Материалдар / Бала көңілін табыңыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала көңілін табыңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2022
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала көңілін табыңыз

Қатысатындар: Ата - аналар
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбиелеуге бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты балаларымыздың екінші үйінің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. өз есіміңізді және балаңыздың есімін қосып айту. Мысалы: мен Индира ұлымның аты Бекжан ....Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе?
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады.
1. Балалар туралы газет - журнал беттерінде жарияланған материалдарды немесе радио, телехабарларды жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба?
2. Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса, онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар - ау деп ойлайсыз ба?
3. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
4. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
5. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?
6. Спорттың баланың жан - жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?
7. Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
8. Балаңыздың әр түрлі сылтаулармен «құтылуға тырысуы» сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?(Жауап парағы алынады)
Психологтың қорытындысы: Әрбір мақұлдау жауапқа - 2 ұпай, ал «кейде» деген жауапқа - 1 ұпай, ал «қарсы» жауабыңызға - 0 ұпайдан қойыңыз.
6 ұпайдан төмен - бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екенін көрсетеді.
7 - 10 ұпай - сіз бала тәрбиесінде қателік жіберіп аласыз, олқы тұстарыңыз баршылық.
15 ұпайдан жоғары - ата - аналық парызыңызды жақсы атқарып жүрсіз.


Ойын: «Өтінемін»

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Барысы: Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады.

– Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

–  Рахмет, Өтінемін және т.б.

–  Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз шарт. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтініштерді орындамайсыздар.

–    Секіріңдер!

–  Оң аяқты көтеріңдер!

–   Қол шапалақтаңдар!

–  Бір - біріңді құшақтаңдар! т.с.с.





4. «Ең, ең» пікірталасы
Психолог қатысушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізеді:
1. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
2. Балаңыз сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз және қандай сұрақтар қоясыз?
3. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
4. Отбасының негізгі міндеті не деп ойлайсыз?
5. Балаңыз кездейсоқ сәтсіздіктерге ұшыраса, оған қалай қарайсыз?
6. Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл берекенің бала үшін тәрбиеде маңыздылығы қаншалықты?



5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса, жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.


7. Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Психолог бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысын білдіреді.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды.



Мұны да білген жөн !
(Ата-аналарды пайдалы ақпаратпен таныстыру) 


1.тас

2. ас бұршақ

3. құм

4. су

Банканың ішін алдымен тастармен толтыру. Одан кейін ас бұршағын салып араластыру, бұршақтар тас арасындағы бос жерлерге орналасады.Оның үстіне құмды, одан кейін суды құю. Су банкадағы құмды ерітіп жібереді.
Мағынасын түсіндіру: «Біздің өміріміз мына банка секілді. Тастар өміріміздегі ең маңызды нәрселер. Жанұямыз, балаларымыз, денсаулығымыз, яғни бізді бақытты ететін нәрселер. Ас бұршақтары жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет,мансап, көлік т.б. Ал құм қалған ұсақ түйектер. Егер банкаға алдымен құмды толтырсақ, онда тасқа да, ас бұршаққа да орын болмас еді. Өмірде дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш жігеріңізді ұсақ түйекке кетірсеңіз, маңызды нәрселер үшін орын қалмайды. Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз.Ең басты сізге не қажет, соған уақыт бөліп сол мақсат мүддеңізді орындауға асығыңыз. Ал қалғандары жәй құм ғана. Өмірімізді құм секілді ұсақ түйекке кетіріп алмай, ең маңызды нәрселердің бірі бала тәрбиесіне маңызды көңіл бөлейік.»

Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.Тренингті бастамас бұрын, танысып алайық, «Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын өткізейік. Әрбір қатысушы өз отбасын гүл бейнесінде салып таныстырып өтеді.

Тренинг:
Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу

Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»

Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.

Барлығы шеңбер болып тұрып «Пампам пара ра- рам» ойынын ойнайды.

Қорытынды бөлімінде жалпы ата-аналармен жеке бастың қасиетін бағалау. «Мен сізге жазамын» атты ойынымен аяқталып, кері байланыс парағы «Ең түйін сөзді мен айтамын» стратегиясы. (Әр ата-ананың пікірін тыңдау) Қатысушыларға ақ парақ беріледі, оны толтырып, өткізеді.

Психолог: Жақсы адам да күн сияқты айналасына жылу береді. Күн табиғатқа, жер бетіне жылуын таратады. Мына кішкене гүлді бір-бірлеріңізге бере отырып, жақсы тілектеріңізді айтып шығыңыздар.

Ата-аналар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілектер айтады.

Бүгінгі тренингке қатысқан ата-анаға алғысын білдіреді.

Нәтиже:

  • ата-ана өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді;

  • өзін-өзі және өзгелерді сыйлауға, бағалауға, мейірімділік көрсете білуге үйренді;

  • баланың көңілін табуға, өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға ықпал жасады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!