400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бала Мәншүк" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретіндегі ашық сабақ үлгісі. Оқушылардың айтылым, оқылым, жазылым , тыңдалым дағдыларын жетілдіруге таптырмас құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің атыӘдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

МұғалімНурлыбаева Ш

Сабақтың атауы

М Хакімжанова Бала Мәншүк

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1.Білімдік - Оқушылар қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағыны батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.Ержүректілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: «Топтастыру», «ББҰ», «Бес жолды өлең»

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.

Психологиялық ахуал

- Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?

  • Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?

  • Әлия бала кезінде қандай болған?

  • Әлия өсірген гүлдердің атын ата.

Сұрақтарды жазып, жасырын түрде түрлі қағаздарға бүктеп қоямын. Бірдей сұрақтар түскен оқушылар топтарға бірігіп отырады.

  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

IV топ: Жігерлі

Сергіту сәті

Жаңа сабақ.

  • Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды?

  • Биыл Жеңіске неше жыл толады?

  • Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?

  • Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім?

  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды.

«Білемін» бөлігін топтастырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз



  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.

  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?

«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?


«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.

  1. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

4. Мәншүк туралы мағлұмат беру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.

5. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.

Әр топ өзінің оқыған бөлігіне ат қояды.

6. Дәптермен жұмыс

Бөлік аттарын дәптерге жазу

І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»


Ой толғаныс

  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата Мінездеме беріп қара.

ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.

ІІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.

IV топ: Мәншүктің анасына хат.

  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк

  2. Сын есім.Қандай? — ержүрек, батыр.

  3. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  4. Сөйлем. Мәншүк- қазақтың батыр қызы.

  5. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

IV топ: Мәншүктің анасына хат.


Ү.Поэзия минуты

ҮІ.Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

  1. Мәншүктің шын есімі — Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.

2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

3. Бекіту сұрақтары:

- Мәнсияның (Мәншүктің) әкесі оны қайда алып қайтты?

- Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды?

- Анасы оны кім деп еркелетті?

- Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?


Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі