400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала құқығын білесіз бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар өздерінің құқықтары туралы мәлемттермен қанығады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі: Орынбасарова Ақжарқын Сегисхановна


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бала құқығын білеміз бе?»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім  әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, адам құқығы  туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға,  тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік  қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық,  адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік
Көңілді болып жүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!
/балалар шеңберде тұрады/
Іздену ұйымдастырушы
Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

Мұғалім сөзі:  Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.


1 – маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20 – қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10 – желтоқсан

Адам құқығы күні

 





Қайырлы күн балалар, сабағымыздың қонақтары! Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың құқығына және міндеттеріне арналады. Іс-әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
Біз қандай планетада өмір сүреміз?
Жер неге ұқсайды?Бұл не?
Глобусқа қарандаршы қаншама мемлекеттер мен елдер орналасқан?

Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан? Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
Конвенция дегеніз ол- бала құқығы туралы келісім шарт. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды). Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда). Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
«Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?

-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.

-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.

-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес,бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.

-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

«Не істеуге болмайды?»

-Үлкендердің алдынан кесіп ………..

-Кішкене баланы …………

- Қыз баланы  …………..

-Сабақтан ………………………

- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

 «Не істеу керек?»

-Үлкен кісіні  …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің  ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

-  Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

-  Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

-   Оқу құралдарын  ………………………( күтіп ұстау керек)

 «Біз неге құқылымыз?» 
Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар
Тегін ауруханада емделуге
Балабақшаға келуге
Тегін білім алуға
Демалуға
Еркін ойнауға
Еркін өз ойын толық жеткізуге
Өз тілінде сөйлеуге

-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар. Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік». Куәлікті таныстыру.
Слайд көру: «Бала құқығы туралы»
Тәуелсіз еркін ел бүгін, 
Талай жыл күткен теңдігім – 
Ата заңым менің. 
Санама құйған таң нұрын, 
Бақытым, бағым, тағдырым – 
Ата заңым менің!
-Балалар,біз бүгін сендермен қандай та
қырыпта сөз қозғадық?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
/Жер/
/глобус/
/Қазақстан/
/қазақтар/
/Астана/
Балалар мұқият тыңдайды.
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
-Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.
Хормен оқыту.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
1116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі