Материалдар / Бала біздің болашағымыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала біздің болашағымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Мектеп пен ата-ана,ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысты нығайту,ата-аналарды мектеп өміріне араластыру,адам өміріндегі баланың ролін түсіндіру 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. 2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. 3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алия Молдағұлова атындағы № 38 мектеп- лицейі



















Тақырыбы:

 «Бала- біздің болашағымыз!»

Ата- аналармен дөңгелек үстел















Өткізген: Мүханғалиева А. Б.



























2022- 2023 оқу жылы





Тақырыбы: Бала біздің-болашағымыз!

Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Мектеп пен ата-ана,ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысты нығайту,ата-аналарды мектеп өміріне араластыру,адам өміріндегі баланың ролін түсіндіру
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

- Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі Жүректен –жүрекке Амандасу

ІІ.Бала деген кім? Ой қозғау

Ассосация ойыны доп лақтыру арқылы

1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?


ІІІ. Сіз үшін ең қымбат... тренинг

Мен үшін ең қымбат...

Мен үшін ең бағалы...

Мен үшін ең сыйлы ..


IV.Сөйлемді аяқтаңыз топтық жұмыс

І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).


ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуғаүйретеді)

V. «Бала біздің гүліміз деп аталады»

Енді сіздер жайғасып еркін отыруларыңыз сұралады. Көздеріңізді жұмып терең дем алыңыздар. Енді көз алдарыңызға табиғат аясында демалып жүрмін деп елететіңіздер. Айналаның бәрі гүл. Әрбіреуіңіз бұл гүлдердің біреуін іштей таңдап алайық. Сол гүлдердің хош иістерін иіскейік. Бұлар раушан гүлдер, үлпілдектер, түймедақтар, бәйшешектер, қызғалдақтар және т.б. Қандай әдемі! Жапырақтары құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз және хош иісін сезінейік.

Енді көзімізді жайлап ашып, таңдап алған гүлдің суретін салып, бояумен бояп, қайшымен қиып алайық. Жана сөз арасында бала біздің гүліміз дедік. Гүлдеріңіз қолдарыңызда, яғни балаңызға қандай тілектер тілейсіздер, соны гүлге жазып, табиғат аясына елестеткендей етіп мына жерге жапсырыңыздар. Қараңыздаршы, алуан түрлі гүлдер өскен кең алаңқай қандай әдемі. Бала біздің болашағымыз. Бала біздің гүліміз.

Талдау: жаттығу несімен ұнады? Гүл таңдау қиындық тудырған жоқ па?



VI. «Күн сәулесі» деп аталады. Менің қолымда әдемі, жылы күн сәулесі бар. Ол бүгінгі күннің қуанышын, жылыуын, бақытын барлықтарыңызға сыйлайды. Қазір сіздер бұл күн сәулесін бір-бірлеріңізге бере отырып, бүгінгі өткен тренинг туралы өздеріңіздің сезімдеріңізбен 1-2 ауыз сөзбен бөліссеңіздер. Рахмет. Сіздерге де үлкен рахмет. Бәріңіз бір адамдай ат салысып, ауызбіршілікте болғандарыңыз үшін. Өмірлеріңіздің әр күні дәл бүгінгідей өтсін дегім келеді. Сау болыңыздар



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!