БАЛА ҚҰҚЫҒЫ -БАСТЫ НАЗАРДА

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ -БАСТЫ НАЗАРДА

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптарға конвенция
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:21.11.2020 жыл

Тәрбиеші:А.Бекенова

Тақырыбы: Бала құқығы -басты назарда

Мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету

Мазмұны: 1.Конвенция

2.Қанатты сөздер

3. Сұрақ-жауап

4.Қорытынды:

Түзету жұмысы: Қалдық көру қабілетін дамыту

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың түрі: Брифинг

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды брифингке дайындау

  1. Конвенция

Конвенция дегеніміз ол - бала құқығы туралы келісім шарт. Конвенция-арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі болып табылады.

Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Ол «Бала құқықтары туралы конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54 баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті -18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.

  1. Қанатты сөздер

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ».
Ж. Баласағұн.

  1. Сұрақ-жауап

Қасымхан Дамирхан: Баланың қандай құқығы бар?

Жауап:

  1. Қамқорлыққа

  2. Дәрігерлік көмек алуға

  3. Білім алуға

  4. Өсім мен азаматтық алуға

  5. Ақпарат алуға

  6. Дем алуға және бос уақытын тиімді пайдалануға

  7. Отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге

Ермахан Лиза: Балалардың құқығын кім қорғайды?

Жауап: Бала құқығын ата-ана,қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес балаға қамқорлық жасауды,білім, тәрбие беруді,оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.

Қорытынды: Елімізде

«Балалар құқығын қорғау Конвенциясы» қабылданғанына біраз уақыт болды. Осы құжат аясында барлық өңірде білім беру мекемелерінің жанында ұйымдастырылған

Балалар құқығын қорғау секторлары тарапынан құқық қорғау оргогдарымен бірлесе отырып , түрлі игі жұмыстар атқарылып келеді. Әдетте, әрбір ата-ана перзентін өмірге әкелгенде оған тәрбие берумен қатар, асырап,дұрыс білім алуына жағдай жасауына міндетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі