400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"БАЛА - БІЗДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ" коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға, психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «Бала -біздің ұрпағымыз»

Ата-аналармен коучинг сабақ

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Слайд, үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

1.«Сәлем сөздің анасы » танысу

2.Ой жинақтау. Тақырыптар бойынша постер қорғау

3.Жаттығулар. «Үстел», «Құбыр»

4.Бейнематериал көрсетілімі

5.Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

6.Кері байланыс. Ақ тілек

7.Қорытынды сөз

БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен бастаймыз. Коучингтің ерекшелігі сол, оқу,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

Ендеше бүгінгі тренингке қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі сабағымызды бастамастан бұрын бір-бірімізбен танысып алайық.

Ережесі:
ТЫҢДАЙ БІЛУ.
СӨЗДІ БӨЛМЕУ.
БЕЛСЕНДІЛІК.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ТӨЗІМДІЛІК.
СЫЙЛАСТЫҚ.
ТҮСІНІСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.
ТОПТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУ.
 

1. «Сәлем сөздің анасы» танысу
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрады. Алғашқыда араласып жүреді. Жүргізушінің белгісімен әр түрлі әрекеттер арқылы танысады. Мысалы жүргізуші бір рет шапалақ ұрса, қатысушылар қол беріп бір бірімен амандасады. Екі рет ұрса, қатысушылар бір-бірінің есімдерін сұрап танысады..Үш рет қол шапалақтаса , бір-бірімен иық тіресіп,құшақтасып жағдай сұрасу керек.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді. Бір-бірлеріңізбен жақсылап танысып үлгердіңіздерме?

2. Жаттығулар. «Үстел», «Құбыр»

1. «Үстел» жаттығуы

Мақсаты:Қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын арттыру, көңіл-күйлерін көтеру.

Жаттығу ережесі: Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бірінің артына бірі тұрып қолдарын алдыңғы қатысушының иықтарына қояды. Барлығы тығыз тұрып алады. Тығыз орналасып шеңбермен айналу керек. Жүргізуші тоқтатып «үстел» болыңдар дегенде барлығы бір-бірін мықтап ұстап бір-бірінің алдына отырып үстел болады.

2. «Құбыр» жаттығуы

Мақсаты:Қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын арттыру,бірлесіп жұмыс жасауға және ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын арттыру.

Жаттығу режесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді.барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-бірінеқосып ,беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді.Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады.

Талдау: ойын –жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп,өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау:
Топтық жұмыс (ата-аналар әрқайысысы болып парақтағы ағаштың суретіне отбасылық құндылықтарын орналастырады ) Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру.

Тамыры -сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі,

Діңіне -орташа құндылықтарды,

Бұтақтарына -отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.

Берілген уақыт 7 - 10 минут.

1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік

16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет
20. Көп бала

Шыққан суретті қорғап шығады.

8.Кері байланыс. Ақ тілек

Мақсаты: Коучинг сабақ туралы пікірлерін, ақ тілектерін жазу ортаға салу.

Қатысушылар табиғатта ең маңызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма,әлде діңі ме, жапырағыма? Әркім өз қалауы бойынша таңдаған суретін алады.(тамыр,дің,жапырақ) Өздері таңдаған суретін плакатқа жабыстырып,таңдаған суретіне баласына немесе ұжымға,басқа да қатысушыларға, тренингке деген пікірін, тілегін жазуға болады.
Психологтың қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар ! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық!Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып,қуанышқа бөлей берсін!-дей отырып,біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше ,сау болыңыздар!


Дайындаған: №63 негізгі орта мектептің педагог-психологы: З.Ж.Мамешова




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі