Материалдар / "Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысының хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі" тақырыбындағы ата-аналар жиналысының хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2024
1470
31 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7«Д» сыныбының №1 ата-аналар жиналысының хаттамасы


Тақырыбы: "Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі"

Өткізілген күні: 27.09.2024

Өткізілген орны:

Қатысқандар: 19 ата-ана


Мақсаты: Қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау, түсіндіру.

Күн тәртібі:


1. Психологиялық тренинг

2. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру

3. Ағымдағы мәселелер


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші ................. ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сынып жетекші ............................ тақырып бойынша бейнеролик көрсетіп, кейін хабарлама жасап, ата-аналарды ақпараттандырды:


Жиналыста талқыланған негізгі қауіптер:

-интернеттегі қауіптер;

-шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;

-балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;

-баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;

-әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар.


Қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек?Ата-аналарға кеңес.

- Ата-ана бақылауы

Құрылғыларда ата-ана бақылауы сүзгілерін қолданыңыз. Бұл қажетсіз контентке қолжетімділікті шектеуге көмектеседі.

Ата-ана бақылауы – бұл арнайы құралдар мен параметрлер, олар ата-аналарға балаларының интернетте және құрылғыларда (компьютерлер, планшеттер және телефондар) не істеп жатқанын бақылауға көмектеседі. Бұл балаңызды қажетсіз немесе қауіпті контенттен қорғауға, гаджеттерді пайдалану уақытын шектеуге және интернеттегі байланыстарын қадағалауға мүмкіндік береді.

Ата-аналар жиналысында ата-аналарға келесі нақты ұсыныстар ұсынылды:

-Балаңыздың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеру.

-Әлеуметтік желілер мен топтарды бақылау.

-Хабарламалар орнату.

-Интернетті пайдалану уақытын шектеу.

-Баланың эмоционалды жағдайын үнемі талқылау.

-Балаңыздың интернеттегі достарын тексеру.

-Еркін қарым-қатынас жасау үшін қауіпсіз орта құру.
 
-Баланың іс-әрекетіне қатысу..

-Сын тұрғысынан ойлауды және интернет қауіпсіздігін үйрету.

Ұсыныс: 

  1. Ата-ана балаларға барынша жақын болу

  2. Балаңыздың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеру.

  3. Интернетті пайдалану уақытын шектеу.

  4. Балаңыздың интернеттегі достарын тексеру

  5. Еркін қарым-қатынас жасау үшін қауіпсіз орта құру.


Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сынып жетекші ......................... ағымдағы мәселелер туралы: мектеп формасының сақталуы, мектептің ішкі ережесін сақтау, жеке бас тазалығы, оқушылардың тәртібі, сабаққа кешікпеуі, сабақтан себепсіз қалмауы,оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы айтты.


Сөйлеушілер: Жиналысқа қатысқан ата-аналар әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс екенін айтып, бала қауіпсіздігіне алдымен заң жүзінде де ата-ана жауапты екенін нақтылап, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы да айтылды.


Шешім:

  1. Ата-аналар тарапынан балалардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілсін.

  2. Балалардың ұялы телефонды ұстау уақытына шектеу қойып, қайдай сайт, платформа, қосымшаларға, ойындарға кіретінін қадағаланып, зиянды, қауіпті жақтары түсіндірілсін.

  3. Балалар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылсын.

  4. Балалардың мектепте білім алуына, тәрбиеленуіне толыққанды жағдай жасалып, қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі, мектеп ережесінің, тәртіп талаптарының сақталуы ата-аналармен қадағалансын.

Хаттама толтырылған күн: 28.09.2024


Хатшы: сынып жетекші

Жиналыс төрағасы: ата-ана



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!