400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала бақыт бастауы,отбасы алтын діңгегі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Сапалы білім,саналы тәрбие,салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала бақыт бастауы,отбасы алтын діңгегі»

Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Сапалы білім,саналы тәрбие,салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:жіп,ақ парақ,түрлі-түсті парақ,ағаш жемістер,әріптер,сандар,

әуен,құрастырмақ,кубик,кір қыстырғыш

Ұйымдастыру кезеңі

Барысы:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Бала бақыт бастауы,отбасы алтын діңгегі»атты тренингімізге қош келдіңіздер!

Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы,еңбексүйгіштікке,кішіпейіл,

мейірімді болуы.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Тренингімізді бастамас бұрын,екі топқа бөлініп алсақ.

Сіздерге мына жерге 1,2 сандарын жасырып қойдым.1-санын алсаңыз бірінші топқа,2-санын алсаңыз екінші топқа отырасыздар.Топтарыңызға ат қоясыздар.Топқа бөлініп алсақ,тернинг бөлімдерімен таныстырып өтсем.

  1. «Қане танысайық»

  2. «Бас әріп»

  3. «Топпен жұмыс»

  4. «Жіп бойындағы суреттер»

  5. «Кім тапқыр»

  6. «Қолөнер»

  7. «Концерт»

Бөлімдермен танысып алсақ,1-бөлім «Қане танысайық»деп аталады.Бұл бөлімде топтарыңызды таныстырасыздар.

Тобымызды таныстырып болсақ,келесі 2-бөлім «Бас әріп»деп аталады.Бұл бөлімде мен сіздерге әріптер беремін,сол әріп ішінен ақылдасып,бір әріпті таңдайсыздар.Сіздерге сұрақтар қоямын,таңдаған әріптеріңізге байланысты сұраққа жауап бересіздер.Сұраққа жауап беруге топ арасынан бір ата-ана шығады.

Сұрақтар

1.Есіміңіз кім?

2.Тегіңіз кім?

3.Мамандығыңыз қандай?

4.Жасыңыз нешеде?

5.Балаңыздың аты кім?

6.Қай қалада тұрасыз?

7.Қайда бара жатырсыз?

8.Ол жақта не бар?

9.Ал не жоқ?

10.Алдашбай Ахун қандай ауыл?

11.Арманыңыз не?

12.Балаңызға қандай сыйлық сыйлайсыз?

13.Қандай кино ұнайды?

3-бөлім: «Топпен жұмыс »деп аталады.Бұл бөлімде күнделікті оқу қызметімізде бүлдіршіндеріміздің ойнап жүрген,интелектуалды ойыншықтары арқылы жұмыс жасаймыз.

1 топ: «Сұңқар»тобына «Құрастырмақ»беріледі.Осы құрастырмақ арқылы,мына суреттерде көрсетілген затарды жасап шығасыздар.

2-топ: «Қызғалдақ»тобына «Кубик» және «Жеміс ағашы» беріледі.Кубикті айналдырып лақтырып,әр түрлі пішіндер шығады.Сол пішінді табу керек.

«Жеміс ағашы».Бұл ойында ағашқа жемістерді,жапырағын,жәндіктерді жіпке тізіп,ағашқа байлаймыз.

Келесі бөлім «Жіп бойындағы сурет»деп аталады.Бұл бөлімде 2-топтан екі ата-ана шығып,акварель краскымен сурет салады.Салаған суретін түсіндіріп өтеді.

5-ші бөлім: «Кім тапқыр»деп аталады.Бұл бөлімде ортаға екі топтан,екі ата-ана немесе баласымен шығады.Ата-анасы құлаққап киіп,баласы сөзді жасырады,анасы жасырған сөзін табу керек.

1.Отбасы 1.Бала

2.Бесік 2.Биші

3.Ағаш 3.Сағат

4.Тәрбиеші 4.Балапан

5.Күн 5.Аспан

6.Әнші 6.Домбырашы

7.Терезе 7.Әке

8.Арман 8.Табиғат

9.Етік 9.Ана

10.Кемпірқосақ 10.Әдемі

6-шы бөлім «Қолөнер»деп аталады.Берілген заттардан өз ойларыңызбен әр түрлі нәрселер жасап көрсетсеңіздер.

«Сұңқар»тобына:ермексаз,түрлі түсті қағаз,ақ парақ,желім,қайшы

«Қызғалдақ»тобына:ақ парақ,қайшы,желім,жылтырақ қағаз

Тренингімізден шаршап қалсақ,7-ші бөлі «Концерт»деп аталады.Қане ос бөлімде шаршағанымызды басып,ән шырқайық.Караоке мен ән айту.

«Сұңқар»тобына: «Жан гүлім» әні

«Қызығалдақ»тобына: «Әке-Ана»әні

Қорытынды:Міне,осымен «Бала бақыт бастау,отбасы алтын діңгегі»атты тренингіміз аяқталды.Ата-аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахметімді айта отырып,отбасыларыңызға қуаныш,бақыт,шаттық тілеймін.

Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі