Материалдар / Бала шақтан - болашаққа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала шақтан - болашаққа

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлықтарын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.Жылдағы дәстүрмен алтын ұя мектебіміз тағы бір салтанатты жиынға сап түзеді. Мектебіміз сыңғырлаған қоңырау үнімен бастауыш сынып бітіруші түлектерін шығарып салғалады.Сол қоштасуда бастауыш сынып мұғалімдері өз жоспарларына қосымша материал ретінде қолдана алады.Сыныптан тыс ісшараның құрылымы өте жақсы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1081
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценариі.

Тақырыбы: " Бала шақтан - болашаққа"

Сабақтың мақсаты: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлықтарын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, қанатты сөздер.

Слайдтар.

Сабақтың барысы: (ортаға екі жүргізуші шығады)


1-жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!

Жылдағы дәстүрмен алтын ұя мектебіміз тағы бір салтанатты жиынға сап түзеді. Мектебіміз сыңғырлаған қоңырау үнімен бастауыш сынып бітіруші түлектерін шығарып салғалы отыр.

2-жүргізуші

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі

сол - 4 жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп- кішкентай балдырғандар еді. Енді міне, бойлары да , ойлары да өсіп , бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

1- жүргізуші:

Алғашқы кезде ақырын,

Ашып ең мектеп есігін.

Бұл сенің баурап тербеткен,

Алтын ұя бесігің.

2- жүргізуші:

Біз едік балапан,

О бастан келгенде

Ер жеттік міне, енді - дей келіп , бастауыш сынып түлектерін ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.

( музыка ойнайды, түлектер сынып жетекшілерімен кіріп тұрады)

1- жүргізуші

4 "а" -сыныбы

Сынып жетекшісі: Нұрмолдина Қарлығаш Қайыргелдіқызы

2-жүргізуші

4 "ә" -сыныбы

Сынып жетекшісі : Малгаждарова Әсел Мырзабайқызы.

1- жүргізуші:

Бағыңда құстай сайрадым,

Күлімдеп гүлдей жайнадым.

Сәулетті алтын бесігім,

Ашылды бақ боп есігің - дей отырып "Бала шақтан - болашаққа" атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз!

( әнұраны орындалады)

1- жүргізуші:

Жолдайды мектеп басшысы,

Түлектерге ақ тілек.

Өмір деген үлкен жолда,

Ақ жол тілеп, бақ тілеп, - дей отыра алғашқы құттықтау сөзді мектеп - лицей директоры Елеукина Сағат Құрманғалиқызына береміз.

( Директор тілек айтады, гүл шоғы беріледі, пән мұғалімдеріне

гүл шоғын сыйлау, оқушылар шығып кетеді ).

2- жүргізуші


оқушылардың орындауында «Ұстазым» әні, сіздердің құрметтеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

(Шыңғыс,Дариға Жанэль Абзал)


1-жүргізуші: Даниял, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.Ендеше , қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өлең шумақтарына кезек берелік.

( оқушылар тақпақтар айтады: Әмірали, Жасмина, Жігер, Ақсарал, Нұрбол, Гүлсара,Мейрамбек,Сабина )


Алдарыңызда қыздардың орындауында "Мектебім" әні.

( Нұрай,Нұргүл,Дариға)

2- жүргізуші:

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Өнерлі бала шырағым,

Ерекше жарқын шыраймен.

Жүздері жайнап қуанып,

Шоқ -шоқ қызыл гүл алып,

Бүлдіршін ізбасарларың келіп отыр,

Құттықтауға бастауыштың түлектерін.

( Ортаға 1- сынып оқушылары шығады 4 оқушы )

1. Ақыл ойын жаңғыртып,

Бастауышпен қоштасқан.

Өңкей білгіш балдырған,

Өсті міне ойларың,

Құтты болсын тойларың.

2.Түлектерді айтып мақтанамын,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

3.Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп, толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман есен болыңдар!

Би : Камаля, Бір ән орындайды.

1 . Ізбасарларға тілектері ( Кілт беру)

Ғылымды терең меңгеріп

Үмітті сендер ақтаңдар

Мектепті үздік бітіріп

Ұстазың жүрсін мақтанып

Шығыңдар білім шыңына

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да ,

Оқуда және еңбекте.

деп мен сендерге білім кілтін табыс етемін.

1-жүргізуші.

Әріптерді үйретіп,

Білімменен шыңдатқан.

Бал бұлағы бастауышпен

Қоштасуға келгелі тұр ортаға.

4 «ә» сыныбының орындауында «Қызыл телпек» қойылымын тамашалаңыздар.

(өз өнерлерін көрсетеді)

Тақпақтар: (Мерей,Нұрғали,Дарина,Мейрамбек,Дильназ, Рауан ,Бибігүл,Диас)

2 - жүргізуші:

Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән шәшу әсем әуен ,түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

  1. « а »сыныбының орындауында хор «Ұстазыма»

1-жүргізуші:

Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де,талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған.

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Өзбек биін» билеумен тамсандырған.

(Би: Аружан)

2- жүргізуші:

Бастауыш бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек.

4 сынып ұл - қызы

Айтқысы келер оң тілек.

Тақпақтар:(( Мөлдір,Алихан,Айгерім,Ескендір,Инкар,Олжас,Айдана)

4« ә »сыныбының орындауында хор «Мектебім»

1-жүргізуші.

Бастамасы бастауыштың

Сан өнерлі түлегі,

Ұшқалы тұр түлек болып,

2-жүргізуші:

Ата -ана әлдилеп балапанын,

Әлдилеп, аялаған алақанын.

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар.

Ойлауменен алдағы бала қамын - дей келіп, ұл - қызының ер жетіп, бастауышты тәмамдағанына сенер- сенбесін білмей, қуаныштары қойнына сыймай тұрған

49 түлегіміздің ата-аналарына сөз берелік)

(Ата- аналар атынан тілек айтады)

  1. Жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз- дей келе алдарыңызда

оқушылардың дайындаған флеш мобын қабыл алыңыздар.

1- жүргізуші:

Бастауыш буын түлектерін марапаттау рәсіміне мектеп директоры Елеукина Сағат Құрманғалиқызын ортаға шақырамыз.

(оқушылар сертификатпен марапатталады, 2- жүргізуші кезекпен оқушылардың аттарын тізім бойынша оқып тұрады)

Ата- аналарды марапаттау

  1. жүргізуші

Мың бұралып тал шыбықтай иілген,

Тәмәм жұртты тамсандырған биімен.

Шыққалы тұр бишілеріміз ортаға,

Қарсы алайық, өнер ортақ баршаға

(Оқушылар «Қоштасу вальсі» билейді.)

2-жүргізуші:

Бастауышым бастамам,

Білім жолын бастаған.

Тілек тілеп әр бала,

Орындалсын әрқашан.

1-жүргізуші:

Алдарыңызда Нұрайдың орындауында «Ұстазым» әні.

1- жүргізуші.

Осымен құрметті халайық, "Бала шақтан - болашаққа " атты салтанатты кеш те өз мәресіне жетті.

2- жүргізуші:келесі кездескенше аман - есен, сау - сәлемет болайық ағайын!







































































1. Ақыл ойын жаңғыртып,

Бастауышпен қоштасқан.

Өңкей білгіш балдырған,

Өсті міне ойларың,

Құтты болсын тойларың.



2.

Түлектерді айтып мақтанамын,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.




3.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп, толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман есен болыңдар!












Бізде сендей болып едік,

Білім нәрімен сусындандық.

Қыран биік самғайды қанат қағып,

Әрқашан биіктерден көрінің














қөз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар , ата-аналар!

Бастауышпен қоштасу тойымызға.



Біз барамыз артқа тастап 4 жылды

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.

Пана болған,дара болған біз үшін,

Бәрінен де артық дер ек біз сізді.


Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгнніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап,таңырқап тұрған шақта,

Өзің болдым, ұстазым сенгеніміз.


Мектеп деген киелі ұғым - ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай - талай азамат.


Мен тілеймін ұстазыма

Өмір думан,бақ әкелсін мереке.

Азамат боп шығамын мен,

Сенетіндей ел ертең.


Бастауыш -Дастан

Тәлімнің бәрін үйреткен.

Ананы сүйіп, әкені сыйлап,

пәр еткен.

Сіңіріп бәрін,

Бойыма алып барамын.

Жолдама етіп,

Өмірге сапар мен шеккен.


Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым, көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім.

Рахмет саған ,бастауыш мектебім!


Мың бұралып тал шыбвықтай иілген,

Тәмәм жұртты тамсандырған биімен.

Биші қыздар шыққалы тұр ортаға,

Қарсы алайық, өнер ортақ баршаға.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын - бесік ұлан - байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол,балғын балалық» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген — бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

 

 

1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты

2-жүргізуші:Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

1-жүргізуші:Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

2-жүргізуші:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

1-жүргізуші:Дұрыс айтасың Жанель ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Есіңде ме,бізде өткен жылы дәл осылай тұрған едік.

2-жүргізуші: : Иә,Теміржан есімде,ол ешқашан ұмытылмайды ғой,яғни біз тағы бір жылға есейдік.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

1-жүргізушіИә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

(оқушылар тақпақтарын айтады)

 Ән: Мектебім.

Мұғалім сөзі:Бұл күнге  дейінгі 4 жыл  уақытты ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт сол күндерімізді елестетер болсақ…….    Құрметті қонақтар,оқушылар енді «Біздің балғын балалық» атты фильмді тамашалайық.  Фильм «Біздің балғын балалық»

2-жүргізуші:

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

1-жүргізуші: Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де,талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ биін» билеумен тамсандырған.

Би: «Адай»

 

2- жүргізуші:Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,

Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз

« Ұмытшақ оқушы »  көрініс тамашалаңызыздар.

  1-жүргізуші:Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді.Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатысты. Ұстаздарымызға …… көп рақмет айтамыз!

 

 

Мұғалім:

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр — түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
“Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директоры   марапатталады
 “Қамқор және мейірімді ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оксана Викторовна  марапатталады

 “Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлік Еркінұлы марапатталады.

Ең ардақты,аяулы ұстаз” номинациясы бойынша алғашқы ұстаз

Арай Илюбаевна  марапатталады

«Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі
Конурбаева Сауле Жұматовна марапатталады.

«Күміс көмей, жез таңдай ұстаз» номинациясы бойынша “Музыка” пәнінің  мұғаліміГульвира Жеңісқызы марапатталады.

«Дені саудың – жаны сау» номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі” пәнінің мұғалімі Сайран Зұлқарнайевич  марапатталады.

«Ағылшын тілін үйреткен  ұстаз» номинациясы бойынша ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі  Гульмира Қалимолдақызы  марапатталады.

2- жүргізуші:Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Елге сәлем» әнін Диастың орындауында қабыл алыңыздар.

Мұғалім:Сонымен қатар мектебіміздегі балаларға өз жылуларын сыйлаған адамдарды да қошеметтеп,алғысымызды айтсақ деп едік.

«Біздің сүйікті дәрігер» номинациясы бойынша мектебіміздің медбикесі Алма апай марапатталады.

«Кітап біздің -досымыз» номинациясы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Гүлнар Қуанышқызы  марапатталады.
«Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің аспазшысы Айнагүл апай марапатталады.

1- жүргізуші: Өнер – білім, егіз ұғым екендігін танытты

Бойларына бар өнерді жиып – теріп дарытты,

Биін билеп береді енді, бүгін олар сіздерге.

Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың.

Құрметті апайлар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Шығыс» биін қыздардың  орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

Диас:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

 

Бексұлтан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

     Думан:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

     Дамир:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

1-жүргізуші::Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2- жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Аналар сіздердің құрметтеріңізге Алтынбек пен Диастың орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән  «Аналар алтын» 

2-жүргізуші:« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Теміржан?

1-жүргізуші:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2-жүргізуші:Дұрыс айтасың Теміржан,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

1-жүргізуші:Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды алғашқы ұстазға арнаймыз!

(оқушылардың ұстазына тақпақтары)

 

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

           Мың алғыс мына отты жүректерден!

1-жүргізуші: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.Ән «Ұстазым менің» барлығы бірге

2-жүргізуші:: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін алғашқы ұстазға береміз!

Мұғалім сөзі:Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.

Ұстаз  оқушыларға грамоталар ұсынады

 

1.Әлпештің мінезі бар жанға жайлы,

Ешқашанда,ешуақытта шаршамайды.

Сыныбымыздың ерке қызы өзіңсің

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Күліп жүрген өзіңе жарасады..

2.Диастай ұлымыз бар мақтанамыз,

Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Диасқа ақ тілекті ақтарамыз.

3.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Әр ісі әрқашан да мойындалар.

Әр ісіне жауапты Думан бала

Арманың болашақта орындалар.

4.Барлық істі тез арада тындырады,

Бар жанын сала тырысады.

«Жыл оқушысы» жүлдегері, атағы бар.

Махаббат менің мәңгі есімде қалады.

5.Айтар сөзім, тілегім бар өзіңе.

Үлгі болғай Айдын деген ініңе.

Назгүлсенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Тек жақсылық пен сәттілікті тіледім,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегіңе.

6.Үлкені боп келеді жанұяда,

Кезек келді ерке қыз Анарға да

Әрқашанда күлімсіреп жүресің.

Әңгімеңмен баурап алып кетесің.

Болашақта биік-биік шыңдардан,

Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.

7.Диас  сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын

Оқушымсың сенімімді ақтайтын.

8.Әр іске де жауапкершілік танытатын

Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.

Бексұлтан ақкөңіл бала,жүрегі кең,

Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.

9.Есеп шығарудың шебері,

Математиканы өте жақсы көреді.

Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,

Сұңғақ бойлы,әдемі Мадина қыз.

10.Бос жібермей ешқашан да уақытын,

Сурет салу сенің бар үлкен талантың.

Самғай бер,қанатың талмасын,

Дамир келешекте жарқын болсын болашағың.

11.Балама да мінекей кезек келді,

Оқытпаймын өзім деп,кеш берілді,

Бәрібір де оқытуға тура келді.

Аналық жүрегіммен тіледім ақ тілекті.

 

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті — тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті Бауыржан ағай, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз.Мектеп директорының құттықтау сөзі

1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым — балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!