Материалдар / "Бала және заң"

"Бала және заң"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау; - Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мұғалімнің аты- жөні:


Сапабекова А.С.


Ресурстар


Күні:

14.01.2025 жыл

Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:











































































































































https://www.youtube.com/watch?v=QO-rBfC4lcY























https://www.youtube.com/watch?v=khJi1fwEqGQ










































Тәрбие тақырыбы:

«Бала және заң»


Құндылық


Заң және тәртіп

Құзыреттілігі

Азаматтық борыш және парасаттылық

Мақсаттары:








- Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау;

- Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту;

Қауіпсіздік сабағы


«Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

Апта дәйексөзі


Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)


















































Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі










































































Соңы(бекіту)

Сәлемдесу


3 ЖЖЕ «Жарақаттанған кездегі алғашқы медициналық көмек»



Шаттық щеңбері.

Құқығымды жақтаған,

Жақсы жолға баптаған.

Ата заңым айбыным,

Адалдықты сақтаған!


Жаңа сабақ.

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар


Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.

Ой толғау.



Бейнеролик

«Ата–ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы»



Сергіту сәті.

«Артығын тап» ойыны


«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)


Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?



«Ой жалғау»


Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)


Қорытынды.

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу: Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың. 

 




Сәлемдесіп ЖЖЕ танысады




























Өлең жолдарын қайталайды

























Балалар интерактивті тақта арқылы ойынды ойнайды

































Бейнероликті тамашалап, талқылайды























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!