Материалдар / «Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады» тақырыбында семинар-тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады» тақырыбында семинар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады»


Өтетін орны: мультимедиа кабинеті


Қатысушылар: ата – аналар мен ұстаздар


Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін


түсіндіру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,


қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.


Қажетті құралдар: видероликтер, акварель краскасы


Тренингтің барысы:


«Сәлемдесу» жаттығуы:


Ата – аналарға сәлемдесудің ерекше түрі ұсынылады,яғни бірінші иықтарымен, арқасымен, бастарымен амандасады. Мақсаты: тренигтің басында ата – аналардың көңіл – күйлерін көтеріп, қобалжу сезімінен арылу.


2.Видеоролик. «Руки взрослых»


3.Кіріспе сөз


Тәрбие тағдырын алдымен отбасы шешеді. «Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса», «Баланың бас ұстазы ата-анасы».

Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез құлқы, бәрі – балаға үлгі. Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі».

Бала отбасында «Әкеден ақыл, анадан мейір алады»


Видеоролик. «Кричащие родители»,


4. « Қар қиыршықтары» жаттығуы

Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты?

Не себепті бәріміз де ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әр түрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы – бәрі әр түрлі. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір ол балаға жақсы тәлім- тәрбие беру.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.

Сіздердің ойларыңызша отбасында әке мен ананың рөлі қандай?


- Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел-ананың тікелей міндеті.


Видеоролик «Ваза».


«Менің жүрегім ән айтады, егерде…»


Әр ата-ана «Менің жүрегім ән айтады, егерде…» «Менің жүрегім қайғырады егерде..» деп бастап жүрегінің неге ән айтатынын және қайғыратынын айтып шығады.


Арт – терапиялық жаттығу.


Ата- аналар жұптасып отырып, бірі – бірімен сырласады, яғни, бір – біріне өз армандарын айтады. Сол армандарын бір – бірлерінің қолдарына акварель краскасымен салады. Бұл біздің арманымыз, адам армандай білу керек, ол міндетті түрде орындалады!


«Ата-аналар сіздер үшін» (кеңес)


1.Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.

2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс

3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.

5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.

6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.

7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.

8. Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты – өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.

9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақ-тыққа негізделмеуге тиіс.

10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.

Ұлы Абай атамыз 38-ші қара сөзінде:

«Қашан баланың ғылым- білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады; 1-ші жақсы ата-ана, 2-ші жақсы ұстаз, 3-ші жақсы құрбы-құрдас»- деген екен. Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қарым-қатынаста болайық.







«Күйкен атындағы орта мектеп» КММ
















«Бала әкеден – ақыл,


анадан – мейірім алады»




(Топ ата – аналарымен өткізілген семинар – тренинг)












Өткізген:








2020-2021 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!