы­лы австриялық дәрігер Фи­липп Терч ара­мен шақтырғаннан кейін нев­ро­ло­гия, рев­ма­тизм сын­ды бірқатар кеселдерді жа­зып шығудағы оң нәтижелерді жа­ри­я­ла­ды. Ал ара уының химиялық және фармакологиялық жағынан алғаш рет зерттеуді Пра­га университетінің про­фес­со­ры Лап­гер 1897 жы­лы қолға ал­ды. Ол 1915 жы­лы бірінші рет ара уының пе­ре­па­ра­тын жа­сап шығарды. Ресейді бұл бас­та­ма­ны дәрігер Л.В. Лю­бар­ский жалғастырса, кеңес за­ма­нын­да М.Б. Кроль одан әрі да­мыт­ты.

Бірақ, араның уы емдік мақсатта та­лай ғасырдан бері қолданып ке­ле жатқанына қарамастан, ғылыми ме­ди­ци­на­да ол әлі күнге дейін өзінің лайықты ор­нын алып отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл араға шақтырудың адамға ауыр­лау тиетінімен де бай­ла­ны­с­ты. Оның үстіне араның уын жұрттың бәрі бірдей көтере бермеуі де мүмкін. Тіпті ірі аналық ара­лар шақса, оның уы адам­ды өлтіріп жіберетін де жағдайлары ұшырасады. Бәлкім, осының бәрі жұртты сақтандырса ке­рек.







Ара - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Аралар топтанып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз еркек аралар және ондаған мың жұмысшы аралар болады. Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі. Аналық ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және мұны мүлтіксіз орындайды.




Сурет-1. Араның түрлері

1. Аталық ара

2. Аналық ара

3. Жұмысшы ара



Бал араларының түрлері.

Біз бақылауға алып отырған, адам асырап өсіретін аралардың ішінен ең көп таралған түрлері. Араның бір жанұясында 80 000-ға жуық аралар болады. Солардың ішінде бір ғана аналығы болады, ұзындығы 20-25мм, бес жыл өмір сүреді, жыл бойы жұмыртқа салады. 

Зерттеу жұмыстары барысында
ШҚО-да жарғаққанатты жәндіктер қатарына жататын бал араларының үш түрі анықталды. Олар: Орта орыс арасы, Карпат арасы, Краин арасы.

Орта орыс арасы. Алғашқы мекендеген жері – барлық Еуропа, Альпы тауларының солтүстік және батыс бөлігі. Қазақстан мен Сібірге адамдардың көмегімен келді. Орта орыс арасы климатқа ең төзімді ара болып келеді, сондықтан қыстан жақсы шығады. Өз ұяларының тазалығын қатты қадағалайды. Карпат арасының ерекшелігі – жуас, бетпердесіз жұмыс істеуге болады .Краин арасы. Алғашқы тіршілік құрған жері: Австриялық Альпының оңтүстік бөлігі және солтүстік Балқан. Краин арасы тез көбейеді.





Қорытынды бөлім:



Зерттеу жұмыстары барысында Зырян ауданындағы ара шаруашылықтарында Жарғаққанатты жәндіктер қатарына жататын бал араларының үш түрі анықталды. Олар: Орта орыс арасы, Карпат арасы, Краин арасы .

Орта орыс арасы климатқа ең төзімді ара болып келеді, сондықтан қыстан жақсы шығады. Карпат арасының ерекшелігі – жуас, бетпердесіз жұмыс істеуге болады. Ал Краин арасы тез көбейеді.

Аралар сыртқы температура +8 0С жеткенде ұшып шыға береді. Алым алуға негізінен ауа жылынып + 15 0С жеткенде жақсы ұшады. Біздің бақылауларымыздың нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы территориясында ауа температурасы мамырдан басталып +80С жетеді. Ал алым алуға қолайлы жағдай маусым айының ортасынан басталады.

Бал арасының түрлеріне жеке-жеке сипаттама бере отырып, оның ара шаруашылығындағы рөлін анықтадық және бал адам организімін дәрумендермен белокпен тағы басқа тіршілікке қажетті заттармен байытатынын білдік.











Қазақстанда балдың 80% ШҚ облысында өндіріледі

Өз сыныбымдағы оқушылар балдың емдік қасиеті туралы біле ме, екен деген оймен сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың сұрақтары төмендегідей болды.


Сауалнама

  1. Балдың емдік қасиеті туралы білесің бе?

Білемін- 10 бала

Білмеймін – 9 бала

  1. Сырқаттанған кезде балмен немесе басқа өнімдерімен емделіп көрдің бе?

Иә, емделіп көрдім – 14 бала

Жоқ, балды пайдаланған жоқпын – 5 бала

  1. Балды қолданған кезінде аллергияның белгілері бола ма?

Иә, болды – 0 бала

Болған жоқ – 19 бала

  1. Балдың емдік қасиеті туралы кімнен естіп таныстың?

Өз жауабынның тұсына «+» белгісін қой

А) ата-анамнан

Ә) мектепте мұғалімнен

Б)достарымнан

С) кітаптардан оқып білдім

«а» жауабын белгілегендер – 10 бала

«ә» жауабын белгілегендер – 7 бала

«б» жауабын белгілегендер – 1 бала

«с» жауабын белгілегендер – 2 бала

  1. Ара туралы жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегілер білесің бе?

Иә, білемін -19 бала

Жоқ, білмеймін – 0 бала




Сауалнаманың қорытындысы

Сауалнамаға 19 бала қатысты. Балалардың көпшілігі балдың емдік қасиеті бар екенін біледі. Сырқаттанған кезде ем ретінде балды пайдаланған.




Қорытынды


Ара өте еңбекқор және ақылды жәндік екеніне , ал ара шығаратын таза өнім, бал, адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның шипалы қасиеті мол екеніне отбасым да, сыныптастарым да келісті.

Грецияның ұлы математигі Пифагор: «Менің көп жасауымның себебі – «үзбей бал жеуімнен», – деп айтқандай, егер балалар да, ересек адамдар да үзбей бал жеп отырса, онда біздің халқымыздың денсаулығы мықты болады. Омарташылық шаруашылығы дами берсің!






Қосымшалар


Жұмбақтар

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы


Еріншекті, еміншекті,

Аямайды, қаламайды,

Шағады,

Мұны кім табады?


Жаздай жатпай,

Қырдағы гүлдерді аралар.

Өзі де таппай

Жинар гүл шырынын.

Тиссең оған құрыдың,

Аямай шағып жаралар.


Жаңылтпаштар


Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.


Бала бал арасын қуалады.


Бауда ара бар 
Ара барда бал бар 
Жейсіңдер, балалар 
Қайда кетер, бар, бар


Ауа райын болжау


Бал аралары топтанып шырын жинауға аттанса – қүн ашық, егер ұясынан ұзамаса, ауа райында өзгеріс бар.

Ара адамды неге шағады?

(ертегі)

Бал жинап жүрген араның көзі қалтарыста қызарған қызанаққа түседі. Жапыраққа жасырынған қызанақ қорыққаннан дірдір етеді. Ара аң-таң.

– Кімнен қорқады?

– Неге жапыраққа жасырынады?

Жақындап келіп, жайлап қана қызанақтың хал-жағдайын сұрай бастайды.

– Айтшы, қызанақ, саған не болған, жапырақ жамылып кімнен жасырынп тұрсың?

– Мен бе?

Қызанақтың дауысы əзер шықты.

– Адамдардан.

– Неге?

– Өйткені олар мені жеп қояды. Сабағымнан жұлып алып, жуады да пышақпен кескілеп етімді ауыртады. Ал кесілген жеріме тұзды оңдырмай себеді-ай келіп. Онсыз да ауырып тұрған жерім енді ашып азаптайды. Сондықтан да жасырынам. Тəттіден басканың дəмін татып көрмеген ара қызынақтың əңгімесін естіп, көңілсіз күйге енеді.

Міне, содан бері ара атаулы адам көрсе шағатын болыпты.





















































Әдебиеттер:


1. Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Мал шаруашылығы. – Астана: «Фолиант» баспасы,2010.

2. Корж В.Н.Основы пчеловодства. – М.: Феникс, 2010.

3 Бондарев С., Ромашкин П.Азбука пчеловода. – М., 2009.

4. Билаш Н. Г., Лебедев В.И.Биология медоносной пчелы. – М., 1991.

5.Қазақстан» ұлттық энциклопедия. І- том

6. «Балбұлақ» // №8 – 2011 жылы

7. «Дүниетану сабақтарын экологиялық бағыттау» Семей, 2009 жыл

8. «777 жұмбақ», Алматы, 1998 жыл

9. «Балдың формуласын білесің бе?» Л. Тастанбекова, Алматы, 2008 жыл

10. Интернет-ресурстар
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі