Тәрбие сағаты Оспанова
Дәметкен
«Бала шақтан болашаққа
бастау болған-бастауышым!»атты 4-сыныптардың бастауышпен
қоштасу кешінің сценариі
Қыздар
билейді.
-Бұлар ақ үрпектей балапандар
еді;
-Бұлар пәк
періштелер
-Ақ жүректі,ақ пейілді
балғындар
-Киелі білім ордасына қадам
басып:
Бүгінде: 4жылды артқа
тастап,қанаты қатайған қарлығаштай көкке
самғайды;
-Ақ қағазға алтын әріптен сия
тамып,білімнің белесіне шарлайды
-Білімнің шырағын
жаққан
-Алғаш қолға қалам
ұстатқан
-Әріптен-білімге,әліппеден-ғылымға жетелеген,шәкірттің
алғашқы ұстазы Гүлмира апай,Өміркүл апай,Дәметкен апай,Анар
апай,Ақық апай!
Франковский
«Ассалаумағалайкум»әні
Олжас:
-Армысыздар
Досымжан:-Бармысыздар!
Қанат:Ұстаздарымыз әз
жандар!
Ербол:
-Ата-аналар мен
оқушылар!
Ерсұлтан:
-Құрметті
қонақтар!
Ербол: күледі.
Досымжан -Не
болды?
Ербол:-1-ші сыныпта алғаш мектепке
келген сәтім есіме түсіп тұрғаны.
Досымжан -Иә, бірінші сыныпта ерке
едік,
Қанат:-Жылауық
едік,
Ерсұлтан: -мен жыбырлақ
едім
Олжас:-Тентек
едік
Қанат:-Көп білуге құштар
едік
Олжас:
-Иә,осының бәрі артта
қалып,бүгінде бастауышпен қоштасқалы
отырмыз;
Ерсұлтан:Ұлылықты ардақ тұтар
үнемі
Досымжан: Алтын ұя,ақ босаға
киелі
Олжас:Қанат қаққан білім алып
өзіңнен,
Қанат:Күллі шәкірт саған басын
иеді
Ербол: Бала шақтан болашаққа қадам
басқан шәкірттеріңіздің ән-шашуын қабыл
алыңыздар!
Детства әні (4 б
сыныбы)
Олжас:Иә,бұл мектеп біліммен қатар
өнерді жандандырған орда
Досымжан: Қорқыт бабамыздың қасиетті
қобызының үні есіп,мектеп өнерпаздарына рух
беретіндей
Ерсұлтан: Өнерлі тарландарымыз
күннен-күнге көбейіп,таланттары танылып,өнердің жарық жұлдыздарына
айналуда,Айталық
Бірге:Ендеше өнерге ғашық
өрендердің өнері өрге жүзсін.
Домбыра (4а
сыныбы)
Ән (4в
сыныбы)
Би (4 г
сыныбы)
Видео
Апайга
сөз
Ән: ( 4 в
сыныбы)
Компазиция
(ұстаздарға гүл
сыйлау)
Ән: (4 г
сыныбы)
Би: (4 ә
сыныбы)
Ән: (4 б
сыныбы)
Олжас: Иә осыдан 4жыл бұрын,біз 6
жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын
жасқана аттаған едік
Қанат:Енді міне сауатымызды
ашып,білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып,орта буын
қатарына қосылғалы тұрмыз
Ербол: Иә,міне сағымдай өте шыққан
4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат
етіп шығарды
Досымжан: Онда достар,не істеп
тұрмыз?
Ерсұлтан: Ендеше бастауыш сыныбымыз
туралы неге айтпасқа!
(Жүргізушілер әндетіп
айтады)
Олжас: Жасқана кіріп жарық сыныпқа
біз.
Әр бетін Әліппенің күле
ашқанбыз
Қанат: Мұғалім сабақ өтіп жатқан
кезде,
Қайталап атымызды
сұрасқанбыз
Ербол:Әр үйдің ерке өскен тентегі
едік,
Ақылға келе алмадық ерте
көніп
Ерсұлтан: Бойымыз бірте-бірте
үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік
кеп
Досымжан: Бірдей біздің ойымыз
да,сырымыз
Бір мектептің ұлы менен
қызымыз
Бірге:Бірдей өстік оқуда да
еңбекте,
Күліп-ойнап біріміз бен
біріміз
Қанат:Ұрпақтарға бақыт жолын
аңсаған,
Ербол:Тілейтұғын әрқашан да бақ
саған,
Олжас:Тіршіліктің тынысы мен
ажары
Бірге:Ата-анам,ұстаздарым-теңдесі жоқ жақсы
адам!
Ерсұлтан:Ата-ана,оқушы,мұғалім-ынтымақтастық
кепілі
Досымжан: Олай
болса, ата-аналар сөз тізгіні
өздеріңізде!
Би: (4 а,г
сыныбы)
Ән: (4 ә
сыныбы)
«Лицей мақтаныштары»
шеруі
Олжас: Кеудемізден сезім селі
ақтарылсын,
Досымжан:Болармыз күні ертең-ақ
мақтанышыңыз
Ербол: Білім алып,тер
төгеміз,еңбек етіп,
Ерсұлтан: Сіздердің сенімдеріңізді ақтау
үшін!
Қанат: «Бала шақтан болашаққа
бастау болған-бастауышым!»атты 4-сыныптардың бастауышпен
қоштасу кеші де өз мәресіне жетті.
Бірге: Біз сіздермен
қоштаспаймыз!Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
рахмет!Келесі кездескенше, қош-сау
болыңыздар!
Хор: 4-сынып
оқушылары