жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ ДАМУЫНДАҒЫ АТА – АНА МЕН ПЕДАГОГТІҢ РОЛІ
БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫ ДАМУЫНДАҒЫ
АТА – АНА МЕН ПЕДАГОГТІҢ РОЛІ.
Мәдениетті адам тәрбиелеу және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеу, білім алуына комектесу және жүйелі білім алуына жағдай жасау, үнемі ата – аналар жиналысына қатысып отыру, мұғаліммен кездесіп баласының өмірімен таныс болу ата-ананың міндеті.
Кәмелетке толған балаға да ата – ана қоғам, халық, заң алдында жауапты екенін естен шығармау керек. Ата – ана мен бала арасында тығыз байланыс қарым – қатынасты қалыптастыру психологтың меншігінде.
Жасампаз ғасырда, жаhандану дәуірінде мектеп, колледж, университет, яғни білім беру мекемесінің партасында отырған білімгердің жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата – ана. Сондықтан ата – ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс.
Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өссер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата – ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс – әрекеті арқылы баласына үлгі көрсететіні белгілі. Бала тәрбиесі – өте күрделі үрдіс.
Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, баланың көңіл – күйімен және қабілетімен, икемділігімен қадағалау қажеттіліктерімен айқындалады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата – анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата – ананы өмірдің тірегі санайды. Француз жазушысы Эпик «Күллі ғажаптың ішіндегі ең кереметі – жақсы тәрбиеленген адам» - деп пайымдаған. Ата – ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – ананың тіршілігінде көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол – перзент. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәнгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсерінің қаншалықты маңызды екенін біле отырып, педагог – психологтің келісімімен жоспарланған жұмыстары бойынша «Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде білімгерлермен, оқытушылар мен және ата – аналар мен төмендегі тақырыптарда жұмыстар өткізілді.
«Жасөспірімнің денсаулық пен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» Юнисеф бағдарламасы бойынша білімгерлердің ата – аналарын ақпараттандырылды, хабардар етілді және жыл бойы жүргізілетін диагностикалық жұмыстар мен таныстырылып, келісім алынды, ата – аналар жиналысы өткізілді және «Ата – ана мен білімгер арасындағы қарым – қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел, «Зорлық – зомбылық балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді. Өткізілу мақсаты күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт, көңіл бөлу, баланың әр бір жетістігі үшін мақтап, мадақтап отыру, балаға баға бермей, оның іс – әрекетін бағалау болып табылады. Жұмыс жүргізілу барысында ата-аналар қазіргі замандағы отбасылық мәселелерді қозғай келе, жасөспірімдердің қателікке көп ұрынатынын, ата-аналардың балаларға көңіл бөлмейтінін ашып айтып, көкейінде жүрген сауалдарын ортаға салып, талқылады.
1-4 курс білім алушыларға диагностикалық, профилактикалық, дамыту – түзету, психологиялық кеңес беру бағыттары бойынша , «Жасөспірімнің психикалық саулығын бағалау» шкаласы бойынша скрининг тест тапсырмасы орындатылды, 1- курс білімгерлерінің психологиялық ахуалын қалыптастыру, «Өмірдің жаңа жағдайларына 1- курс білімгерлерін бейімдеу» және 1-4 курс білімгерлеріне «Өмір – сен маған қымбатсың»,«Қатыгездік пен зорлық – зомбылық балалық шақ», «Кәмелетке толмағандар арасында өзіне – өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу», «Мен зорлық – зомбылыққа қарсымын», «Мен өмірді сүйемін», «Білімгерлер арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастыру», өзін – өзі басқару күні «Қарым - қатынас» тақырыбында тренинг Ш- 191 топ білімгерлеріне, «Адамның жан дүниесінің тұрақтылығы», «Ғасыр індетінен сақтанайық», «Ерте жүктілік несімен қауіпті?», «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі», «Менің отбасым – менің байлығым», «Жасөспірімнің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру» бағдарламасы бойынша 3 апталық дәріс оқытылып, психологиялық сүйемелдеу жұмыстары және оқытушаларға «Жас келсе іске» тренингі өткізілді.
Колледж білім алушыларына «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ Байқоңыр қаласы бойынша бөлімшесінің, ШЖҚ КМК «Байқоңыр қаласының копбейінді ауруханасының, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Зорлық – зомбылықтың алдын алу», «Жасөспірімнің денсаулық пен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид әрекетінің алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу», АҚТҚ/ЖҚТБ жұкпалы ауру және вирусты ауру мамандарымен кездесіп, дөңгелек үстел өткізілді.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлының сөзімен қорытындылай келе колледжде білімгерлер , оқытушылар және ата – аналар арасында тығыз байланыс жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіле береді.
Кенеш М.Ә.
«Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі»
білім беру мекемесінің педагог – психологі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген