400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бала-біздің болашағымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата –аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 4





Алматы облысы,

Балқаш ауданы,

Миялы ауылы,

«Балдәурен» балабақшасының психологы: Мырзаханова Индира Еркиновна




«Бала - біздің болашағымыз»

Ата – аналарға арналған тренинг жаттығу

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласын жақсы тануға көмек көрсету. Ата –аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу.


«Амандасу» жаттығуы

Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.


«Мен түсінемін» жаттығуы.

Барысы: ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.
1) Мені балам қуантады...
2) Мені балам ренжітеді...
Талдау: - қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
- неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?
-
оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнама.

Мақсаты: отбасындағы балаға деген ата – ананың қатынасының стилін анықтау.

«Қар қиыршықтары» жаттығуы
Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты?
Не себепті бәріміз де ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары  пайда болды?
Себебі, бәріміз бірдей  әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әр түрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы  орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал балаларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы – бәрі әр түрлі. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір ол балаға жақсы тәлім- тәрбие беру.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.

Қорытынды:

Баламыздың болашақта саналы ,халқының қалаулы,елінің елеулі азаматы болу үшін мақтан тұтатындай тәрбиелі, ақылды,ізетті,парасатты,мейірімді азамат болып қалыптасуындағы дамуында тек қана мұғалім тарапынан іс-әрекет болмай,ата-ананың да бала тәрбиесінде маңызды рөлі бар екендігін ұмытпаңыздар!
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

«Екі жұлдыз бір тілек» атты кері байланыс жүргізу арқылы тренинг жаттығу жайлы ата-аналар өз ойларын стикерлерге жазып береді.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі