Материалдар / "Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
4776
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды»

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.

Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.

Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.

Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

- Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

- Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

- Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;

- Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.

Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.

Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

























Баланың есімін жасыру

Иллюстрация: Наталия Попова ©Adme.ru

Балаңыздың сөмкесіне, түскі ас қорабына атын ешқашан жазбаңыз. Сондай-ақ, аты жазылған ешбір құрылғыны бермеңіз. Бейтаныс адам содан балаңыздың есімін біліп алып, атымен шақырса, бала таныс адам екеніне, қазір оны ата-анасына апаратынына сеніп қалуы мүмкін.

Одан да сөмкесіне өзіңіздің телефон нөміріңізді жазып қойыңыз. Жоғалтып алған жағдайда, тапқан адам соған хабарласады.

Көліктен кері бағытқа қарай қашу


Балаңыз бөтен адамның көлігіне отыруға болмайтынын біле ме? Білсе, тағы бір ескерту: жанына бейтаныс көлік тоқтап, рөлдегі адам балаға сөйлесе, назарын аударғысы келсе, машина жүріп бара жатқан бағыттан кері қарай қашу керек. Бұл уақыт жағынан ұтып, баланың қашып кетуіне немесе көмекке шақыруына мүмкіндік береді.

Құпиясөз ойлап табу

Егер балаңыздың мектебіне бөтен біреу келіп, “Сені анаң алып кетуді тапсырды, қазір сені оның жұмысына алып барамын” десе, балаңыз одан ата-анасының есімі мен құпиясөзді сұрасын. Бұл құпиясөзді балаңызбен бірге ойластырыңыз. Себебі, шынында да жұмысыңыздан шыға алмай достарыңыздың біреуіне оны мектептен алып кетуді тапсырып қалуыңыз мүмкін.

Құпиясөз ешкімнің ойына келмейтіндей болуы керек. Мысалы, “Сары аспан”, “Қызыл банан”, т.б.



Баланың қай жерде екенін көрсететін қосымша орнату



Қосымшадағы GPS арқылы баланың қай жерде екенін, оның телефонындағы қуат мөлшерін біліп отыруға болады. Ол қосымшаны төменнен жүктей аласыз:

Дабыл тетігі бар сағат тағу


Балаға арналған смарт-сағаттар қазір қолжетімді. Ол арқылы баланың қай жерде жүргенін біліп отыруға болады. Сондай-ақ, екі тетіктің біреуін басу арқылы бала әкесімен немесе анасымен бірден хабарласа алады. Ал, қауіп төнсе, SOS тетігін басып, ата-анасына хабар жібереді.

Ақылды сағаттарды мына жерден көруге болады.





Мен оны танымаймын!” деп айқайлау

Иллюстрация: Наталия Попова ©Adme.ru

Егер бөтен адам балаңыздың қолынан ұстап, бір жаққа әкетіп бара жатса, ондай жағдайда “Мен оны танымаймын! Мені әкетіп бара жатыр!” деп айқайлауды үйретіңіз. Барынша қарсылық танытып, тырнап, тістеп, теуіп, айналадағы адамдардың назарын аудартсын.

Арақашықтықты сақтау



Балаға бейтаныс адаммен сөйлесуге болмайтынын айтыңыз. Егер сөйлесе қалса, екі жарым метр қашықтықта сөйлесу керек екенін түсіндіріңіз. Оның қандай аралық екенін көрсетіңіз. Егер бейтаныс адам балаға бір қадам жақындаса, бала сонша қадам артқа шегінсін. Осыны балаға көрсетіп, үйретіп қойыңыз. Бөтен адаммен ұзақ сөйлесуге де болмайды.





Бейтаныс адаммен бірге лифтке кірмеу


Балаңызға лифт күткен кезде айналасына назар салуды үйретіңіз. Тағы кімдердің  күтіп тұрғанын көрсін. Егер танымайтын тағы бір адам лифт күтіп тұрса, онымен бірге кірмегені дұрыс. Балаңызды лифтке шақырса, “Әкемді күтіп тұрмын” деп айта салсын.

Есікті бөтен адамдарға ашпау

Балаға есікті біреу қаққанда “Бұл кім?” деп сұрауды үйретіңіз. Егер оған ешкім жауап бермесе, есіктің “көзінен” ешкім көрінбесе, есікті ашуға болмайды. Егер “сантехик, электрикпін” десе де, есікті ашпасын.



Әлеуметтік желіде танысқан адаммен кездеспеу



Балаңызға әлеуметтік желіде танысқан адамдарға өзінің қайда тұратынын, телефон нөмірін, қай уақытта қай жерлерде серуендейтінін, мектептен нешеде шығатынын айтуға, онымен жалғыз кездесуге болмайтынын түсіндіріңіз. Себебі, желідегі 10 жасар Марат шын мәнінде қырықтың үстіндегі арам пиғылды адам болуы мүмкін.



Әр бала білуі тиіс қауіпсіздік жайлы 9 ереже

Балалар үшін уайымдауды қалай доғаруға болады?

Ата-аналарға арналған нұсқаулық.

Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету. Балалар психологы және психотерапевті Ольга Пыхова қарапайым ережелерді автоматты түрде жасайтын деңгейге жеткізуді насихаттайды.

1. Баланы қорқытпаңыз Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді және бәрін бақылауда ұстауға бейімдейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.

2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін. Мұндай әңгімелер кем дегенде балаға барынша қырағы болуға әрі дұрыс ойлауға көмектеседі.





3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз

Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз. Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау. Алты-жеті жасар балалармен бала бақшада, мектепте, және үйде психолог Людмила Петрановскаяның «Что делать если» және «Что делать если-2» кітаптарын оқуға болады. Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады (бұл балаларға өте ұнайды). Оқушылар қателерді қуана табады және әрекет ету ережелерін жақсы меңгереді. 10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.

4. Нақты жағдайларды талдаңыз Егер өрт болса Не жағдай болмасын, шығатын жер табу.

Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет.

Бәрінен өмір қымбат! Баланы бөгде адам алып кетпекші Бөгде адам баланы алдап алып кететін көптеген роликтер ата-аналарды қатты қорқытады. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне, әсіресе мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Егер балаңызды біреу алып кетпек болса, жанына жақындап, мәселенің анық-қанығын анықтаңыз. Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеттері (мысалы, халық көп жиналған жерден кетуді сұрауы, көндірмек болуы) күмән тудыруы керек екенін айтыңыз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.

Бала лифте тұрып қалса Апат кезінде диспетчерге қалай хабарласу керегін айтыңыз. Ойнап хабарласуға болмайтынын түсіндіріңіз, себебі шынымен апат болғанда диспетчер көмекке асықпауы мүмкін. Егер көмек қолы кешігіп жатса, сыртқы киімді шешу қажет, лифт кабинасында ыстықтап, ауа жетіспей кетуі мүмкін. Киімді жерге төсеп, отыруға да болады, сіз бұл үшін ұрыспайтыныңызды айтыңыз. Осылайша бала көмек күтіп отырып күшін сарпымайды және лифт қозғала бастаса қауіпсіздікте болады.

Абайлаңыз – иттер! Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.

5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз Бала бақшада, мектепте, қосымша сабақтарда, метрода, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен мен аэропорт қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.

6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Бұл тізімді үйдің басқа жерлеріне жазып қоюға да болады, жазу үстелінің астына, дәретханаға. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.

7. Оның дайындығын тексеріңіз Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын), жанындағы үлкендерді, болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.

8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б. — шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы, егер біреу ұрса немесе өрт басталса), ал басқа жағдайларда бір орында тұру (егер адасып қалса немесе иттер тап берсе) маңызды. 9. Өзіңізден бастаңыз Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!