Бала құқығы - асыл қазына

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала құқығы - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ













Тәрбие сағаты

«Бала құқығы - асыл қазына»

5-6 сыныптар






















Әлеуметтік педагог Кеженова А.Т.








Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық

азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін

кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

2) Тәрбиелік: адамгершіліктің, ізгі ұасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін баңыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

3) Дамытушылық: оқушылардың бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу.

Көрнекіліктер: гүлдер, тақырыптың аты, суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сынып сағатын сендерге мен беремін.

Менің аты-жөнім Алпамысқызы Толқын.

II. Психологиялық дайындық

- Бүгінгі сабағымызды «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтып кеткен сөзімен бастағым келіп тұр. Яғни бүгінгі тақырыбымыздың аты «Бала құқығы-асыл қазына».

III. Жаңа сабақ

- Сендердің ойынша құқық дегеніміз не деп ойлайсыңдар? Құқық дегеніміз - заңдар жүйесі. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Осы заңдар арқасында біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар,

өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.

Тақтамен жұмыс

Сұрақ-жауап

1) Жаза дегеніміз не?

2) Баланың қандай құқықтарын білесіздер?

3) Бала тәрбиесіне әсер ететін орта?

4) Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?


-Балалар, мысалы кітапхананы алатын болсақ. Кітапханаға байланысты біздің құқығымыз бен міндеттеріміз қандай деп ойлайсыңдар? Соны ашып алайық.

1.Кітапхананың оқу залында әрі-бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік кұқығым бар деп есептейсің.

Жауабы: Еркін тұрып жүру құқығымыз бар, кітапханадағы тәртіпті бұзбау міндетіміз де бар. Құқық кітапхана ережесімен шектелген.

2.Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен өз бостандығыңа құқығым бар деп есептейсің.Құқығым бар ма, әлде жоқ па?

Жауабы:Сенің сөз бостандығыңа құқығың бар.Бірақ кітапхана қызметкерлерін сыйлау, оқырмандарға кедергің келтірмеу міндетін ұмытпауымыз керек.

3.Кітапханада ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқықтары бар деп есептейсің.

«Ыстық алақан» ойыны

- Алақандарымызды бір - біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.

1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе? Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру: иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз; жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?

- егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз

- егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз

- егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.

«Менің құқығым»

(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)

Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?

Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?

Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?

Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі,

орындауы керек. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері

мыналар:

1) Заңдарға бағыну

2) Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3) Мемлекет рәміздерін құрметтеу

4) Салықты төлеу

5) Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

6) Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау

7) Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы

8) Орта мектеп білімін алу

9) Қазақстан Республикасын қорғау

Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.

- Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.

/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Ассоциация әдісі

Ой қозғау.

«Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоциация жасау.

- Қылмыс деген сөз сендерді қандай сөздермен байланыстырады? /Тақтаға

бір-бірден шығып өз ойларын жазады/

Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде: «аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет «даму» бізге даму және өсу үшін не қажет «қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет

«қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет

«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны

сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;

кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;

кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей

отырып жұмыс істеуге дайын.

«Заңды жақсы білесің бе?» (Оқылған жағдаяттарды тыңдап, құқықбұзушылық болса - қызыл түсті, керісінше болса - көк түсті көтереді.)


Марат қала сыртындағы қоқыстан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Ол құқық бұзды ма, яғни қылмыс жасады ма?

Анасы баласына:

- Жұмысқа кетіп бара жатырмын, үйді жинап, ыдыстарды жуып қой, - дейді анасы

- Ертең маған бақылау жұмысы, уақытым жоқ, – дейді баласы.

- Оған дайындалып үлгересің, үйді жинап қой, шашып тастап кетуге болмайды,-деп тапсырады анасы.

Сонда баласы:

- Мен заң берілген құқықтар бойынша білім алуыма кедергі келтіретін барлық жұмыстардан босатылғанмын. Ол менің құқығымды шектейді,– дейді. Баланың өз құқығын осылайша қоғауы дұрыс па?

Мектеп оқушылары біреудің бақшасынан жүзім ұрлады.

Самал сыныптасының қаламын рұқсат сұрап алды. Ол құқық бұзды ма?

IV. Қорытынды

- Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік.

Ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да

бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі