400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала құқығын қорғаймыз, жылулық сыйлаймыз!!!»

Материал туралы қысқаша түсінік
20 қараша дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығын қорғаймыз, жылулық сыйлаймыз!» атты шара өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бала құқығын қорғаймыз!!!»

1 жүр: Армысыздар құрметті, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні, яғни 20 қараша «Балалар құқығын қорғау» күні деп аталып өтілуде.

1 жүр: Жаны құмар сәби ек жаңалыққа
Шаруасы жоқ паңдық та даналық та
Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай
Бар бақытты сиғызған балалыққа

1 жүр: Мәңгі өзгермес бақыты, бақ қадірі
Секілді жұпар шашқан бақша гүлі
Адамзаттың сарқылмас сағынышы
Балалықтың бал дәурен патшалығы

Ән: «Армансыз күнім болмайды»



Ж1: Адамның өмірге деген құштарлығын еселей түсетін құдірет ол – ұрпағыңның өсіп ер жетіп, азамат болуы.
1 жүр: - Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген.

1 жүр: Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.
Би-флеш-моб: 5ә

1 жүр: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман болсын – дейік!
2 жүр: Ашық аспан аясында,
1 жүр: Нұрын шашқан күн сәулесіндей, біздің балдырғандарымыз әруақытта бақытты болсын!

Ән: «Ақ дидарлы анашым»


Ж1: Балалар бақытты өмір сүрсін деп біздің еліміз алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді.

Ж1: Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.  
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!  


Көрініс 5ә


Ж1:

Арманы бір, үні бір  
Аға ардақты, іні гүл  

Бақыт туын көтерген  
Балалардың күні бұл  



Қабыл алшы өнерлерін баланың,  
Тілектері орындалсын ананың.  
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,  
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.  

Би «Флеш моб»5б

Ж1: Талайлардың шырқалады жыр әні,  
талайлардың жүрегі нұр құшады.  
Бүгінгі күн туған жер аспанында,  
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады

Ән: «Атамекен»


Ж2: Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша

Кезекті тағы да биге берейік топтық би 5а сыныбы

Ж1: Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің дей келе әрқашан да балаларымызды қорғап, қолдап жүрейік! Балаларымыз аман болсын!

20 қараша дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығын қорғаймыз, жылулық силаймыз!» атты шараға мектебіміздің мүмкіндігі шектеулі, үйден оқытылатын оқушылар қатыстырылды.

Мектеп әлеуметтік педагогы:Салимова Г.А.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2021
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі