400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бала біздің бақытымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқиын оқушылар мен ата-аналарына арналған психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Бала біздің бақытымыз..»
Мақсаты: Үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, мектеп өмірімен, сыныптастары, пән мұғалімдерімен жақын араластыру, ата-аналарына көмек беру, осы оқушылардың зейінін, ынта, қызығушылығын дамыту жұмыстарын жүргізу, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Өтетін орны: биология кабинет
і
Жоспары:

  1. «Сізге сыйлаймын».
    2. Таныстыру.
    3. Оқушы танымын дамыту жұмыстары:
    «Қайсысы артық»
    4. «Үміт еткен көзімнің нұры балам...»(Аналармен жұмыс).
    5. «Қытай» балеті.
    6. Қонақтарға сөз.
    *** Барысы: Бала – ана байлығы, ең қымбаты, аяулысы. Бала – ананың бауыр еті.
    Сәлеметсіздер ме, ардақты аналар, біздің әлпештеп отырған балаларымыз! «Әлпештеп аялаймыз алақанда» тақырыбындағы шараға хош келдіңіздер!
    Бүгінгі шараға сіздердің білім алуларыңызға жағдай жасап отырған мектеп директоры,
    оқу ісі меңгерушісі, әлеуметтік педагог, бақылауда ұстап, психологтар сіздерді жақсы көретін сыныптастарың, білім нәрімен сусындатып жүрген пән мұғалімдеріңіз жиналып отыр.
    Мектеп бойынша үйден оқытылатын
    5 оқушымыз бар.Бүгін сіздерді шақырып, мектеп өмірін көрсетіп, бір-біріңізбен таныстырып, ойды дамытып, көңілдеріңізді көтеріп, бір серпіліп демалсын деген ойдамыз. Біз сіздерді жақсы көреміз. Қолымыздан келгенше қамқор болып, бәріңнің де жазылып, ортаға қосылғандарыңды тілейміз. Осындай жақсы тілекпен аналарға гүл шоғын сыйлаймыз (Слайд арқылы «Сізге сыйлаймын»).
    *** Біз жұмыс барысында сіздердің өмірлеріңізбен жақсы таныспыз. Енді бір-біріңізді таныстырып өтейін. (слайдтар арқылы үйден оқитын оқушы, оның отбасымен таныстыру).

***1. Құрметті оқушылар енді ынталарыңды дамыту үшін мынадай жаттығулар жүргіземіз. Қайсысы артық?

  1. 2. «Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет салу

  2. 3. Менің арманым тақырыбында шығарма жазу.


*** Ардақты аналар! Қазір «Үміт еткен көздеріңіздің нұры» санайтын балаларыңыздың көз жанары бейнесін көрсетемін.Кімнің көзі екенін табу керек.Түсіндік пе, ендеше іске сәт!
(экранда балалардың тек қана көздері беріледі).

*** «Қытай» балеті.
Міне, балалар, осы өнер туындысынан жарымжан адамдардың өмірдегі кемшіліктерінің орнын өзі ұнататын істерімен толықтырып, алға ұмтылып, асыл армандарға қол жеткізгенінен сабақ алсаңыздар деймін.Зейнолла Шүкіров деген ақын ағамыз кішкене күнінде түйеден құлап, өмір бойы жүре алмаса да, көп оқып, өмірге жақсы көзқараспен қарап, бар күшін қаламға арнап, үлкен ақын атанды.Ендеше, біз де алдағы өмірден тек жақсылық күтейік, денсаулық тілейік, осы күнге шүкіршілік ете білейік.

*** Қонақтарға сөз беру.
Міне, ардақты аналар, қонақтар, оқушылар, әріптестер! Бүгін біз бір-бірімізбен кездесіп, жақсы пікір алысып, әсем ән тыңдап, жадырап, демалдық..Алдағы уақытта дендеріңіз сау болып, науқастан айығып, жақсы білім алып, ата-ананың да, мектептің де көз – қуанышы болыңыздар демекпіз. Жақсы жағдайда жолығайық, керемет күндерде кездесейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.02.2018
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі