Материалдар / "Бала дауысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала дауысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Кіріспе сөз.

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін,

Қош келіпсіз көрермен сергісін бой.

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгін мектебімізде үлкен мереке өткелі отыр.Ол барлықтарыңызға таныс «Бала дауысы-2017» ән байқауы.

Мақсаты: 1-5 сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту, талантты балдардың талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаудың бірі болады деп ойлаймыз.

-Бүгін сахнаға алғаш рет шығатын оқушыларымыз да бар, оларға сәттілік тілейміз!

Байқауымыздың жүргізушілерімен таныс болыңыздар:

4 сынып оқушылары Әбдіқадыр Әсел мен Уалиханов Бақберген.

ІІ. Концерттік бағдарлам

1 жүргізуші.

Алдымызда ұзақт жол

Ізденуден талмағай

Қиындыққа мойымай

Өнер жолын жалғағай!



2 жүргізуші.

Ал,оқушы ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ ортаға

Қол соғып қарсы алайық!

- Канеки,бәріміз ду қол шапалақпен өнерпаздарымызды ортаға шақырамыз!

1 жүргізуші:

Ал,халайық тұрмайық,

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Байқауды енді бастайық!

1 жүргізуші

Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал,әділдікпен шеше біл!.

2 жүргізуші

-Расында да әділқазылар –әділ жандар,ендеше таныс болыңыздар:

1. Сапенова Хадиша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі.

2.Байтілеуова Тіллә мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі

3.Ақылбекова Гүлнар мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі

1 жүргізуші

- Сонымен байқауымызды бастаймыз. Ортаға 1 «в» сынып оқушылары Шернияздан Мөлдір мен Абдунасыр Шахмарданды шақырамыз!

-Мөлдір, сен Шахмардан екеуің ән байқауын бірінші бастағалы отырсындар, жүрексініп,толқып тұрған жоқсындар ма? Бұрын сахнаға шығып ән айтып көрдіңдер ме? Сонымен Мөлдір мен Шахмарданның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!


2 жүргізуші.

-Келесі орындаушымыз 1 «в» сынып оқушысы Мустафакул Жансұлу

-Жансұлу, сен бізге қандай ән орындап бересің?

-Менің орындайтын әнім «Анашым» әні

1 жүрнгізуші.

-Әсел ,сен білесің бе, қазір сахнаға кім шығатынын?

-Жоқ, әрине.

-Ендеше тыңда өзі де әдемі,тіпті орындайтын әнінің аты да «Әдемі» .Ортаға «Әдемі»әнімен 2 «а»сынып оқушысы Өтегенова Маликаны шақырамыз.

2 жүргізуші

-Ортаға 2 «ә»сынып оқушысы Раджабаев Ағабекті «Жүрегім қазақ» әнімен шақырамыз.

1 жүргізуші:

Асқақтасын әніміз,

Шарықтасын сәніміз

Кел, шырқайық, кәнеки,

Қосылайық бәріміз

«Ана әке»әнін орындайтын 2 «б»сынып оқушысы Амиров Мейірбек

2 жүргізуші:

-Енді ортаға 3 «б» сынып оқушысы Султан Диязды шақырамыз.

-Дияз бізге қандай ән орындап берер екен?

- «Жаяу» әнін орындаймын.

-Жарайсың, оқушылар Диязға қол соғып қошемет көрсетейік.

1 жүргізуші:

-Ендігі ән айту езегі 3 «а» сынып оқушысы Абильда Рамазан. Рамазанның орындауында «Ауылым»әні.

2 жүргізуші:

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным – Қазақ елім.

-4 «ә»сынып оқушысы Уалиханов Бақбергенді ортаға шақырамыз.

Бақбергенің орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

-Ұлжан, достарыңның көп болғаны қандай жақсы, біздерге «Достарым»әнін орындап беруге 4 «г»сынып оқушысы Досанәлі Ұлжанды шақырамыз.




2 жүргізуші:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем!-деп ән шырқайтын 4 «в»сынып оқушысы Қазақбай Нұрболатты ортаға «Менің өлкем» әнімен қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Домбыралы,кернейлі,

Өнерпаздар алға шық.

Мерекеміз мерейлі

Кетсін әнге жалғасып,-деп бізге «Мерекем»әнін тарту ететін апалы сіңлілі Ұлжан мен Ақеркені сахна төріне шақырамыз.

1 жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Ата,әжені ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

«Тыңдай білем»әнін бізге 5 «а»сынып оқушысы Садыхан Салтанаттың орындауында қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Кербез құстар әнімен,

Келді міне сәнімен.

«Гүл көбелек»әніне,

Қол соғайық сүйсіне,-дей келе ортаға 3 «в»сынып оқушысы Шымыр Әселді шақырамыз. Қараңдаршы өзі де гүлге қонатын көбелек секілді , қанаттары бар екен.

2 жүргізуші:

Талаптан тұлпар мінейік,

Шаршамай,талмай шабатын.

Өнерін ұл-қыз көрдіңдер,

Алысқа әлі шабатын.

Сахнада 3 «ә» сынып оқушысы Сәрсенбай Рамазанды «Қазақы дастарқаным» әнімен қарсы алайық.

1 жүргізуші:

Соларға табыс тілейміз,

Өнердің мәнін ұға алар.

Ішінен шығар сан жүйрік,

Мектептің атын шығарар,-деп үміт ете отырып бүгінгі ән байқауымызды аяқтаймыз!

2 жүргізуші:

Көрермендер бүгін ерек күйге енген,

Өнерліден шексіз бейне сый көрген.

Бұл сайысты әділқазы тобы да,

Әділдікпен шешер деген ой түйген.


1 жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрдіңдер тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең,

Саралап, әділ баға берсін енді,-дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!