"Бала және заң"

Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Бала және заң"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға заң туралы алғашқы түсінік беріледі.Құқық және міндет туралы түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Пән аты:

Тәрбие сағаты

Педагогтың Т.А.Ә

Байғазина Дария Сатқарбекқызы

Күні:

27.01.2025ж

Сынып: 1 «Д»

Қатысушылар саны:32

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Бала және заң»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Заң және тәртіп

Апта дәйек сөзі: Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды

Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

ау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.





Ортасы










































































































Аяқталуы


Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.


Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2004 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
Көрініс: Екі баланың партаға таласуы.
Сұрақ: Балалардың арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?
(Оқушылар ойын тыңдау)
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
- Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
- Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
- Мен демалуға құқықтымын.
- Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар.
- Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.
- Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар.
- Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
- Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар.

Көріп отырсыздар, біздің  оқушыларымыз  өз азаматтығы жайында көп біледі екен. Олар мұны кітаптан емес, өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына, неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.

Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?
- Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын.
- Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын.
-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.
- Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек)
- Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек)
- Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек)


Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

 «Ой жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?»

Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері

Педагог: қауіпсіздік менеджері қоңыраудың себебін тез түсініп алу үшін дұрыс хабарлап айту керек.


Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге нені хабарлау керек:

1. Мекенжайды хабарлау керек. Себебі байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

3. Не жағдай болды: өрт шықты, газдың иісін сездіңіз, төбеден су кетті және т.б. Диспетчерге үйдің, пәтердің нөмірін және аты-жөніңді, телефон нөміріңді хабарлау керек.

МАҢЫЗДЫ! Төтенше қызметтерге жалған қоңырау шалуға, алдауға болмайды!

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111



«Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.















Өз ойларымен бөліседі

































Сұрақтарға жауап береді














Мақал-мәтелдердің жалғасын табаады




















































































Презентация





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі