«Бала өмірі – басты құндылық»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала өмірі – басты құндылық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде әрі отбасында жақсы тану, көмек және кеңес беру; - Ата-ананың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екендігіне көз жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала өмірі – басты құндылық»

Мақсаты: - Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде әрі отбасында жақсы тану,

көмек және кеңес беру;

- Ата-ананың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты

байлығы баласы екендігіне көз жеткізу.

Міндеті: - Ата-анаға балаларының жасөспірім кезеңінде кездесетін

кедергілерді жеңе білу жолдарын үйрету;

Сабақтың түрі: тренинг;

Көрнекілігі: үнтаспа, А4, А3 форматты қағаздар, маркер, стикер, жүрек, т.б.

Барысы:

І. Кіріпе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі

Психолог сөзі:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Құрметті ата-аналар, бүгінгі «Бала өмірі – басты құндылық» атты тренингімізге қош келдіңіздер!

1. Сәлемдесу және танысу. «Сағат тілімен достасу»

Нұсқау: 1). А4 форматына сағаттың суретін салдырту;

2). Суреттегі әрбір санның тұсына топтағы қатысушылардың атын жазу;

3). Қимылды қайталау:

1. Досыңыздың қолын алыңыз;

2. Досыңыздың арқасын қағыңыз;

3. Досыңызға қарап күлімдеңіз;

4. Досыңызға қарап қол бұлғаңыз;

5. Досыңызға қарап көз қысыңыз;

6. Досыңызға комплимент айтыңыз;

7. Досыңызға жақсы тілек айтыңыз;

8. Досыңызды ауада сүйіңіз;

9. Досыңыздың арқасына массаж жааңыз;

10. Арқаңызды түйістіріп билеңіз;

11. Досыңызды күлдіріңіз;

12. Досыңыздан комлимент тыңдаңыз;

ІІ. Негізгі бөлім.

2.. Бейнебаян бойынша ой қозғау

3. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына (ең басты құндылықтар), діңіне (орташа құндылықтар), бұтақтарына (отбасыңызға маңызды, бірақ, көп көңіл аудармайтын құндылықтар) орналастырыңыз.

  1. Мықты денсаулық;

  2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік;

  3. Ауызбіршілік;

  4. Ортақ қызығушылық;

  5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау;

  6. Қамқорлық;

  7. Тәртіп;

  8. Бос уақытыңызды бірге өткізу;

  9. Сенімділік;

  10. Ата-ананың сөзі заң;

  11. Ата-ана отбасының үлгісі;

  12. Әлеуметтік жағдай;

  13. Отбасылық қарым-қатынас;

  14. Махаббат;

  15. Мейірімділік;

  16. Шынайылық;

  17. Сырт көзге үлгі болу;

  18. Береке;

  19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет;

  20. Көп бала;

Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті әрбір ата-ана қорғайды.

4. Сергіту сәті және топқа бөлу. Ән айту арқылы.

1 – топ. Ана туралы

Шет жүрсем сағынарым,

Жабықсам шағынарым.

Анашым бір өзіңсің

Табынарым.

Қ – сы:

Анашым шалқып күлсем,

Алдымда ұзақ жүрсең.

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды,

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды.

2 – топ. Әке туралы

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам

Тұрарсың демеп жиі алдан.

Қ – сы.

Көңілің бүгін алаңды,

Күттің бе әке балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

3 – топ. Бала туралы

1. Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң

Сұрауы бар судың да.

2. Қуанышым арай жүз

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

5. «Кірпіш қалау» әдістемесі арқылы топпен жұмыс.

Баланың көңіл-күйінің бұзылуына қоршаған ортаның әсері? - деген сауал төңірегінде ой бөлісу және шешу жолдарын анықтау.

- Ата-анасының ажырасуы;

- Ауыр сырқатқа шалдығуы;

- Басқа пәтерге немесе басқа қалаға қоныс аударуы;

- Жақын достан айырылу;

- Қызымен (жігітімен) қарым-қатынатың үзілуі;

- Отбасы мүшелерінің бірінен психикалық сырқаттың анықталуы;

- Отбасындағы немесе тұрғылықты аудандағы зорлы-зомбылық;

- Отбасы мен достарының қолдауының жеткіліксіздігі;

- Жалғыздық және оқшаулық;

- Әлеуметтік жағдай; т.б.

6. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» (әдемі әуен ойнап тұрады)

Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетеіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар. Ал, бірулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағыда ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

А). Ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады;

Ә). Жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады;

Б). Тақтаға іледі.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

7. «Бір ауыз сөз» әдісі.

Нұсқау: бір ауыз сөз арқылы ата-аналардан тренингтің өтілу барысына кері байланыс алу. Тақтадағы отбасының жүрегіне жан енгізу.

Қажетті сөздер: Ұнады, қажет, ұнамады, білдім, үйрендім, түсіндім, қолданамын, енгіземін, ұсыныс, жеткіліксіз.

Психолог сөзі:

Өмірдің өтпелі кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбаының басым рөлін мойындап, бірлесе ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер!

Бұл өмірдегі басты құндылығымыз – бала өмірі екенін үнемі жадымыздан шығармайық! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2019
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі