"Бала - адамның гүлі, өмірдің нұры". Сайыс. 5-9 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала - адамның гүлі, өмірдің нұры". Сайыс. 5-9 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың отбасының бір жеке тұлғасы, бөлшегі екенін ұғындыру; ата-ана мен бала арасындағы қарым –қатынасты жақсарту, отбасында кикілжіңді болдырмау жолдарын қарастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5 – 9

Тақырыбы: Бала - адамның гүлі, өмірдің нұры

Мақсаты: баланың отбасының бір жеке тұлғасы, бөлшегі екенін ұғындыру; ата-ана мен бала арасындағы қарым –қатынасты жақсарту, отбасында кикілжіңді болдырмау жолдарын қарастыру

Көрнекілігі: жоспар, отбасы суреттері.

Сайыс барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды жасыл және қызыл түспен 2 топқа бөлу.

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар! Міне, бүгін мектебімізде 5 – 9 сыныптар аралығында өткелі отырған «Бала - адамның гүлі, өмірдің нұры» атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етеңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- дей отырып, сайысымызда әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін.

Тарих пәнінің мұғалімі – Конкаева Аксырга апай.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

Жоспар

І. «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру/

ІІ. Білгенге маржан /сұрақ – жауап, жағдаяттық тапсырма/

ІІІ. Ұл – ұятымен, қыз – қылығымен ардақты /бүктеме жасау/

ІҮ. Сөздің көркі – мақал /мақал – мәтел сайысы/

Ү. Отбасым – бақыт мекенім /эссе/

Мұғалім: - І. «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру/

Ал, қанеки, сайысты біз бастайық,

Сәлемдесіп баршамен,

Тобымызды таныстырып тастайық- деп, «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру/ кезеңі.

ІІ. Білгенге маржан /сұрақ – жауап, жағдаяттық тапсырма/

І топқа.

  1. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер? Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер.

  2. Жігіттің үш жақын жұртын ата. Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

  3. Балдан тәтті не? Бала

  4. Әкеден балаға не беріледі? Мұра

  5.  Анаңның сүйікті гүл салатын вазасын үй жинап жатқанда сындырып алсаң не істейсің?

ІІ топқа.

  1. Қазақ халқының ұлттық ойындарын атаңыз. Ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан, бәйге.

  2. Үш байлық. Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

  3. Шаңырақ иесі кім? Кенже ұл

  4. Үйдегі алтын қазық кім? Ана

  5. Саған үй жинап қой деп айтқанын ұмытып ,ойынға беріліп кеттің. ата-анаң жұмыстан шаршап келді, сен не істейсің?

ІІІ. Ұл – ұятымен, қыз – қылығымен ардақты /бүктеме жасау/

ІҮ. Сөздің көркі – мақал /мақал – мәтел сайысы/

Шебер болсақ тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып,

Мақал – мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық – деп келесі бөліміміз «Сөздің көркі – мақал» деп аталатын мақал – мәтелдер сайысы. Бұл бөлімінің шарты мақалдың бір жолын оқимын, жалғасын табасыздар.

І топ.

1. Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

2. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

3. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

4. Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.

5. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

ІІ топ

1. Ата – ананың қадірін,

Балалы болғанда білерсің

2. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.


3. Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.


4. Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

5. Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.


Ү. Отбасым – бақыт мекенім /эссе/.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – отбасы туралы эссе жазу.

Мадақтау. Әділқазы алқасы. /Сайысты қорытындылап, бағалау үшін сөз әділқазыға беріледі. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады./

Қорытынды.

Ата - бабамыз балаға қамқорлықты анасының құрсағында жатқанда, ол дүниеге келмей-ақ жасаған. Жас нәрестені тек әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттер сіңдіре білген. Олар әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерімен бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен енбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. «Бала – біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы азамат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық. «Бала нені білсе ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік. «Ел ерімен мақтанар, жер – кенімен мақтанар» деген елімізді қорғар ер азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл – қыздар молая берсін.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі