400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала шақтан бола шаққа" мерекелік ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала шақтан, болашақтың бастауы!»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ізгі жанды ұстаздар, балғын балдырғандар сіздерді бүгінгі «Ақниет» балабақшасында өткелі тұрған «Бала шақтан, болашақтың бастауы! »

атты мерекелік іс-шараға қош келіпсіздер!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айын,- дей келе балғын бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

(Музыка әуенімен қолдарына көгершін мен шар байланған балалар екі жақтан шығады. Жинақталып тұрып қолдарындағы шарларын ұшырады.)

Жүргізуші: (музыка әуені баяу қосылып тұрады)

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін

Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным

Жанат апай бір сіздің арқаңызда

Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын

(осы кезде екі бала Жанат апайды алып шығады)

Жанат апай білімнің қайнар көзі

Тек біздерге өнеге әрбір сөзі

Жүректерге солмайтын гүл егетін

Ғылымға да жол бастар айтқан сөзі

Білімменен табатын адал асын

Бақытты боп өседі балғын жасың

Ақниет балабақшасы жасай берсін

Келешекке сеніммен қарататын (Жанат апайға арналған гүлдерін табыстайды)

Жүргізуші:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимаймыз

Қоштасатын күн бүгін. Бүгін балаларымыз балабақша ұстаздары мен қызметкерлеріне арнап өлең жолдарын тарту етпекші.

Ерталап: Рақымжан:

Ұстаздардың ұстазы Жадырайды жанымыз

Тәрбиенің ұстасы Бақшадағы күндерді

Меңгеруші апайға Есімізге сақтаймыз

Ырза шеше, әке де Тәрбиеші Лаура, Анар

Бізде сұнда әрдайым Апайлардың сіңірген

Бәрі-бәрі деп-дайын Еңбегін біз ақтаймыз

Қамымызды ойлаған

Фатима апайға көп рахмет!

Нұрсұлтан: Нұртілек:

Талай - талай баспалдақты аттармыз, Жазу жазып үйреткен
Ата - ананың үмітінде ақтармыз. Әріптерді оқытқан
Нұргүл атты апайлар, Санамақты жаттатып

Сізден алған ақылды Санауды бізге үйреткен
Есімізде сақтармыз. Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Лаура, Бағдат апайларға

Айтамыз біз мың алғыс!

Төле: Бекжан:

Үйреткен бізге өнерді Денені тік ұстауды

Айтады бізге өлеңді , Саптан жиі шықпауды

Түрлі биді үйреткен , Маржан,Динара апайлар үйретті

Айдана, Асыл апайлар өнерлі Тентек, сотқар болмауды!

Айдана: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Ұлту Марха апайға

Айтамыз көп рахмет!

Инабат: Бейбітшілік әніміз,

Өнерліміз бәріміз.

Бақыткүл апай,

Ән салдырса,

Жадырайды жанымыз.

Алтынай: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Сәнім апайға рахмет!

Ерасыл: Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Сара,Дина, Гүлзия

Апайларға көп рахмет

Рахман: Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен.
Қоймашы ағайға мың алғыс!

Зере: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Фарида апай үйреткен
Өнерін еске аламыз.

(Балалар, қолдарындағы гүлдерін апайларына ұсынады)

Жүргізуші:

Қыздарымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Мерекеге сән беріп

Ән айтады қуана,-дей келе Айдана мен Зеренің орындауындағы «Әніміз бар тамаша!» атты керемет әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Әніміз бар тамаша!»

Жүргізуші:Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларын,- дей келе бітіруші бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.

Жұп биі: «Вальс»

Жүргізуші:

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің-,дей келе ерке қыздарымыз Инабат пен Алтынайдың орындауындағы «Еркеқыз» әнін тыңдайық.

Ән: «Еркеқыз»

( Осы кезде керемет күлдіргі дыбыстар, көңілді әуен естіледі. Музыка әуенімен Сайқымазақ мерекеге келеді.)

Сайқымазақ: - Саламатсыздар ба, балалар, құрметті де қонақтар.! Мен күлдіргі Сайқымазақпын. Сендердің дауыстарыңды естіп әрең жеттім ғой! Неткен әдемі де, сүйкімді балалар. Ой, неткен әдемі безендірілген бөлме!. Мен қайда келдім? Мұнда не болып жатыр? Нені тойлап жатырсыңдар?

Жүргізуіші: -Қош келіпсің ,Сайқымазақ. Мұнда балалар мерекелік іс-шараға жиналды. Бұл «Ақниет» балабақшасының сүп-сүйкімді балалары.

Сайқымазақ:- Солайма. Сендер көп нәрсені білетін сияқтысыңдар. Ендеше, сендерге арналған сұрағым бар.

Жүргізуші: -Әрине, сұра сұра, біз жауап беруге дайынбыз.

Сайқымазақ: -Ендеше менің бірінші сұрағым мынадай.

-Бүгін қандай мереке өткізіп жатырсыңдар?

Балалар:- Балабақашмен қоштасу мерекесін.

Сайқымазақ: -Балабақшаға сендерге ұнады ма?

Балалар: -Иә, әрине ұнады.

Сайқымазақ: -Мектепке барғыларың келе ме?

Балалар: - Әрине барғымыз келеді

Сайқымазақ: -Алда тағы қандай мереке бар?

Балалар: - 1-маусым балалар мерекесі

Сайқымазақ: -Неткен тапқыр балалар едіңдер. Сендер тақпақ білесіңдер ме?

Балалар: -Әрине білеміз.

Сайқымазақ: Ендеше, кімнің қандай тақпақтары бар екен, тыңдайын.

Айару: Мектепке енді барамыз Әсемай: Балабақша, балабақша

Үлгілі оқушы боламыз Шаңырағы шаттықтың

Жақсы оқып сабақты Балабақша қорғанышы

Кілең бестік аламыз Балғын сәби жастықтың

Халел: Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Дархан: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.

Сайқымазақ: -Ой, бәрекелді. Ал ән айта аласыңдар ма?

Жүргізуші: -Әрине, бізде өлеңде әзір де, әнде әзір, бәрі әзір.

Бүгін қандай шаттық тола күнді

Бүкіл әлем ерекше бір түледі

Балдырған жетектеген ата-ана

Қуаныштан жарылардай жүрегі.

Біздің Бекжан өте өнерлі. Өскенде әнші боламын дейді. Ендеше, Бекжанның орындауындағы «Вокзалдағы қауышқан қыз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Вокзалда қауышқан қыз»

Сайқымазақ: -Керемет, әкелерің бір марқайып қалды-ау. Мен тағы ән тыңдағым келіп тұрғаны. Мына елімізге, жерімізге қуат беретін патриоттық әндерді айта аласыңдар ма?

Жүргізуші: -Патриоттық ән дейсің бе.Бүгін бізге қонақ бала келіп қалыпты. Ол мына балдырғандарға іс сапар тілеп, өзінің әнін ала келіпті.

Ән: «Жаса, Қазақстан»


Сайқымазақ: - Керемет, өте өнерлі екенсіңдер. Менде сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

Шаршағанды басатын,

Менде бір би бар.

Шеңбер болып тұрайық

Би билеп сергіп алайық

Би: «Буги-вуги»

Жүргізуші: -Балалар, сендерде сергіп алыңдар. Бәрін тұрып, сәл тынығып денемізді қозғалтып билеп жіберейік.

Би: «Флешмоб»

Сайқымазақ: -Тамаша, балалар, көңіл-күйміз көтеріңкі болды ма? Рахмет сендерге!

Жүргізуші: -Сайқымазақ, мерекені одан әрі нұрландырып жібердің. Бізбен бірге болып, одан әрі қарай тамашалауға рұқсат.

Жүргізуші: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз,- дей келе аналарымыздың құрметіне арнап Нұртілектің орындауындағы «Мама» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Мама»

Жүргізуші: Тәнті болып сүйінбес өнерге кім?

Қол соғып қарсы алайық көреременім

Саусақтары майысқан бишілер

Алдарыңда көрсетеді өнерлерін!

Өнер десе төгеді біздің қыздар

Бойындағы тынбас бір таланттарын

«Аққу» биін билемек ару қыздар

Қол соғып қошеметпен қабыл алғын

Би: «Аққу»

Жүргізуші:- Балалар біз мектепке барғанда қолымызға не ұстаймыз?

Балалар: -Портфель.

Жүргізуші:- Ендеше, балалардың шағын ғана «Портфель» атты көрінісін тамашалайық.

Көрініс «Портфель»

Портфельдің суреті салынған үйшік тұрады....

Жүргізуші: Биік те емес, аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай

Сыртында тұр жараса

Сонда мұны кім алған

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

Тук, тук, тук

Кіруіме бола ма?

Әлде біреу тұра ма?

Әрине ешкім тұрмайды

Тұрса үнсіз болмайды

Әне пенал келеді

Сөзімді сол жалғайды

Пенал: Пай, пай, пай

Түсім бе, әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде

Болса болар тек қана

Ертегілер елінде

Жақынырақ барайын

Ішіне көз салайын

Кім тұрады бұл жерде

Жайын біліп алайын

Тук, тук, тук

Болар ма екен кіруге?
Кім тұратынын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші: Енді әліппе келеді

Портфельді олда көреді

Әліппе: Ашық екен еісігі

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін

Жақсы достар болса егер

Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт

Пенал шықты ақылды

Әліппені өзімен

Бірге тұруға шақырды

Жүгіріп дәптер келді де

Кіргісі келіп ішіне

Қарайды олда телміре

Дәптер: Жазу жазар болса кім

Онда менде керекпін

Кіргізіңдер мені де

Бірге тұрайық демекпін

Жүргізуші: Әліппеде жөн көрген

Адал досты

Қатарына дәптерді

Жедел қосты

Пайда болды «4»-ік те

Көп ұзамай «5»-тік те

Айтып жатты жарысып

Өз ойларын естірте

5-тік: Оқушының бәрі де

Мені жақсы көреді

Портфельдің дәл төрінен

Маған орын береді

4-тік: Жақсы оқитын балалар

«4»-пен «5»-ті алады.

Ұқыпты өзі ынталы

Тәрбиелі болады

Жүргізуші: Міне, осылай порфельдің

Лезде іші толып кетті

Арттарынан жүгіріп

«2»-лік те келіп жетті

«2»-лік : Портфелім мені қалдырмай

Кіргізіп ал ішіне

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіңе

Жүргізуші: Ұрысып «1»мен

« 2»- ні жерге тықты.
Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау кім деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы бола ма
Достарымыз «4» пен «5»
Жүре бер бізге жолама деп

Кіргізбей екіні

Сарт етіп есік жабылды

Оқушы екен иесі

Міне, өзі табылды

(оқушы қыз жүгіріп шығады)

Оқушы: Мен іздеген портфель

Іздеп жүрсем алыстан

Шыға келдім алдымнан

Ант беремін, уәде айттым

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі үлгілі

Қазақстан азаматы боламын!

Жүргізуші: Оқушы қарап түсінді,
Портфелінің мән жайын.
Кішірейіп бала қолыңды,
Жүгіруге тұр дап дайын.
Осылайша барлығы портфелдің мән-жайын түсінді. Міне осылайша көрініс достықпен, үлгілі болумен аяқталды.

Балабақшада ер балаларымыз аз емес. Олар, ертеңгі күнің болашағы. Өскенде елін, жерін қорғайтын нағыз батыл жігіттер. Ендеше, осы жігіттеріміздің сіздерге арнаған «Теңізшілер »биін тамашаласаңыздар!

Би: «Теңізшілер!»

Жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін-,дей келе Нұрсұлтан мен Ерталаптың «Егеменді Қазақстан»атты әнін қабыл алсаңыздар.

Ән: «Егеменді Қазақстан»

Жүргізуші: Бүлдіршіндер сендерге артар міндет көп!

Көтеріңдер балабақша атын құрметтеп

Білімнің көзін аша білсең тереңнен

Жетелейді армандарға бұл мектеп!,-дей келе құттықтау сөз кезегін

«Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері»- Сәрсенбай Жанат Кеулімжайқызына беріледі.

Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерелерін аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларыңыз сәтті болғай!

Меңгеруші апайлары балаларды құттықтап, алғыс хат, мадақтамаларды тапсырады.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі