400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала еңбегін қалай бағалайсыз?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- анаға баламен жұмыс жасай білу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бала еңбегін қалай бағалайсыз?»


Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – біреудің еңбегін бағалау, оның тындырған ісіне мән беру, көңіл аудару. Өзіңіз үшін ғана маңызды нәрселерді «байқағыш келетіндігіңізді» еш ойлап көрдіңіз бе? Осы себепті, оны басқа біреу «байқап қалса болды» ол бізге үлкен құрмет еткенмен тең болары сөзсіз. Өйткені, ол бізге маңыздылығымызды қабылдап тұрғандығын ұқтыруда. Ал, бұл жағдай болса біздің көңіл-күйіміздің бірден көтерілуіне себеп болады. Балалардан да бұны байқау қиын емес. Әр бала сырттан бақыласаңыз, өзінің қылықтарымен «Мен қадірлімін. Маған қараңдар! Маған көңіл аударыңдар!» дейтіндей. Тіпті, қарап отырсаңыз, олардың көп қолданылатын сөздері «Шеше, қарашы?! Әке, қарашы?!» емес пе?

Бірақ, балалардың көңілді өздеріне қаратуы әртүрлі жолдармен болып жатады. Тамақ жемей қою, басын қабырғаға соғу, бір нәрселерді сындыру, бауырын ұру, мектепте бір нәрсені бүлдіру секілді т.б.


«Адамдарға бағасын сездіре алатын мүмкіндік туып жатса, міндетті түрде, қапы қалмаңыз»

Ж. Х. Броун


«Адамдарды бағалай білген жағдайда ғана сіз оларды басқара аласыз».

Джим Дорнан


Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.» Бұл ғажайып құдайшылдық аңықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалы шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа тенесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік. Бала қабілетін ерте жастан байқай білу, дарынын ашу, қолдан келгенше жағдай туғызу нәтижесінде рекордсмендер сондай ұлы жетістіктерге жеткен екен. Бұл үлкен жетістікке жетудің астарындағы сырлардың бір қыры ғана. Ендеше, баланың өзіне тән талпыныстары мен еңбегін бағалауға мән беру керек. Бұл ата-аналардың барлығы да балалары жарыста жеңсе бірге қуанып, жеңілсе бірге мұңайғандар, жеңілген кезде де балаға сүйеу болғандар. Баланың жарысқа қатыса жүріп, көп нәрсені көкейге түюінің өзі үлкен жеңіс. Ал жеңілудің өзі сол іске көбірек жұмылып, әлі де жұмыс істей түсу керектігін ұқтырмай ма?! Алайда, белгілі бір жерге жеткен соң көп нәрсенің тікелей баланың өзіне қатысты болары да шындық. Кейбір ата-аналар балалары көп нәрсеге қабілетті, алайда еңбектенуді қаламайды деп біледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі