Бала асырап алу
Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
үшін заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.
Мемлекет бала
асырап алуды қолдайды, өйткені ата-анасынан айырылған балалар
отбасылық қамқорлыққа бөленеді, тиісті тәрбие, материалдық
жағдайға, ата-ананың сүйіспеншілігі мен мейіріміне ие болады.
Екінші жағынан, балалы бола алмай жүрген отбасылар да көп. Бала
асырап алу оларға өздерінің табиғи әкелік жене аналық сезімдерін
қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бала асырап алу
нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және олардың
туысқандарының арасында, асырап алынған бала арасында қандастығы
бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды.
Сонымен қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай
балалары болса, асырап алған балаларының арасындағы құқық тең деп
танылады.
Заңда бала
асырап аларда бірқатар шарттар көзделген: • бала асырап алушының
келісімі;
• баланың
ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде беріледі
және нотариус арқылы куәландырылады;
• 10 жасқа
толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша толтырылады. Егер
келісім іс сотта қаралған кезде берілетін болса, ол ауызша келісім
болып табылады. 10 жасқа толмаған баланың келісімі қажет емес;
• егер
ерлі-зайыптылардың біреуі ғана бала асырап алатын болса, онда
соттың келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы
болса, асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы қажетсіз.
Бұдан басқа, бала асырап алу практикасы, әдетте, ерлі-зайыптылардың
біреуінің ғана бала асырап алуына рұқсат етпейді. Балаға дұрыс
отбасы керек.
Бала асырап алу
шарттарынан басқа оған тыйым салулар да белгіленген. Мысалы,
кәмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын
асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16
жастан кем болса, бала асырап алуға болмайды.
Соттың асырап
алушының қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау жөніндегі
мәселені қарауына болады. Баланың туған күніне өзгеріс енгізуді
осындай шараларға жатқызуға болады (3 жасқа дейінгі баланы асырап
алғанда ғана оның туған күнін өзгертуге жол беріледі); баланың
тегін, атын және әкесінің атын өзгерту; асырап- алушыларды
ата-анасы ретінде жазу және басқалары.
"Неке жәнө
отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім балаларын
шетел азаматтарының асырап алуына жол беріледі. Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан
Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған
жағдайда, шетелдіктерге тәрбиелеуге беруге болады.
Республикада балаларға көмек беру жөніндегі "ФРЭНК"
халықаралық қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет етеді. Ол шетел
азаматтарына бала асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ
шетелдерде асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жасайды.
Қазақстан балаларын шетел азаматтарының асырап алуы — біздін
мемлекетіміздің практикасында жаңа құбылыс. Және бұл арада қоғамдық
пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар мұндай асырап алушылықты
қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап алынған балалар
Қазақстан азаматтығынан айырылады.