"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»

Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің  әр күні мен сағаты  тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн. Онлайн әңгімелесу барысында оқушылардың мемлекеттік заңдарын білу, құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарау жайы нақтыланды. Оқушыларға сауаттылығы мен мінез-құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары, баланың құқықтары туралы әртүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы орайда балаларға жан-жақты мәлімет беру қажеттілігі күн тәртібінен түскен емес.

Халықаралық еңбек ұйымымен жарияланған 12 маусым -Бүкіл дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында, 1-12 маусым аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты іс-шаралар өткізілуде.

«Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясына» сәйкес балалар еңбегі – бұл олардың денсаулығына зиянды болып, білім алуына, дамуына кедергі болатын және келешек өміріне нұқсан келтіретін жұмыс. Осыған орай біздің мектебімізде 2021 жылғы 1 маусымында «Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес» күні аясында «12 күндік күрес» тақырыбында іс-шаралар өткізіліп келеді.  2021 жылы мектебімізде «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» атты ұранмен акция өткізілуде. Акция, рейд тақырыптары: «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» ,«Көше». 1-4 сыныптар арасында «Бақытты бала- бақытты ел» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оған мектептің әлеуметтік педагогы мен сынып жетекшілері қатысты онда ата аналарға «Бала енбегін пайдалануға жол жоқ» такырыбында жаднамалар, мен буклеттер таратылды.

Осындай іс-шараларды ұйымдастырудағы мақсат: бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Егер бұзушылық болған жағдайда,111 номерімен бірынғай call –орталыққа қоңырау шалуға болады.Ол Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі бастама бойынша ашық және балаларға заңдық және психологиялық көмек көрсетеді.Желі тәулік бойы,соның ішінде демалыс күндері жұмыс істейді.Қоңырау шалу тегін.

«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай  айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы, сондықтан қабырғасы қатпаған, буыны бекімеген жастың еңбек құқығын сақтауға қатысты заңнаманың мүлтіксіз орындалуы – заман талабы. Бұл жас ұрпақтың алдындағы азаматтық парызымыз болмақ.

Бала аспанын бұлт шалмасын! Балалар біздің болашағымыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2021
637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі