Материалдар / Бала психикасын зерттеу әдісі

Бала психикасын зерттеу әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық мағлумат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2023
659
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала психикасын зерттеу әдісі

          Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.

          Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.

          Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.

2.Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу

          Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.

          Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.

          Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.

          Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.

Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.

Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Соның бірі неміс психологы В.Штерн (1871-1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күнделігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 ж) сәбилік шақтағы балалардың ақыл-ойының даму кезеңдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылаған қорытындыларына жиі сүйенеді. Кеңес зерттеушісі Н.Н.Ладыгина Корс (1889-1963) кішкентай Шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулары нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырды.

     Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты  1,5 жастық  шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау  жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы  мен адамның  жас баласы»  атты кітабы  шығады. 2 сәбиді бақылағанда  ойын және сезім  белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды  дұрыс жетілуге апармайды.  Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді.  Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық  сипаттағы ойындар. Маймыл баласын  асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге  жеткен.                                                                                                                               ХХ ғасырдың басында  үнді психологы Рид Синх  қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді.  Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала  1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде  төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған.  Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға  тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін  мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет.  Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты.  Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан  ажырататынын  аса баңызды  айрықша белгілердің  бірі. Хайуанаттар  миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі  негізінен  туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.

Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе оның белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек ойын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы немесе бір ғана үдерістің кемшілігі есепке алынады. Ч.Дарвиннің өз ұлының эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал, кеңес лингвисі А.Н.Гвоздев (1949) өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды.

Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Бақылауды жоспарлы түрде жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.

Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.

3.Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу.  Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:

Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.

Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.

Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.

Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Жағымсыз жақтары:

Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;

Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.

Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.

Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.

Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:

Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;

Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;

Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.

Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:

Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;

Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;

Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:

Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.

Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.

Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.

Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.

Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.

4.Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру

Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою оған мысал бола алады. Оның мақсаты – баланың картинада бейнеленген заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау. Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әр түрлі екі-екіден шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?» деген сұрақтар қойылады. Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді көрсетіп жауап беріп жатты.

Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.

Тест-сынақ жүргізу әдісі. Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі әдетте өте қарапайым әрі біртекті.

Тест — баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгейiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады.

 




Жетісу облысы.

Кербұлақ ауданы.

Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі.

Педагог-психолог: Алдабергенова Куралай Кадылхановна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ