Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Бала біздің болашағымыз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Айназ" жекеменшік балабақшасы
"2-3 жастағы балалардың жас ерекшеліктері"
(Психолог кеңесі)
2023-2024 оқу жылы
2-3 жастағы балалардың жас ерекшеліктері
2-3 жастағы балада дене дамуы мен психикалық жетілу барысы қарқынды жүре бастайды. Бұл жаста баланың салмағы орташа есеппен алғанда 12-12,9 кг, бойының ұзындығы 85-86 см шамасында болады.
Қалыпты дамыған жағдайда 20 шақты сүт тісі болады.
2 жасында баланың жоғарғы жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілеті тез артқанымен де 5-6 жастағы балалармен салыстырғанда жұмыс істеу қабілеті төмен, әрі төзімділігі аз болады. Себебі, балалар бұл шақта тез шаршағыш келеді. Бала өзін қатты қызықтырған жаңа ойыншықпен ұзақ уақыт ойнай алмайды немесе бір орында көп уақыт отыра алмайды. Бос отыру да баланы жалықтырып жібереді. Бір орыннан екінші орынға, бір заттын екінші затқа ауысуы бала бойындағы қызбалық пен қозу үдерісінің басымдылығына байланысты болады. Бір нәрсеге назары қатты ауған баланы тежеу өте қиын, бала өзін қызықтырған затын қолымен ұстап, қасиетімен таныспайынша ересек адамның сөзін тыңдамайды.
Баланың мінез-құлқының көрінісі бас ми қабығының қатысуымен жүзеге асып отырады. Бала бір нәрсеге қатты қызыққан кезде өзінің қарнының ашқанын немесе жаңа ойыншықпен ойнап отырған сәтінде өзіне укол салғанда денесінің ауырғанын да сезбейді. Бұдан бала мінезінің оның ағзасының қажеттілігіне байланысты екенін байқауға болады.
Бала 2 жасында өзі бүлдірген іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Оны бүлдірген себебін де білмейді, өйткені баланың бүлдіру әрекеттері оның еркінен тыс жүріп отырады.
Баланың екі жасында сөйлеп, жүре бастауының нәтижесінде айналадағы заттармен әрекет жасауы арта түседі және ол заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол өз ойын ересектерге анық түсіндіре алмаса да қалай түсіндірудің тәсілін біледі. Балада екі жаста тілдің қарқынды дамуына байланысты «сензитивті» кезең басталады. Яғни, балада ересектердің тілін үйренуге деген ерекше
сезімталдықтың пайда болуы. Бала ересек адамдардың сөйлеген сөздеріне еліктеп, олардың айтқан сөздерін түсіне бастайды. Сонымен қатар балалардың сөздік қоры молайып, ауызша сөйлеу машығы дағдыларын игереді. Осы шақта баланың танымдық танымдық белсенділіктері қалыптасып, ақыл-ойы өсіп жетіледі және адамгершілік қасиеттері көрініс бере бастайды. Ересек адам ауырып қалғанда оған жанашырлық танытады, басынан сипайды, дәрі ішуге су әкеліп береді. 3 жасқа қарай балада ойыншықпен және ойын ойнау ұзақтығы арта түседі. 1,5 жаста бала ойыншықпен 2-4 минут ойнайтын болса, 2 жастан аса балада заттармен әрекет жасау ұзақтығы 6-8 минутқа дейін артады. Ойын барысында баланың ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.
Ересектердің қимылына еліктей отырып, сол қимылды қайталау керектігін жақсы біледі. Көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптасады. Өзінің іс-әрекетін бақылауға жауапкершілігі артады. Екі жасар балада жүру мен жүгіру қимылдары әлі де жеткілікті үйлесімділік таппайды. Түзу жолдағы кездесетін қарапайым
кедергілерден (кішкентай тас, шөп, шағын төбешік) бала сүрінеді. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергілермен сәйкестендіре алмайды, шалынысып құлай береді. Бір бағытта жүгіріп келе жатқанда да алдына қарамай, кедергілерге де соқтығысып қалады. 2,5 жаста баланың жүрісінде үйлесімділік пайда болады. Бала кедергілердің үстімен еркін жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді және ересектердің көмегімен қарапайым сатылардан да өте алады. Балалар топпен жаттығулар жасағанда қимылдарын бір-бірімен сәйкестендіре алады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды. Бұл шақта балада өрмелеу, лақтыру қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды.
Балалар диван, орындық немесе биік нәрселерге өрмелеп, түрлі кедергілерден асып өтеді. Балала айналасындағы өзіне таныс заттардың түсін, формасын, өлшемін және қай жерде орналасқанын жатқа біледі.
Ересектер бір затты алып келуге тапсырма берсе, ойланбастан сол зат тұрған жерге барып әкеледі. Осы шақта балада көрнекті жалпылау дамиды. Заттарды түсі мен пішініне, өлшемі мен көлемі бойынша іріктей алады және топтайды. Өздерінің іс-әрекеттеріне қажетті заттарды қасиеттеріне, пішініне, өлшемі мен кеңістіктегі орнына қайта жинап қоюға бейім келеді. Бала бұл шақта музыка мен көркем сөзге бейім келеді. Қарапайым, орташа және тез орындалатын музыка әуенімен ырғақты қимылдар жасайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, әндегі жеке буындарға қосылып, ырғақты әуенді қайталайды.
Ересектердің көмегімен музыка әуенімен қимылдарын сәйкестендіру
қабілеттері дамиды.
2-3 жаста баланың адамдармен және қоршаған ортамен байланысы кеңиді. Бала өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптарына бағынып, тапсырмаларын орындайды.
Біртіндеп ересек адамдармен әңгімені өзі бастауға әрекет жасайды. Осы шақта балада ересекке қоятын сұрақтар саны көбейеді. Бала айналада өзін қызықтырған заттар туралы ересектерден сұрайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады және бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, ойындарына қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Үш жаста бала дамуында көптеген өзгерістер пайда болады. Сондықтан бұл шақта бала тәрбиесіне ерекше мән берген дұрыс. Осы кезең баланың дербестік пен өз «Меніне» ұмтылу шағы. Балаға ересектер тарапынан қолдау көрсетілмесе де бала өз еркімен дербес болуға ұмтылады. Балада пайда болатын «Мен өзім!» оның басты ұраны болып табылады. Бала алдына қойған мақсатына жету үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Қойған мақсатына жеткенде ғана өз әрекетіне қанағаттанады. Бұл шақта баланы ересектердің қолдауы өте маңызды. Балаға бөгет жасау ешқандай нәтиже бермейді, себебі, бала бұл шақта өз дегенін орындамай қоймайды. Себебі, бұл шақ - бала өміріндегі ең маңызды сәт. Сондықтан баланың дербес болуға ұмтылған әрекетіне ата-анабөгет жасамауы тиіс. Бала үш жас кезеңінде ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару, ойыншықтарын жинау, оларды орнына қою, тамақ ішкен үстелін сүрту, киімін ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
Психологиялық кеңес
Балада кішкентай кезінде қорқыныш сезімі төмен болса, үш жаста қорқыныш сезімдері пайда болады. Бала тіл алмаған жағдайда қорқынышты образдарды есіне салып, солардың келетінін айту олардың жүйкесіне ауырлық түсіреді және қорқынышын ұлғайтады. Баламен шындық тұрғыда ашық сөйлесу өте маңызды. Не жаман, не жақсы екенін бала бұл шақта түсіне бастайды.
2