Рұқсатнамалық
тәртіптемені ұйымдастыру туралы
нұсқаулықтар
Рұқсатнамалық
тәртіптеме – ұйымда белгіленген тәртіп,
онда қызметкерлер мен келушілердің
бақылаусыз өту (көлікпен өту), материалдық
құндылықтарды әкелу (әкету) мүмкіндігіне
жол берілмейді.
«БЕКІТЕМІН»
Меңгеруші
_______ (қолы) /
_________________ (Т.
А. Ә.)
«__»
_______ 20__ ж.
Ғимаратта
рұқсатнамалық тәртіптемені ұйымдастыру
туралы нұсқаулық
ЖШС
«Үміт»
жеке
балабақша
ғимаратына бөтен адамдардың енуіне жол
бермеу мақсатында рұқсатнамалық
тәртіптеме белгіленеді.
1.
Рұқсатнамалық тәртіптемені ұйымдастыру
үшін жауаптылық мыналарға жүктеледі:
а)
орталық кіреберісте: күндізгі уақытта –
рұқсатнамалық тәртіптемеге жауапты;
түнгі уақытта – күзетші; б) кіреберісте:
кір жуатын жақтан – кір жуу машинасының
операторы; ас үй жақтан – аспаз;
I
кіші топқа кіреберіс – тәрбиеші;
II
кіші топқа кіреберіс – тәрбиеші және
т. б.
2.
Балабақшаға кіруге: тұрақты рұқсатнамасы
жоқ тұлғаларға жеке басын кәландыратын
құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі;
балабақша қызметкеріне – рұқсатнама
бойынша (тізім бойынша); тәрбиеленушілер
мен олардың ата-аналарына (заңды
өкілдеріне) – рұқсатнама бойынша.
3.
ЖШС
«Үміт»
жеке
балабақшасының
жұмыс уақыты былай белгіленеді: жұмыс
күндері 7:30
бастап 19:00
дейін; қалған уақытта балабақшаға кіру
балабақша меңгерушісінің рұқсатымен
жүзеге асырылады.
4.
Апаттық қызмет мамандары, жөндеу
бригадалары жұмысты меңгерушінің, ӘШБ
жөніндегі орынбасардың бақылауымен
жүргізе
«БЕКІТЕМІН»
Меңгеруші
______ (қолы) /
_________________ (Т.
А. Ә.)
«__»
________ 20__ ж.
Рұқсатнамалық
тәртіптемеге жауапты адамның нұсқаулығы
ЖШС
«Үміт»
жеке
балабақшасының
Рұқсатнамалық тәртіптемеге жауапты
балабақшада жұмыс істейтін қызметкерлер
ішінен тағайындалады, меңгерушіге
бағынады және: балабақшадағы рұқсатнамалық
тәртіптемені ұйымдастыруға; ғимарат
фойесіндегі тәртіпті сақтауға жауап
береді. Кезекші: бөгде адамдардың
балабақша ғимаратына кірмеуіне; балабақша
фойесінде тәртіп пен реттілікті
қамтамасыз етуге; барлық бұзушылықтар
туралы меңгерушіге, оның орынбасарларына
хабарлауға міндетті. Ата-аналарға
арналған хабарландыру үлгісі: Құрметті
келушілер! Балабақша аумағында
рұқсатнамалық тәртіптеме ұйымдастырылғанына
назарларыңызды аударамыз. Рұқсатнамалық
тәртіптеме – адамдардың бақылаусыз
кіруіне (шығуына), мүліктер мен қызметтік
құжаттарды енгізуге (шығаруға), сондай-ақ
объектіге автокөліктің кіруіне (шығуына)
мүмкіндік бермейтін іс-шаралар мен
ережелер жиынтығын қамтамасыз ету
тәртібі. Рұқсатнамалық тәртіптеме білім
беру процесімен айналыспайтын балабақша
қызметкерлері жүзеге асыратын
рұқсатнамалық тәртіптемені белгілейді.
Аумақта жүруге: белгіленген жұмыс
уақытына сәйкес ( 07:_30
бастап
19:00
дейін) қызметкерлердің; мердігерлік
шартқа сәйкес өздеріне белгіленген
жұмыс учаскесінде уақытша жұмыс істейтін
тұлғалардың; балаларды қабылдау кезінде
07:30
бастап
09:30
дейін және балалардың кетуі кезінде 17:00
бастап 19:00
дейін тәрбиеленушілердің ата-аналарының
құқығы бар. Балабақша ғимаратына кіруге
жеке басын куәландыратын құжат болған
кезде ғана рұқсат етіледі. Тәрбиеленушілердің
заңды өкілдері немесе олардың тапсырмасы
бойынша балаларды балабақшаға алып
келетін басқа да тұлғалар тәрбиеленушіні
тәрбиешіге табыстауға тиіс, ол болмаған
жағдайда – топ тәрбиеленушілерін
қабылдайтын басқа педагогикалық
қызметкерге, тәрбиешінің көмекшісіне
табыстайды. Балабақшадан баланы оның
заңды өкілдері алуға тиіс. Баланы ұйымнан
өздері ала алмайтындай объективті себеп
болған жағдайда (ауырып қалу, қызметтік
іссапар, жұмыс кестесі, т. б.), тәрбиеленушінің
балабақша басшысының атына жазған
өтініші негізінде басқа тұлғалар (жақын
туыстары, таныстары) ала алады.
Тәрбиеленушілерді 16 жасқа толмаған
жасөспірімдерге, алкогольдік немесе
есірткілік масаю күйіндегі адамдарға
табыстауға тыйым салынады. Балабақша
ғимаратына меңгерушінің, ӘШБ жөніндегі
орынбасардың, апаттық жағдай туындаған
жағдайда ұйымда қызмет көрсететін
қызметкерлердің күні-түні кіруіне
рұқсат етіледі. Балабақша аумағына
көлік құралдарының (қызмет көрсетуші
көлік құралдарынан басқа) кіруіне тыйым
салынады. Арнайы мақсаттағы автомобильдердің
(өрт сөндіру, апаттық, ТЖМ, жедел
медициналық көмек, полиция) балабақша
аумағында өрт, апат, табиғи апаттар,
қайғылы оқиғалар және қылмыс жасау орын
алғанда кедергісіз енуіне жол беріледі.
Рұқсатнамалық тәртіптеме қолданысқа
енгізілуіне байланысты балабақша
ғимаратына кіру 07:30
бастап 20:00
дейін орталық кіреберіс арқылы ғана
жүзеге асырылады.