жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БАЛА ЖҮРЕГІНДЕГІ - ОТБАСЫ
«Менің мамандығым» студенттермен кездесу кеші
Мақсаты:
Оқушыларды
жоғары оқу орындарында белгілі бір
мамандықта білім алып жатқан студент
жастармен кездестіре отырып, пікір
алысуға, болашақ мамандығын таңдауда
жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби
мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға,
сол жолда тиянақты да, саналы білім
алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт
беру.
Міндеті:
-
мектеп бітіруші түлектерге кәсіби -
шығармашылық тәрбие беру бағытында
кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
-
болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге
бағыт - бағдар беру;
- белгілі бір
еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп,
нақты көзқарас қалыптастыруына көмек
беру.
Күтілетін
нәтиже:
Мектеп
бітіруші түлектердің және негізгі орта
мектепті аяқтаушы оқушылардың осы
студенттермен кездесу барысында тиянақты
шешім қабылдауы, белгілі мамандық
саласына таңдау жасауы.
Жоспар:
1.
Кешті ашу.
2
Таныстыру.
3.
Студенттер мен оқушылар арасындағы
ойын
4. Студенттерге оқушылардың
қоятын сұрақтары
5.
Тілектер шоғы
Өтілу барысы:
1
– жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді
халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын
ашайық.
Қуанышты шаттықпенен
жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш
сыйлайық.
Қайырлы
күн! құрметті ұстаздар!
2-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кеш қонақтары!
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін – деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз! (музыка ойнайды. Студенттер орындарына жайғасады)
2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,
Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.
Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,
Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!
2-жүргізуші: Студенттік өмір біздің де есімізде,
Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.
Біз түлеткен аяулы студенттер,
Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.
(қошемет)
1-жүргізуші: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чекобаева Гульнар Аменовнаға сөз кезегін береміз.
2
- жүргізуші:
Кешіміз
басталады салтанатты,
Төгілген күн
нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер
би билейді,
Халайық, қол соғыңдар
қуанышты
2 - ж: Ендігі кезекте ойынға береміз. Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әртоп өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге
қойылатын терминдер:
1.
Лекция,
сессия
2. Стипендия, жатақхана
3.
Аудитория, декан
1
- жүргізуші:
Оқушыларға
арналған терминдер:
1.
1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор,
сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау,
емтихан, тест
Әр
адамның басында қызықты да шытырман
оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік
және оқушылық кезеңде шешуін таппас
оқиғаларға тап келесің. Ал,
сол кезде сендер не істер едіңдер?
2
- ж:
Келесі
кезекте мен бір жағдай туралы оқимын,
соған жауап берулеріңіз керек. Сондай
кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер?
Ал іске сәт.
Оқушыларға
берілетін жағдай.
Сабақ
өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім
сабақ түсіндіріп жатыр. Тек бір баладан
басқа балалар сабақты мұқият тыңдап
отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап,
оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш
отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ
бұл бала осы сабақты түсініп шығуы
керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер
мұғалім болсаң не істер едің?
1
- ж:
Студенттерге
берілетін уақиға. Сессия уақыты. Емтихан
жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін
ең жақын досың қолындағы билетінің
жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді.
Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда
сен досыңа қалай көмек берер едің?
2
- ж:
Студенттерге
оқушылардың қоятын сұрақтары болса
рұқсат.
- Куратор мен сынып жетекшінің
айырмашылығы бар ма?
- Адам өзін
белгілі бір мамандыққа қашан, қалай
дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам
болашақ өз мамандығын таңдаған кезде,
нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл
мамандықты таңдауыңызға не себеп
болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам
нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Осы
мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен
бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген
шақтарыңыз болды ма?
- Мектепте жүрген
кездеріңіз ұнай ма? Әлде
студенттік кезең ұнай ма?
1
- ж:
Студенттердің
оқушыларға айтар тілектері бар ма екен?
Тыңдайық
2-
ж:
-
Я шынымен де студентік өмір қызықты да
көңілді өтетіні анық! Қиын
да сәттері болады. Алайда осының бәріне
тойтарыс беретін жас студенттер аз
емес. Студенттің басты мақсаты білім
алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр
студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты
болуы қажет!
1
- ж:
Ия
студент, ол - Студент!
Студенттік өмір
– Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия
– Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан
кейін – Дауылдан кейін.
Степендия –
Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға
шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание
– Кешікпей келем деп ең.
Лекция –
Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең,
мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл
көпір.
1
- ж:
Рахмет!
Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның
алды бол көшті бастар.
Биіктерден
әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың
- сендер жастар!
2
- ж:
Ащыны
да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да
жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде
тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты
"студенттер" бақыттылар!
Тілектер шоғы: студенттердің тілегі түлектерге
1
- ж:
Самғаңдар
бейбіт елдің аспанында,
Зулайды
жастық дәурен қас - қағамда.
Мектебің
ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті
қадам жастарына.
- Бүгінгі салтанатты
жиынымызды қорытындылау үшін сөз
кезегін мектебіміздің ұстаздарына
береміз.
2
- ж:
Өмірлерің
студенттік мәнді болсын,
Қызыққа
әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда
барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе
бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі
студенттермен кездесу кешіміз осымен
аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңізге көп рахмет.
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Калиева К.К.
Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады!
(атты студенттермен кездесу кеші)
Тәлімгер: Қайшыбаева А.А.
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген