"Бала миын дамыту"

Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Бала миын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті аналар, сәбидің дүниеге келуі ең қуанышты, ең керемет сәт екенін білерсіз! Ал, ол нәрестенің дені сау, саналы ұрпақ болып өсуі ең маңызды дүниелердің бірі! Нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның ағзасы қоршаған ортаға бейімделумен болады. Себебі, нәрестенің ағзасы әлі толық жетіліп дамымаған. Әсіресе, баланың МИЫ толық дамып, өз қызметін қалыптастырмаған. Жалпы ми адам ағзасындағы ең күрделі, әлі толық зерттеліп аяқталмаған мүшеміздің бірі. Әйтседе, осы бір бас орган біздің ағзамызды толығымен басқарып тұр. Егер ми дұрыс жұмыс жасамаса, ағзамызда қаншама қиындықтар, келеңсіздіктер болады. Нәресте миының дамуы оның ата-анасының жауапкершілігі мен білімділігінде. Мынаған бір сәт ой жүгіртіңізші, ертеден көпшілігімізге белгілі «Маугли» ертегісі, нәресте туылғаннан ну орманда, аңдардың арасында өседі, содан оның барлық дамуы сол аңдарға ұқсас болады. Бірақ та, оның адам деген болмысы бар еді, миының жоғарғы ми қызметтерінің жұмыс жасау қабілеттері бар еді. Өкінішке орай ол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапсырма: Егер балаңыз 1 жасқа дейін болса, жоғарыда көрсетілген жаттығулардың барлығын балаңызға күнделікті жасау

Ешқашан 1-ші, 2-ші, 3-ші балаларыңыздың дамуын өзара салыстырмаңыз! Сонымен қатар балаңызды көршінің, құрбыңыздың, абысыныңыздың баласының дамуымен салыстырмаңыз! Себебі, әр бала жеке тұлға! Әр баланың индивидуальды ерекшелігі болады!

1. Ладушки, ладушки! Где были?

У бабушки. Что ели?

Кашку. Что пили?

Бражку деген өлең жолдарында алақаныңызды көрсетіңіз, балада соны қайталасын

Кашка масленька, Бражка сладенька,

Бабушка добренька - деп өзіңізде алақаныңызбен шапалақ жасаңыз Попили, поели!

Шу — полетели!

На головку сели. деп қолдарыңызды жоғары көтеріп, басыңыздың

жоғарғы жағына екі алақаныңызды біріктіріп, «ҮЙ» жасадық деп көрсетіңіз, айтыңыз


Тапсырма: Жоғарыда көрсетілген әдістердің бір түрін күнделікті балаңызбен жасаңыз. Бір күнде 3-5

әдістерді қосарлап жасап, балаңызды қинаудың қажеті жоқ. Ол баланы жалықтыруы мүмкін. Сондықтан, күніне бір әдістен балаңызбен жұмыс жасаңыз


Тапсырма: Жоғарыда көрсетілген әдістердің бір түрін күнделікті балаңызбен жасаңыз. Ұмытпаңыз балаңызбен үнемі сөйлесуіңіз

қажет

Барлық бала миын дамытуға арналған жаттығуларды толық тәжірибелік тұрғыдан түсініп үйренгіңіз келсе, сізге арналған керемет «БАЛА МИЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ» атты 25 видео-сабақтардан тұратын авторлық

курсымды ұсынамын. Курста 0-5 жасқа дейін бала миын дамытуға арналған әдістер, ұсақ моториканы дамыту әдістері көрсетілген. Тек қана сіз үшін бағасы 3000тг.





Балаңыздың дамуын бағалауға арналған чек лист ТЕГІН беріледі

Балаңыздың дамуын бағалауға арналған чек листті тек бүгін ғана 500тг ала аласыз


Тапсырма: Жоғарыда көрсетілген әдістердің бір түрін күнделікті балаңызбен жасаңыз. Ұмытпаңыз балаңызбен үнемі сөйлесіп диалог құруыңыз қажет


Тапсырма: Баламен күнделікті жұмыс жасап, мектепке тыңғылықты дайындаңыз. Сонда, мектеп кезеңі балаға ауыр соққы болмайды.

























































1



  • Кіріспе

Мазмұны

  • Бала миының даму ерекшелігі

  • Мидың құрылымы және қызметі

  • Бала миын дамытушы әдістер

  • Ұсақ моторика дегеніміз не?


  • Мимен ұсақ моториканың байланысы қалай?

  • 0-1 жас аралығында бала миын дамыту әдістері

  • 1 жасқа дейін баланың қимыл қозғалысының қалыпты дамуы

  • Еңбектеудің бала үшін 7 түрлі маңызы

  • 1-2 жас аралығында бала миын дамыту әдістері

  • 2-3 жас аралығында бала миын дамыту әдістері

  • Артикуляциялық жаттығулар

  • 3-4 жас аралығында бала миын дамыту әдістері


  • 4-5 жас аралығында бала миын дамыту әдістері


  • Қорытынды

Кіріспе

Құрметті аналар, сәбидің дүниеге келуі ең қуанышты, ең керемет сәт екенін білерсіз! Ал, ол нәрестенің дені сау, саналы ұрпақ болып өсуі ең маңызды дүниелердің бірі! Нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның ағзасы қоршаған ортаға бейімделумен болады. Себебі, нәрестенің ағзасы әлі толық жетіліп дамымаған. Әсіресе, баланың МИЫ толық дамып, өз қызметін қалыптастырмаған. Жалпы ми адам ағзасындағы ең күрделі, әлі толық зерттеліп аяқталмаған мүшеміздің бірі. Әйтседе, осы бір бас орган біздің ағзамызды толығымен басқарып тұр. Егер ми дұрыс жұмыс жасамаса, ағзамызда қаншама қиындықтар, келеңсіздіктер болады.

Нәресте миының дамуы оның ата-анасының жауапкершілігі мен білімділігінде. Мынаған бір сәт ой жүгіртіңізші, ертеден көпшілігімізге белгілі «Маугли» ертегісі, нәресте туылғаннан ну орманда, аңдардың арасында өседі, содан оның барлық дамуы сол аңдарға ұқсас болады. Бірақ та, оның адам деген болмысы бар еді, миының жоғарғы ми қызметтерінің жұмыс жасау қабілеттері бар еді. Өкінішке орай ол қабілеттері толық дамымады. Неге? Себебі, сырттан оны дамытушы ешқандай факторлар болмады. Яғни, бұдан шығатын қорытынды бала миының толық дамуы үшін, мидың жұмыс жасау қабілеттерін ашу үшін онымен туылғаннан бастап жұмыс жасалу керек. Сондықтан, құрметті аналар қолыңыздағы кітап сіздің балаңызбен жұмыс жасауға, балаңыздың миын дамытуға арналған таптырмас құрал. Тек қана кітаптағы ақпаратты оқып қана қоймай, міндетті түрде балаңызбен жұмыс жасап, тапсырмаларды орындаңыз!

Сіздің балаңыздың дамуы - сіздің қолыңызда!


Ізгі ниетпен Нурсипат Нураддинкызы!

Бала миының даму ерекшелігі

Жүктіліктің бастапқы кезінде нәресте дамуында ең алғаш пайда болатын орган

- ол нерв түтікшелері, яғни мидың алдыңғы құрылымдары пайда болады. Содан кейін, жүктіліктің барлық кезеңінде нәрестенің басқа органдарымен қатар 9 ай бойы бас ми нерв клеткалары дамиды. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы болып жатқан процестің барлығы, құрсақтағы баланың дамуына міндетті түрде әсер етеді. Сондықтан, нәрестенің дұрыс дамуында әйел ағзасының жүктілікке дайын болуы және жүктілік кезеңінің қалыпты өтуі өте маңызды




Нәресте туылғаннан кейін де миы, яғни орталық жүйке жүйесі 2 жасқа дейін өте белсенді түрде дамиды. Одан кейін біртіндеп мидың жұмыс жасау қабілеті артып, ми қыртыстары 7 жаста толық дамып аяқталады.

Осы сәтте, ойланыңызшы неге бала 7 жаста мектепке бару қажет? Себебі, осында ми толық дамып, ақпаратты қабылдауға, оны ойлауға, түсінуге, қорытуға дайын болады.

Мидың құрылымы мен қызметтері

Ми бірнеше бөліктер мен құрылымдардан тұрады: сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми және ми жарты шарлары. Әр бір мидың бөлімдерінің өз атқаратын қызметтері бар. Ми біздің ағзамыздағы барлық органдарымызды басқарып отырады, яғни біздің ағзамызда әрбір орган бөлек бөлек жұмыс жасамайды, мысалы, жүрек, асқазан, бүйрек, бауыр т.б. органдарымыз барлығы бірге біріккен түрде синхронды жұмыс жасайды. Оркестрді басқарып әдемі әуезді ән шығаруға мүмкіндік беретін дирижёр болса, ал МИ біздің ағзамыздың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін дирижёр.







Мидың ең маңызды бөлімдерінің бірі ми жарты шарлары (ми қартысы): оң жақ және сол жақ ми жарты шарлары. Неге маңызды? Себебі, осы ми қыртысының дамуы және қызметі арқылы адам қоршаған ортаға бейімделеді, жеке тұлға болып дамиды. Яғни жоғарғы ми қызметтері: көру, есту, дәм сезу, сөйлеу, күрделі қимылдар жасау (праксис), ойлау, түсіну, оқу, жазу, есептеу, интеллект, таным, эмоция, психика, мінез-құлық қалыптасады. Екі жақ ми жарты шарларының жұмыс жасауы өте ерекше. Оң жақ ми жарты шарлары біздің денеміздің сол жақ жартысын басқарады, ал сол жақ ми жарты шарлары керісінше оң жақ бөлігімізге жауап береді.

Төмендегі суреттерден ми қыртысының негізгі атқаратын қызметтерінің орталықтарын көре аласыздар:





Ми қыртысының бөлімдерінің қызметтері


Ми қыртысы маңдай, самай, төбе және шүйде бөлімдерінен тұрады.

Маңдай бөлігі – денеміздің қимыл қозғалыстардың орталығы, буын бұлшықет жүйесі,тепе теңдікті сақтауға қатысады. Сонымен қатар, маңдайда сөйлеудің моторлы орталығы орналасқан. Яғни, сөйлеу автоматизмінің дамуы, ауызша сөйлеудің дамуы және де маңдайдың төменгі бөлігінде музыкальды моторлы орталық орналасқан. Мұнда сөйлеудің тонын, модуляциясын реттейді және музыкалық қабілетін көрсетеді, мысалы: ән айту, қара өлеңді мәнерлеп оқу т.б. Маңдайдың ортаңғы бөлігінде қолдың қимыл қозғалыс орталығына сәйкес жазу орталығы орналасқан. Ең басты қызметінің бірі маңдай адамның психикасының дамуының орталығы

Төбе бөлігі – тактильді, ауырсыну, температура жалпы дененің сезімталдық орталығы орналасқан. Сонымен қатар, өз дене мүшелерін тану орталығы орналасқан. Мысалы: қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз т.б. тану білу. Күрделі қимыл қозғалысты (праксис) қамтамасыз етеді. Төбе бөлігінде санау, есептеу, яғни математикалық қабілеттің орталығы орналасқан. Және ішкі органдардың қызметін реттеуші орталық

Самай бөлігі – есту орталығы. Және самайды вестибуллярлы анализатор орналасқан, ол адамның тепе теңдік сақтауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дәм сезу, иіс сезу орталығы. Ең маңызды қызметінің бірі сенсорлы сөйлеудің орталығы. Ол дегеніміз сырттан келген дауыс дыбыстарды өзінің немесе бөгде адамның даусы екенін ажырата алуы және оны түсінуі. Және осыған жақын жерде музыкалық дыбыстарды және әуендерді тану орталығы да орналасқан. Мән берген болсаңыз, бізде сөйлеудің орталығы миымыздың екі бөлігінде орналасқан маңдай және самай бөлігінде.

Шүйде бөлігі – көру орталығы, айналаны, заттарды көру арқылы тану. Танымайтын жаңа ортаға көру арқылы ориентация жасау. Төбе мен шүйде бөлігінің шекарасында жазу орталығы орналасқан.

Бала миын дамытушы әдістер

Бала миы туылғаннан жетіліп дамып туылмайды. Егер ми толық дамыған болса, нәресте анасының құрсағынан шыққан сәттен бастап өзі жүріп, отырып, сөйлеп, қажетін айтып сыртқы ортада емін еркін өмір сүретін еді. Алайда, олай болуы мүмкін емес... Бала миы жалпы ағзасы біртіндеп, әр ай сайын баспалдақпен жоғары көтерілгендей дамиды. Осы сәтте нәрестенің дұрыс дамуы үшін сыртқы ортасынан, яғни ата-анасы оған үнемі стимул жасау керек.

Медицина жыл сайын дамып, озық технологияар пайда болса да, миды дамытатын ешқандай дәрі жоқ. Жалпы мидың қызметін дамытатын «Ғажайып» препарат әлі ойлап табылған жоқ. Егер сондай препарат болса, біз дәрігерлердің жұмысы біршама жеңілдеуші еді... Себебі, көпшілік аналар баласының миын дамыту үшін «Ғажайып» дәрі сұрайды, сол бір дәрінің арқасында баласының миын дұрыс дамытқысы келеді... Әттеген-ай, бала миын дамыту оның дұрыс дамуын қалыптастыру деген үлкен еңбек, яғни баламен үнемі жұмыс жасауды талап ететін дүние. Ендеше, бала миын дамытатын қандай әдістер бар?

Оның бірден бір ең қарапайым құралы ол баланың ұсақ моторикасын дамыту. Жалпы, ұсақ моторика дегеніміз не? Ұсақ моторика алақан, табан саусақтарымен жасалатын ұсақ қимыл іс-әрекеттер. Біздің алақан және табанымызда көптеген нерв талшықтарының аяқтамалары орналасқан, олар тікелей орталық жүйке жүесі, мимен байланысқан. Әрбір ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығуларыңыз ол миға жұмыс жаса деген сигнал беріп, мидың жұмыс жасауына ықтимал етеді. Яғни, тұрақты түрде ұсақ моториканы дамытушы әртүрлі жаттығуларды жасау мидың жұмыс жасау қабілеттерін ашады. Бірақ, көпшілік ата-аналар ұсақ моториканы бала 3 жасқа толған кезеңнен бастап жасау керек дейді. Жоқ, өкінішке орай бұл қате түсінік. Баланы дұрыс дамыту үшін онымен туылғаннан бастап, баланың жасына сай ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар жүргізу қажет. Себебі, жоғарыда айтқанымдай бала миы 2 жасқа дейін белсенді түрде дамтын кезеңді босқа жіберіп алуға болмайды. Дәл осы кезеңде бала миының құрылымы толық бір бірімен байланыс құрып қалыптасады да, ары қарай ол мидың қабілеттерін шыңдай бастайды.

Shape2

Балаңызды дамытудан бұрын сіз балаңыздың қай жаста неге қабілетті екенін жетік білуіңіз қажет. Себібі, жасалатын жұмыстарда баланың сол қабілеттеріне қарай жүргізіледі.


Баланың 0-1 жас аралығында дамуы

БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН 1 АЙҒА ДЕЙІН ДАМУЫ:

  • Жаңа туылған нәрестелік кезеңде балаларда екі жақты жиырылған қалып болады, яғни жиырылу бұлшықеттерінің гипертонусына байланысты қол-аяқ барлық буындарда бүгілген болады. Қол бұлшықеттердің тонусы жоғары болады, аяқпен салыстырғанда.

  • Қолдары барлық буындардан бүгіліп, кеудесіне әкелінген, саусақтары жұдырыққа түйілген, бас бармағы алақанға жиналған

  • Аяқтары барлық буындарда бүгілген және саннан ашылып тұрады

  • Спонтанды қимыл қозғалыстары аяқтарында айқын

  • Қимыл қозғалысы массивті, импульситі, координациясы жоқ

  • Ішімен жатқызғанда басын бір жаққа бұрады (ҚОРҒАНЫС РЕФЛЕЕСТЕРІ), аяқтарымен қозғала бастайды (спонтанды еңбектеу)

  • баланы тік тұрғызса, нәресте кеулесін тіктейді және аяқтарында барлық буындарда бүгіліп, табанымен толық жерге тіреп тұрады. Осы қалыпта

нәрестені алға кішкене еңкейтсең - бірнеше қадамдар жасайды (АВТОМАТТЫ ЖҮРУ РЕФЛЕКСІ)

  • Барлық шартсыз рефлекстер байқалады

  • 3ші аптаның соңына қарай бала ішімен жатқанда, басын көтеріп бірнеше секунд ұстап тұруға тырысады. Ал тік тұрған кезде әлі де басын ұстай алмайды

  • Дыбыстық реакциясы: бала бөлек "а", "э" деген сияқты дыбыстар шығарады, айқайы қатты, тыныс алу қысқа, тыныс шығару ұзақ болады

  • Эмоциональды реакциясы және психикалық дамуы: балада есту және көру қабілеті жетіле бастайды, айналасындағы заттардың қарап бақылау қабілеті 3ші аптаның соңына қарай дамиды.

БАЛАНЫҢ 1 АЙДАН - 3 АЙҒА ДЕЙІН ҚАЛЫПТЫ ДАМУЫ:

  • балада әлі де флексорлы (бүгілген) поза сақталады, бірақ нәрестелік кезеңмен салыстырғанда айқын емес. Біртіндеп жазылу реакциялары дамиды, қол-

аяқтарында қимыл-қозғалыс күшейтеді

  • әсіресе қолында белсенді қозғалыс қалыптасады: қолын алға, артқа, жан-

жаққа, көзіне, аузына келеді. 3ші айда қолын белгілі бір затқа бағыттай алады, қолына берілген ойыншықты ұстайды

  • бала басымен қимыл-қозғалыс белсенді, дыбыстарға, белгілі бір заттарға басын бұрып бағыттап қозғалады

  • 3ші айында баланы қолынан жоғары тартсаңыз, басын көтеріп алға қарай ұмтылады, аяқтары жеңіл бүгіліп жиналады, ал басы иықтың деңгейіне келеді

  • ішімен жатқызғанда бала басын белсенді түрде ұстайды және жан-жағына бұрады, ал аяқтары жартылай бүгілген болады

  • тік тұрғанда бала басын тек 3ші айда ғана ұстайды

  • 1,5-2 айдан кейін баланы тік тұрғызғанда бала кеудесін тік ұстап, басын

көтереді, бірақ табанын тіреуі нәрестелік кезеңдегідей жақсы болмайды, себебі АВТОМАТТЫ ЖҮРУ РЕФЛЕКСІ жойылады

  • 3 айында бала басын жақсы ұстайды, қолдарымен қимылы белсенеді. Егер басын алдыға еңкейтетін болсаңыз, баланың қарсылық білдіретінін байқайсыз

  • дыбыстық реакциясы: 2 айында балада абылдау, айқай, интонация пайда болады. 3ші айында әндетіп ыңылдау пайда болады

  • Эмоциональды-психикалық дамуы: бала дыбыстарды ажырата бастайды, ашулы және еркелеткен дауыстарды. 3ші айында бала заттарды бақылап қарауы жақсы дамиды, үлкендермен сойлей бастағанда күледі. Күлкі мен гулеген дыбыстардың басталуы, мимикалық қарым-қатынастың басталуы болып

табылады.

БАЛАНЫҢ 3 АЙДАН - 6 АЙҒА ДЕЙІН ҚАЛЫПТЫ ДАМУЫ


Бұл кезеңде баланың қол-аяқтарында бұлшықеттердің бүгілу және жазылу қызметі біртіндеп теңесетін кезең.

  • баланы арқасымен жатқызсаңыз қол-аяғы жартылай бүгілген, алақандары ашық болады. Бұл қалып негізінен баланың қимылдық белсенділігіне

байланысты, бала басын оңға, солға жан-жаққа бұрады, қолын жоғары көтеріп аузына, мұрнына, ойыншыққа бағыттап қозғалады

  • Бұл кезеңдегі ең маңызды көрсеткіш - қолының қимылы, бала қолымен бір затты ұстауы бұл емізулі баланың алғашқы бағытталған қимылы

  • баланы тік тұрғызса кеудесін басын тік ұстайды, басын еркін ұстап жан-жаққа бұра бастайды. 6 айда баланың табанымен тіреп тұруы жақсарады.

  • 4-5 айда баланы ішімен жатқызсаң басын көтеріп еркін ұстайды, сонымен қатар бала қолын созып алақанымен тіреп кеудесін басын көтереді.

  • бала арқасымен жатқызсаңыз тіке созылып жатады, сонымен қатар басын алдыға қарай көтереді және қол-аяқтарын еркін бүгіп жинай алады

  • бала арқасымен жатқызсаңыз бір қырына аунай бастайды, немесе аунап ішпен жатуға тырысады.

  • баланың кеудесін бұрып аунауы оның отыруы, еңбектеуінің және жүруінің алғашқы негізі

  • дыбыстық реакция: гуілдеп күрделі дыбыстар шығара бастайды

  • Эмоциональды-психикалық дамуы: ойыншыққа, қоршаған ортаға деген айқын қызығушылық пайда болады, ересектермен қарым-қатнас толық қалыптасады. Ересек адаммен қарым-қатынас құру кезінде, бала алдымен

адамның бетіне ұзақ уақыт бақылап қарайды. Баланың зерттеуші қабілеті дами бастайды: ойыншықты, айналасындағы заттарды бақылап қарай бастайды.

Айнадағы дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарай бастайды.


БАЛАНЫҢ 9-АЙДАН 1 ЖАСҚА ДЕЙІН ҚАЛЫПТЫ ДАМУЫ

Бұл кезеңде күрделі реакциялардың даму кезеңі, денесін тік ұстап, қол- аяғымен бағытталған күрделі іс-әрекеттерді жасауы

-бала сергек уақытта бір қалыпты тыныш жата алмайды. Оның қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығы бір орыннан аунап қозғалуына, отыруына,

еңбектеуіне және де үлкендердің көмегімен немесе өздігінен жүруін туындатады. Бұлшықет тонусы қалыпты, белсенді қимыл қозғалыс жасауға кедергі келтірмейді

-баланы қолынан тартсаңыз тез отырады немесе орнына тік тұрады

  • 9-10 айда бала төрт аяқтап еркін тұрады, тепе-теңдік сақтай алады, бірдеңеге сүйеніп тік тұра бастайды

-бала тік тұрғанда тепе-теңдік сақтап нық тұрып, алғашқы қадамдарын басып, жүре бастайды. ЖҮРУ - қимыл-қозғалыс дамуының ең соңғы маңызды белгісі. Көп жағдайда бала өздігінен 1 жаста жүреді, бірақ әр баланың жеке қабілеті мен дамуына қарай бала 1 жастан ерте немесе кішкене кеш жүруі мүмкін

  • дыбыстық реакциясы: бала жекелеген буын сөздерді айта бастайды. Ересектердің сөздерін өзінше қайталап, буынға бөліп гуілдеп айта бастайды, айналасындағы белгілі бір заттарды өзінше буындап атайды

  • Эмоциональды психикалық дамуы: бала ересектермен тығыз байланыста болады. Олардың сөздерін мимикасын түсінеді, қуанышты жағдайда, мақтаса, бала күліп қуанып, бір дыбыстар шығарып айқайлайды. Егерде баланы ұрысса немесе бірдеңе дұрыс жасалмағанын білсе, бала жылап, көңіл күй бірден

түседі. Бала жақындарының дауыстарын бірден танып ажыратады. Осы кезеңде балада суретті түрлі-түсті бояулы кітаптарға, заттарға қызығушылық артып қарай бастайды.

Ал, осымен 1 жасқа дейінгі баланың неге қабілеті екенін және қалай

дамитынын біліп алдық. Осы қабілеттерді дұрыс дамыту үшін біз өзіміз ата ана ретінде не істей аламыз?

0-1 жасқа дейін бала миын дамытуға арналған жаттығулар


Ең алдымен баланың туылғаннан бастап қол аяғына жаттығулар жасау керек. Бізде бала туылғаннан кейін міндетті түрде массаж алуы керек деп ойлайды. Негізінде баланың дамуы үшін күнделікті үйде таңертең және кешке нәрестені дамытушы гимнастика, яғни жаттығулар жасау қажет.


Есте сақтаңыз! Нәрестеге жаттығу жасағанда оның қарны тоқ, көңілі сергек, ұйқысы қанған болуы шарт! Нәресте ауырып тұрса немесе қарны аш болып жаттығу жасауға болмайды.


Туылғаннан бастап баланың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар

Нәрестенің алақанына және табанына жаттығулар жасау. Саусақтарға массаж кішкентай нәрестеге өте пайдалы. Алақанымыз бен саусақтарымыз ми және ішуі органдармен тығыз байланысты: бас бармақ – бас мимен, сұқсаусақ – асқазанмен, ортаңғы саусақ – омыртқа жотасымен және ішектермен, аты жоқ саусақ – бауырмен, шынашақ – жүрекпен байланысты

1. Нәрестенің алақанын алып,

массаж жасаңыз, әрбір саусағына, алақанына. Массажды қимылдарды саусақтың ұшынан бастап, алақанына қарай жүріңіз, әр бір буындарына мән беріп.

Shape3


Shape4

2. Нәрестенің саусақтарының әрбір томпағын (подушечки) жеңіл басып массаж жасаңыз.





Shape5
Shape6

3. Нәрестенің алақанын өзіңіздің сұқсаусағыыңызбен айналмалы қозғалыспен массаж жасаңыз. Осы кезде ұшы тұйық қаламмен алақанына сегіз жазуға болады

4. Баланың алақанын алып өзіңіздің басбармағыңызбен

алақанның ортасына айналмалы қозғалыспен басып массаж

жасаңыз. Сонымен қатар, алақанынан сегіз жазып қимыл қозғалыс жасаңыз



5. Дөңгелек кольцо тәрізді массажермен массаж жасау. Массажерді әрбір саусаққа кигізіп массаж жасау

Shape7


Сонымен қатар, қосымша нәрестеге алақан табанына тікенекті доппен (суджок) жаттығулар жасаған дұрыс.

Shape8

Есте сақтаңыз! Осы көрсетілген жаттығулардың барлығын балаңыздың алақанына да және табанынан да жасайсыз! Бұл баланың ұсақ моторикасын дамытудағы алғы шарттары, алғашқы қадамдар!



Тағы бір баланы жақсы дамуына әсер ететін жаттығулардың бірі – фитболмен (үлкен доппен) жаттығулар жасау. Фитболмен жаттығуды 1,5-3 айлық кезеңнен бастап, біртіндеп төменде көрсетілгендей күніне тек бір жаттығудан жасап балаңызды үйретсеңіз болады. Ол не үшін пайдалы? Бұл бала миының тепе-теңдікті сақтау орталығының қызмет жасау қабілетін дамытады. Бала кеңістікте тепе-теңдікті сақтауды біртіндеп үйретеді.





Фитболмен жаттығуды міндетті түрде баланы шешіндіріп жасау керек деген қағида жоқ. Киіммен жасасаңызда болады. Суретке қарап ойлап қалмаңыз, баланы толық шешіндіріп жасау керек екен деп.

Қорыта айтқанда, балаңызбен туылғаннан бастап 1 жасқа дейін төмендегі суреттердегідей жаттығулар тізбесін жасап күнделікті жұмыс жасауыңыз қажет.




Жаттығу жасағанда балаға ешқандай қинау, дискомфорт сезімдері туындамау қажет. Бала жаттығудан рахаттану қажет. Сонымен қатар, жаттығудың жалпы ұзақтығы орташа 20-30 минут болуы керек.

Shape9

Баланың 1 жасқа дейін қимыл-қозғалысының уақытылы дамуы өте маңызды!

Осы кезеңде көпшілік аналар «балам 4 ай болды әлі аунамайды неге?», «балам 7 ай еңбектемейді бұл қалыпты ма?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Осы орайда сіздерге БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ

ұйғарымы бойынша балада қимыл қозғалысының даму уақыты мен шекараларын ұсынғым келеді:



Жоғарыдағы кестені көріп отырғаныңыздай, бала еркін отыруы 4-9 ай арасында қалыптасады; ал бір нәрсенің көмегімен тұруы 5-11 ай арасында дамиды; ал еңбектеуі 5.5 ай – 1 жас 1.5 ай аралығында болады; бір көмектесумен жүруі 6 ай

-1жас 2 ай аралығында қалыптасады; еркін тұруы 7 ай – 1жас 5 ай аралығында дамиды; еркін жүруі 8 ай – 1жас 6 айда қалыптасады.

Shape10 Төмендегі суретке қарап баланың қимыл қозғалысының даму этаптарын мұқият зейін қойып қарап алыңыздар! Сонымен қатар, әр баланың индивидуальды даму ерекшелігі болатынын естен шығармаңыздар!




Сіздерге баланың еңбектеуі не үшін маңызды екенінің 7 себебін айтып өтейін:

  1. Еңбектеу баланың тірек қимыл аппаратын дамиытады, яғни баланың арқа, қол, аяқ бұлшықеттері шынығады.

  2. Еңбектеу баланың қимыл қозғалыс координациясын жақсартады.

  3. Еңбектеу мидың оң және сол жақ жартышарларының байланысын құрады.

  4. Еңбектеу баланың өз денесін кеңістікте сезінуге мүмкіндік береді.

  5. Еңбеген балада кеңістікте болжам жасау қабілеті жақсы дамиды.

  6. Еңбектеген кезде баланың тактильді сезімталдығы дамиды, себебі бала үнемі тегіс жерде еңбектемейді.

  7. Бала еңбектеп жүріп жаңа жерлерді тану барысында, анасының қадағалауынан шығып кетеді де, бала еркін өзі бола бастайды.

1-2 жас аралығында баланың дамуы

  1. Көру арқылы қабылдауы

    • 1 жас 2 айлық кезеңде бала суреттен өзін көрсетеді таниды

    • 1 жас 3 айлық кезеңде бала бірнеше қарапайым суреттерді көрсете алады

    • 1 жас 8 айлық кезеңде бала ұсақ ірі көлемді ойыншықтарды ажырата алады

    • 1 жас 9 айлық кезеңде бала жұп ойыншықтарды таниды біледі


  1. Есту арқылы қабылдауы

    • 1 жас 3 айлық кезеңде бала естіген қысқа сөздерді қайталайды

    • 1 жас 5 айлық кезеңде бала өзіне таныс өлеңдердің сөзін айтады

    • 1 жас 8 айлық кезеңде бала өзіне таныс адамның даусын естісе, оны көрмесе де атын айтады


  1. Ірі моторика (крупная)

    • 1жас 3 айлық кезеңде бала еркін жүреді

    • 1 жас 6 айлық кезеңде бала жолындағы кедергілерді аттап жүріп өтеді

    • 1 жас 10 айлық кезеңде бала жүгіруге талпынады

    • 1 жас 11 айлық кезеңде бала баспалдаққа жайлап көтеріліп түсе алады


  1. Ұсақ моторика (мелкая)

    • 1 жас 2 айлық кезеңде бала кітаптың 2-3 бетін бірден аша алады

    • 1 жас 5 айлық кезеңде бала қолына карандаш ұстап сыза алады

    • 1 жас 6 айлық кезеңде бала қағазды жырта алады

    • 1 жас 8 айлық кезеңде бала кітапты бір-бірлеп парақтай алады


  1. Импрессивті сөйлеуі –бұл сырттан айтылған сөздерді түсінуі

    • 1жас 3 айлық кезеңде бала денесінің бірнеше бөлігін көрсете алады

    • 1 жас 6 айлық кезеңде бала денесінің барлық бөлігін көрсете алады

    • 1 жас 8 айлық кезеңде бала тұрмыстық заттарды көрсетеді


  1. Экспрессивті сөйлеуі сырттан айтылған сөздерге жауап беріп сөйлеуі, яғни баланың бір нәрсені айта алуы

    • 1 жас 2 айлық кезеңде бала жаңа сөздердің бастапқы буынын айтады

    • 1 жас 4 айлық кезеңде бала өзінің не қалайтынын кішкене сөйлеп айта бастайды

    • 1 жас 8 айлық кезеңде бала екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтып бастайды


  1. Интеллект

    • 1 жаста бала тығып қойған ойыншықты іздейді

    • 1 жас 5 айлық кезеңде бала аузына тек жеуге болатын заттарды таңдап сала бастайды

1 жас 6 айлық кезеңде бала кітаптан қарапайым суреттерді таниды атауға тырысады

    • 1 жас 7 айлық кезеңде бала бір істі айтаңыз орындай алады

    • 1 жас 11 айлық кезеңде бала үлкен кіші дегенді ажырата алады


  1. Конструктор құрастыруы

    • 1-2 жас аралығында бала кубиктерді әртүрлі нәрселерді құрастырып бастайды


  1. Өз өзіне қызмет етуі

    • 1жас 2 айлық кезеңде бала қасықты аузына апарады

    • 1жас 3 айлық кезеңде бала кеседен суды төкпей іше алады

    • 1жас 4 айлық кезеңде бала қолын өзі жууға ұмтылады

    • 1жас 6 айлық кезеңде бала қасықпен тамақ жеуге әрекеттенеді

    • 1жас 9 айлық кезеңде бала сырт киімді шешуге ұмтылады

  2. Ойын ойнауы

    • 1жас 2 айлық кезеңде бала басқа балалардың ойынын қарайды

    • 1жас 4 айлық кезеңде бала өзі еркін ойнайды, егер ересек адам қасында болса

    • 1жас 6 айлық кезеңде бала алғашқы функциональды ойындарды бастайды

    • 1жас 9 айлық кезеңде бала поезд, машинаны итеріп жүргізіп ойнайды, оларға кубиктерді салып тасмалдайды

  3. Эмоциясы

    • 1жас 2 айлық кезеңде бала өзіне ұнамаған нәрсеге алғаш рет қарсылық көрсете бастайды

    • 1жас 3 айлық кезеңде бала «жоқ» деп айтады

    • 1жас 4 айлық кезеңде бала өзіне ұнаса «ия» деп эмоциясымен көрсетеді

    • 1жас 7 айлық кезеңде бала қарапайым істерде сізге көмектесуге ұмтылады

    • 1жас 8 айлық кезеңде бала үлкендердің іс әрекеттерін қайталайды

    • 1жас 10 айлық кезеңде бала анасының жоқтығына бірден реакциясын көрсетеді

1-2 жас аралығында баланың ұсақ моторикасын дамыту әдістері

Осы кезеңнен бастап баланың ұсақ моторикасын дамытуға өте мұқият көңіл бөліңіз. Себебі, организмнің қимыл қозғалысы мен сөйлеу моторикасы мида өте тығыз байланысқан механизм. Сондықтан қолдың ұсақ моторикасын дамыту тікелей сөйлеудің дамуына әсер етеді.

1 – әдіс. Пирамида ойыны

Shape11 Shape12

20

Бастапқыда бала бірден пирамиданы дұрыс құрастырып кетпейді әрине, біртіндеп 3-4 бөлшегін қоюды үйретеді. Оларды ретсіз қоюы мүмкін, кейін бертін келе күнделікті қайта-қайта пирамидамен ойнау барысында, оны дұрыс құрастыруды үйренеді

Shape13

21

  • Ең бастысы бұл әдіс баланың қандай қабілеттерін дамытады:

    • Зейінін дамытады

    • Заттардың түстерін тануды және оларды ажыратуды

    • Заттарды көлемдері бойынша ажыратуды

    • Заттарды реттілігі бойынша қоюды үйретеді

  1. - әдіс. Ладушки ойыны

Алақанмен «қол соғып» ойнау. Бұл әдісті балаңызбен бірге әуендетіп отырып ойнаңыз.

Shape14

Егер орысша айтуы сізге қиындық тудырса, онда өзіміздің «Қуыр - қуыр қуырмаш» ойынын ойнасаңыз болады.

Балаңыздың қолын алып, алақанына өзіңіздің саусағыңызбен айналмалы қозғалыс жасаңызда: «Қуыр-қуыр қуырмаш, бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкетай бөбек» деп түгел айтыңыз. Сөйтіп, бес саусақты түгел жұмасыз. Тағы да бас бармақтан бастап, бес саусақты түгел ашып:"сен тұр - қойыңа бар, сен тұр - түйеңе бар, сен тұр - жылқыа бар", - деп санап шығуы керек. Содан кейін "қуыр- қуыр - қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Әжең келсе есік аш, Қасқыр келсе мықтап бас, Ұры бөрі сұғанақ, Мұның бәрі малға қас" деп балаңыздың алақанын қытықтайсыз. Сөйтіп, ойын бірнеше рет қайталап ойнаңыз.


  1. – әдіс. Дәнді – дақылдар

А) Ең алдымен бір дәнді дақылды алыңыз, мысалы: күріш немесе маш. Сосын оны балаңызға бір ыдыстан екінші ыдысқа воронка арқылы салуды көрсетіңіз, осы кезде өз қолыңызбен салсаңызда болады немесе қасықпен воронкаға салсаңызда болады. Содан кейін балаңызға осыны қайталап жасатыңыз. Естен шығармаңыз! Кез келген ұсақ моториканы дамыту әдісін балаңызбен бірге отырып жасаңыз. Біріншіден, сақтық шарасы бала ұсақ затты аузына салып қоймас үшін бақылап отырасыз. Екіншіден, бала айтқанды емес көргенді жасайды, сондықтан, қасында бірге отырып жасағаныңыз дұрыс.







22

Shape15

23

В) Екі немесе үш түрлі дәнді дақылды алып араластырыңыз, мысалы: фасоль күріш және макарон т.б. өз қалауыңыз бойынша. Сол араласқан дәнді дақылдарды әр ыдысқа бөлек бөлек ажыратып салу керек екенін көрсетіңіз және балңызбен бірге отырып жасаңыз.

Shape16

  1. әдіс. Қағаздармен жаттығулар

А) Бұл жаста бала қағаздарды жақсылап мыжи алады. Сондықтан, балаңызбен қағаздарды мыжып бірге жинап дөңгелек «кішкентай доп» жасаңызда, оны бір ыдысқа лақтырып салуды ойнаңыз.

Есте сақтаңыз! Балаңызға кез келген қағазды жыртуға, мыжуға болады деген түсінік қалдырмаңыз. Арнайы ескі қазғазды ғана қолдануға болатынын көрсетіңіз. Және ешқашан ескі журнал, кітаптарды жыртып, мыжымаңыз, кейін балаңыз үйіңіздегі кез келген қағаздарды мыжып, жыртуы мүмкін. Ал, бұл өте қауіпті, себебі үйдегі қажетті құжаттарда осындай әрекеттерден құртылып, жоқ болуы мүмкін. Одан бөлек, осындай жағдай орын алса, балаңызға ұрсып, психологиялық травма, стресс алуы мүмкін. Ал кез келген стресс баланың ары қарай дамуына өзіндік кедергісін тигізеді.

5 – әдіс. Боялған күрішпен ойнау

КҮРІШ ұсақ моториканы дамытатың ең мықты құрал! Сонымен қатар тактильді сезімі мен сенсорлық сезуді дамытады. Миды дамытады. Баланың сөйлеуіне оң әсерін тигізеді.

  • Енді күрішті бояу тәсілі. Қажетті заттар: Күріш

Пакет

Тағамдық бояу Спирт

Ыдыс

  • Бояу жолы:

Күрішті қанша түске бойайсыз, сонша пакетке күрішті бөліп саласыз. Әр пакетке түсіне сәйкес бояу саласыз, аз ғана

Сосын екі ас қасық спирт не арақ құясыз

Пакетті мықтап байлап, жақсылап аузы жабық пакетті қозғап араластырасыз.

Күріш бір келкі боялған соң, шығарып жайып қоясыз. Кепкен күрішті жинап ойнай бересіз.


А) Боялған күріште балаңыз саусақтарымен сурет салуға болады

В) Күрішті қолымен алып бір ыдысқа салуға болады, мысалы жіңішке воронка арқылы салу

С) Күрішті қасықпен бір ыдысқа салу

Д) Дем жаттығуы бұл жіңішке трубочка арқылы күрішті үрлеп бір жаққа жинау немесе әртүрлі жол салу

Е) Күріштің астына бір затты тығып оны іздеу

Жалпы боялған күрішпен неше түрлі ойындарды ойнауыңызға болады, ол сіздің фантазияңызға байланысты.

Shape18

2-3 жас аралығында баланың дамуы


  1. Көру арқылы қабылдауы

    • 2 жаста бала теледидар қарағанда өзіне таныс заттарды танып атайды, көп суреттерді қарайды, таниды

    • 2 жас 6 айлық кезеңде бала суретке қарап әңгіме құрастыра алады, үлкен кіші дегендей, қайда тұрғанын


  1. Есту арқылы қабылдауы

    • 2 жастан бастап сыртқы ортаның дыбыстарын ритмін жақсы түсіне бастайды


  1. Ірі моторика (крупная)

    • 2 жаста бала еркін жүгіреді, отырып тұрады, бір аяқта еркін ештеңенің көмегінсіз тұра алады

    • 2 жас 6 айлық кезеңде бала баспалдақтан екі аяғымен кезек-мезек шығып түсе алады

    • 3 дөңгелекті велосипедте жүре алады


  1. Ұсақ моторика (мелкая)

    • 2 жаста бала көрсетілге вертикальды, горизонтальды сызықтарды сыза алады

    • 2 жас 6 айлық кезеңде бала карандашты дұрыс ұстай алады, демек КАРАНДАШПЕН фигураларды үлгіге қарап сыза алады


  1. Импрессивті сөйлеуі

    • 2 жас 5 айлық кезеңде бала қысқа ертеңгі әңгіме айтсаңыз түсінеді

    • сол айтқан ертегіңізден сұрақ қойсаңыз жауар береді

    • бір іс-әрекет барысында 10 түрлі инструкциясы болса, соларды жасай алады


  1. Экспрессивті сөйлеуі

    • 2 жаста бала 3-4 сөзден тұратын қысқа сөйлемдерді құрастыра алады

    • 2 жас 6 айлық кезеңде бала "қайда" "кім" "неге" деген сияқты сөздермен сөйлем құрастырып бастайды

    • айтылған сөйлемдерді тез қайталайды


  1. Интеллект

    • 2 жаста бала СЕГЕНА тақтайшасын сирек қатемен орындауы мүмкін.

СЕГЕНА тақтайшасы - суреттен құрастырылған тақтайша, әртүрлі формада суретті алып қайта өз орнына салу керек

    • 2 жас 6 айлық кезеңде бала 2-3 бір-бірімен байланысқан іс-әрекеттен тұратын өтінішті орындай алады. Мысалы, шкафқа барып, кукланы алып, маған әкел

деген сияқты

  1. Конструктор құрастыру

    • күрделі конструкторларды құрастырып бастайды


  1. Өз өзіне қызмет етуі

    • 2 жаста бала қатты тағамдарды өзі жейді

    • өзі қолын бетін жуа алады

    • өзі күндіз горшокқа отырғыз деп айта алады

    • қасықпен, вилкамен тамақ жей алады

    • қарапайым киімдерін өзі кие алады: шапкасын, қолғабын

  2. Ойын ойнауы

    • 2 жаста бала белсенді ойындар ойнайды, телефонмен сөйлесіп

    • 2 жас 6 айлық кезеңде балада рөлдік ойындардың алғашқы элементтері пайда болады, яғни куклаға тамақ беруі мүмкін

  3. Эмоциясы

    • «мен», «сен» деген сөздерді дұрыс қолдана алады, жақсы түсіне бастайды



2-3 жас аралығында баланың ұсақ моторикасын дамыту әдістері

Бұл кезеңде бала 1 жаспен салыстырғанда баланың әлдеқайда жақсы дамитын және мидың басқада қабілеттерінің дамуы болады. Баланың сөздік қоры көбейе бастайды.


  1. Әдіс. Заттарды түстері және пішіні бойынша ажыратуды үйрету


Осылайша заттарды түстері бойынша ажыратып ойнауға болады. Мұндай кезде баланың зейінін, талдауы, ажыратуы және түстерді атау бойынша сөздік қоры көбейеді

  • Үй жағдайында заттарды түстері бойынша ажыратуға арналған суретте көрсетілгендей бірнеше қарапайым әдісттерді жасауға болады.

  • Кез келген ұсақ моториканы дамыту әдісі баланың сөйлеуін, ойлауын, түсінуін дамытады.

Сонықтан, кез келген әдістерді жасағанда баламен үнемі сөйлесіп заттарды атап, оның түсін түстеп көрсетіп жасауыңыз қажет

Shape19
  1. Әдіс. Нүктелі суреттерді қаламмен ұстап қосып сызу немесе ол суреттерді бояу



Қаламмен жұмыс жасау арқылы қолдың ұсақ моторикасы дамиды. Сонымен қатар, суреттерді бояу барысында немесе сызу барысында бала суреттерді атауын үйренеді, оның не екенін түсінеді, сонымен қатар түстерді ажыратады


  1. – әдіс. Суреттерге қарап әңгіме айту




Осындай сияқты суреттерге қарап оларды атау және оның түсін айту. Бұл арқылы баланың сөздік қоры көбейеді.

Үйдегі ең қарапайым әдіс - ешқандай суреттерге қарамай ақ, үйдегі әрбір қадамыңызды, әрбір іс әрекеттіңізді сипаттап үнемі айтасыз. Мысалы: есікті ашсаңыз, Алинұр мынау «есік», «мен есікті аштым немесе жаптым» деген сияқты балаңызды алып жүріп барлығын айтып жүріңіз.

Ия, сіз ойлауыңыз мүмкін балам түсінбейді, айтпайды деп алайды, сіз үнемі айта берсеңіз бала бір күні бір өздің бастапқы буынын айтады, содан кейін екі буынын қосып айтады, сосын сол сөзді толық айтады.

Есте сақтаңыз! 1-2 жас кезеңі баланың сөздік қорын көбейтудің ең басты кезеңі. Сондықтан, осы кезеңде үнемі баламен сөйлесу қажет.

  1. – әдіс. Сегена тақтайшасы



Сегена тақтайшасы арқылы бала заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарап ажыратуды үйренеді. Бұл баланың ойлау қабілетін, зейінін, шыдамдлығын дамытады.

  1. – әдіс. Конструкторлар құрастыру


Конструкторлармен ойнау өте маңызды. Осы конструктормен бір нәрсе құрастырып көрсетсеңіз, ол баланың ойлау қабілетін дамытып, оның ар қарай

конструктомен қалай ойнауға не құрастыруға болады деген қызығушылығын арттырады.

6-әдіс. Бала кітапты парақтап қарату



Кітапты қарау арқылы бала ішіндегі суреттерді қызықтап қарайды, оларды атауын үйретіңіз. Сурет бойынша не істеп жатқанын да сипаттап айтыңыз. Ол баланың сөздік қорының көбеюіне әсер етеді.


Shape20


Артикулыциялық аппарат


Жалпы адамның сөйлеуі үшін оған тек қана мидың жұмыс жасауы жеткіліксіз, қосымша артикуляциялық, яғни сөйлеу аппаратының да дұрыс жұмыс жасауы өте маңызды. Ол қандай аппарат?

  • Ерін

  • Ауыз айналасы бұлшықеттері

  • Тіл

  • Тіс

  • Төменгі және үстіңгі жақ

  • Жұмсақ және қатты таңдай

  • Жұтқыншақ

  • Кішкентай тілше

  • Дауыс байламдары

Осылардың ішінде біі белсенді рөл атқарады, бірі пассивті рөл атқарады.

Егер осы аппараттың бірінің жұмысы дұрыс емес болса, онда ол аланың сөйлеуі дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, ерте бастан осы артикуляциялық аппараттың жұмысын жақсарту өте маңызды.

Мысалы, тыныс жаттығуын жасау



Shape21 Суретте көргеніңіздей шар үрлеу, көпіршік шығару баланың тыныс алуын жаттықтырады. Сонымен қатар осы жаттығу арқылы ауыз айналасының бұлшықеттердің жұмысын жақсартады.

3-4 жас аралығында баланың дамуы


  1. Көру арқылы қабылдауы

    • Суреттерге қарап заттарды толық атай алады

    • Суретке қарап әңгіме құрастыра алады

    • Суретке байланысты сұрақтар қойсаңыз жауап бере алады


  1. Есту арқылы қабылдауы

    • Айналасындағы адамдардың дауыс темпі ритміне қарап, жауап береді


  1. Ірі моторика

    • Барлық қимыл қозғалыстары белсенді дамиды, екі аяқпен секіреді


  1. Ұсақ моторика

    • Киімдегі түймені шешіп, қадай алады

    • Карандашпен квадрат, үшбұрыш әртүрлі пішіндерді анық сала алады


  1. Импрессивті сөйлеуі

    • Уақыт мезгілдер бойынша сұрақтар қойсаңыз жауап бере алады, мысалы: түнде күн шығады ма деген сияқты


  1. Экспрессивті сөйлеуі

    • Ересектермен диалог түрінде еркін сөйлесе алады

    • Қайда? Неге? Не үшін олай болады? деген сияқты сұрақтар қоя алады


  1. Интеллект

    • Заттарды түсі бойынша екі топқа бөле алады

    • Заттарды пішіндері бойынша екі-үш топқа бөле алады


  1. Конструктор құрастыру

    • Адамның бейнесін өзі сала бастайды

    • Көзін, құлағын, қолын, аяғын, мұрнын, аузын анық сала бастайды


  1. Өз-өзіне қызмет етуі

    • Кесеге суды құя алады, кішкене төгіп болсада

    • Киімін киіп шеше алады


  1. Ойын ойнауы

    • Басқа балалармен сюжеттік ойындарды ойнай бастайды

    • Өз қиялымен әртүрлі қимылдар жасап ойнайды

-Рөлдік ойындар ойнайды, өзінің рөлін атайды


  1. Эмоциясы

    • Мен, сен деген кім екенін жақсы біледі, дұрыс қолдана алады

    • Өзінің қыз баласы немесе ер балаекенін біледі


3 4 жас аралығында баланың ұсақ моторикасын дамыту әдістері


1 – әдіс. Суреттерге қарап әңгіме айту



Бала үш жасқа келген сәттен бастап, балаңызен қысқа диалогтар құрастырып сөйлесіңіз. Мысалы, суретке қарап:

  • Бұл қандай жануар?

  • Бұл қой

  • Оның баласы қалай аталады?

  • Қозы

  • Ол қалай маңырайды?

  • Мәәәә деген сияқты, осылай қарапайым диалогтар құрастыру қажет. Осылай сөйлесу арқылы балаңыздың сөздік қоры көбейеді және сөйлеуі дамиды.


Балалармен жиі жан жануарлар, өсімдікдердік суреттері немесе балалардың суреттеріне қарап әңгіме айтқан ұнайды

  1. әдіс. Қағаздан қиып жабыстыру



Қағаздағы әртүрлі пішіндерді қиып, оларды сәйкесінше жабыстыру арқылы баланың ұсақ моторикасын және ойлауын, зейінін, түсетерді танып, ажыратуын дамытасыз.


  1. әдіс. Сурет салу


Қаламмен сурет салу өте маңызды ол баланың ұсақ моторикасын дамытады және мектепке баруға дайындық болады, яғни ручка дұрыс ұстауды үйренеді.


  1. әдіс. Манкада сурет салу



Қолмен сурет салу саусақ ұштарындағы нервтердің жұмысын жақсартады, ол ми қыртысының жұмысын белсендендіреді. Осылайша мидың ойлау, сөйлеу, түсіну қабілеттері де дамиды

  1. әдіс. Дәнді дақылдармен жұмыс жасау


Екі түрлі немесе үш түрлі дәнді дақлдарды бөліп ажыратуды арнайы қысқышпен ұстап бөлу. Қысқыш арқылы бұл үрдіс біршама қиындайды. Бұл кезде тек дәнді дақылға ғана көңіл бөлу емес, қысқышы дұрыс ұстауға да, ондағы дәнді құлатып алмау керек екенін ұғынады. Мұнда баланың зейіні, ұсақ моторикасы, ойлауы, ұқыптылығы және шыдамдылығы дамиды. Әрине, егер балаңыз ұзақ уақыт бір орын д отыра алмайтын болса, астапқыда қиындау болады. Бала ірден ұзақ уақыт отырып, дәнді дақылдарды бөлмейді, ең ұзағы бес немесе он минут болуы мүмкін. Бірақ күнделікті тұрақты жұмыс жасау нәтижесінде балаңыздың күннен күнге шыдамдылығы артып дамығанына көз жеткізесіз. Тек ол үшін ата анасы жағынан да шыдамдлық пен тұрақтылық қажет. Себебі, бізде баламен бір күн жұмыс жасалса, ертесі күні жасамайды немесе бала бірінші күні отырып ата анасының айтқанын жасамаса баламен мүлдем ары қарай жұмыс жасауды жалғастырмайды. Міне, ең үлкен қателік осында! Балаңызбен бір күні бір минут жұмыс жасааңызда, осы әрекетіңізді тоқтатпай жалғастыруыңыз қажет. Және де балаңызды қызықтырып ойын түсінде өзіңіздің эмоцияңызды шығарып тұрып, бірге жұмыс жасауыңыз қажет.


  1. әдіс. Гуашь, краскамен қолмен сурет салу


Қолмен сурет салу ол гуашьты немес красканы сезіну және суретті салу ұсақ моториканы мықты дамытады. Ол арқылы ми қыртысының жұмыс жасауы активтенеді, ол өз кезегінде мидың сөйлеу, есту, көру орталықтарының жұмыс

жасауын жақсартады. Осылайша баланың ми қыртысының әрбір орталықтары жұмыс жасайды.

Ең маңыздысы! Кез келген әдісті жасағаныңызда балаңызбен үнемі сөйлесіп, сұрақ қоя отырып жасауыңыз қажет!


Shape22



  1. әдіс. Рөлдік ойындарды ойнауыңыз қажет


Рөлдік ойындрды ойнау арқылы баланың қиялы, ойлау қабілеті, сөйлеу қабілеті дамиды. Көп жағдайда бала рөлдік ойындарды алғашқы да ата анасының қатысуымен ойнағанды ұнатады. Сондықтан балаңызбен ойнаудан еш жалықпаңыз. Рөлдік ойындардың ең жиі түрі үйіндегі ата анасының рөлерін қайталайды. Мысалы, қыз бала қуыршағын алып оған дәл анасы сияқты қарап, жуындырып ұйықтатып ойнайды. Сонымен қатар, бала жаңа ортаға барса, сол жердегі болған оқиғаны үйде қайталап көрсетіп ойнап жүреді. Мысалы, дәрігерге барған болса, соны міндетті түрде үйде қайталауы мүмкін немесе басқа адамдарға айтуы мүмкін.

  1. әдіс. Нүктелі сызықтарды қосу


Осындай сызықтарды жүргізіу арқылы баланың ручканы ұстау қабілеті артады. Яғни бала дұрыс қалам ұстап, жазуға дайындалады. Сонымен қатар, баланың ойлау қабілеті, зейіні дамиды. Және де суреттер бойынша сұрақ қойып оған жауап беру барысында сөйлеуі де дамиды.


  1. әдіс. Пластилинмен ойнау


Пластилинмен ойнау баланың ұсақ моторикасын дамытады. Ал онымен әртүрлі дүниелерді құрастыру баланың ойлану қабілетін дамытады.

Shape23



4 - 5 жас аралығында баланың дамуы


Баланың 4 жасқа дейінгі дамуын толық ашып жаздым. Баламыз осы уақытқа дейін барлық жағынан дұрыс дамып келді. Ары қарай бала 5-6 жас оның мектепке дайындық кезеңі


Бұл кезеңде балаңыз:

  • ручканы қолына дұрыс ұстай алады, жаза алады

  • үлкен кіші көлемі бойынша ажырата алады

  • геометриялық фигураларды ажырата алады

  • Әріптерді атап үйрете бастасаңыз, оны қабылдап үйрене алады

  • кітап оқысаңыз мұқият тыңдайды, сюжет бойынша сұрақ қойсаңыз жауап бере алады

  • айналасындағы болған жағдайды ересектермен диалог түрінде талдай алады

  • Рөлдік ойындарды еркін ойнайды

Осылайша балаңызды мектепке дайындығын жүргізіп, ары қарай мектепке білім алуға барады


4 5 жас аралығында баланың ұсақ моторикасын дамыту әдістері


  1. әдіс. Екі ми жарты шарларын байланыстыру

Ең қарапайым әдісі балаға түйме қадауды, аяқ киім бауын байлауды үйрету


Екі ми жарты шарларын байланыстыру қалай жұмыс жасалады? Екі қолмен бірдей бір уақытта жұмыс жасаңыз, мида оң және сол жарты шарлардың байланысуы болады. Жоғарыда көрсетілген екі әдіс ең қарапайым кез келген жағдайда жасауға болатын жағдай.

Shape24

Мына суретте

көргеніңіздей екі қолмен бірдей қимыл жасау екі мидың байланысын күшейтеді.



Мына көрсетілен суреттердегі сызықтарды екі қолмен бірдей қосып жүріп шығу қажет. Осы типтегі әдістемелер бала миының жарты шарларын байланыстырады. Алғаш жасағанда бала екі қолмен бірдей жасауға қиналуы мүмкін. Онда ол кезде, алдымен оң қолымен, сосын сол қолымен сыздыртып жұмыс жасайсыз. Кейіннен қолы үйренген соң екі қолымен бірдей жұмыс

жасатасыз


  1. әдіс. Әріптерді үйрету

Бұл кезең баланың мектепке дайындық, мектеп алды кезеңі болғандықтан, мүмкіндігінше баланы мектепке даярлау өте маңызды.

Балаға әріптерді қызықтырып суреттермен, үйдегі заттармен байланыстырып үйреткен маңызды. Сонда бала да жалықпайды, ол оның қызығушылығын арттырады. Бір айда немесе он күнде әрине бүкіл әріпті үйрету мүмкін емес, біртіндеп күнделікті үйретіп бастау нәтижесінде бір жылда әріптерді толық меңгертуге болады.

Байқасаңыз, қосымша суреттегі затты сипаттап баланың ой өрісін қосымша дасытуға болады.

  1. әдіс. Сандарды және санауды үйрету


Сандарды ойыншықтармен, кубиктермен әртүрлі тәсілдермен үйретуге болады


  1. әдіс. Ертегі айтуы


Балаға ертегіні оқып түсіндіріп, кейіннен баладан қайта сол ертегінін айтып беруін сұрау арықылы баланың есте сақтау қаілеті, ойлауы, сөйлеуі дамиды. Сонымен қатар, осы кезде балаңыздың ар қарай диалогтық сөйлеуін дамытасыз. Яғни ертегі желісі бойынша сұрақтар қойып, балаңыз оған жауап беру арқылы сөйлеуі дамиды.


  1. әдіс. Рөлдік ойындарды балалармен ойнау



Бала бұл кезде басқа балалармен бірге әртүрлі рөлдік сюжеттік ойындары ойнайды.


Shape25


Ұсақ моториканы дамытуға арналған қажетті заттар:

    • Алақан және табан саусақтарына массаж жасау

    • Қағазбен жұмыс, қию, жабыстыру

    • Әртүрлі моншақтармен, түймемен, тастармен ойнау

    • Графикалық сызықтармен жұмыс жасау

    • Қайшымен қиып жұмыс жасау

    • Пластилинмен ойнау

    • Сурет салу

    • Бау жіптермен ойнау (шнуровка)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2025
136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі