жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бала сұлтан -2015
БАЛА СҰЛТАН-2018
Мақсаты:Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру.
Әр баланың бойындағы қабілеттерін, ойлау әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық , сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қанатты сөздер, шарлар, гүлдер
Сайысқа қатысатын: 1 «ә» сынып ұлдары.
Сайыс қонақтары:Ата-аналар, оқушылары,мектеп әкімшілігі, ұстаздар.
Сайыс барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
(ұлттық музыка әуені ойналып тұрады.)
Мұғалім:Құрметті аналар, ұстаздар,оқушылар!Сіздерді 7-9мамыр Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтап,отбастарыңызға бақыт, татулық тілеймін.
Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Бала сұлтан» атты бойында өршіл рухы бар,парасатты жігіттеріміз сайысқа түспекші.
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қырды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі «Бала сұлтан» байқауына қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
......
Мұғалім: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға.
Бүгінгі сұлтан атанбақ! –дей отырып, ортаға «Бала сұлтаны» байқауына қатысушыларды ,сайып қырандарды шақырайыҚ! Қарсы алайық !
1-ші сұлтан: Жөн сөзді айта білетін,
Қырандай алғыр.
Сұңқардай өр.
Достыққа адал ұлымыз Сабит Мейірлан ұлымызды ортаға шақырайық.
2-ші сұлтан: Сөз тауып мәселесін шешетін,
Ойы зерек ақылымен өлшейтін.
Үлкендерді сыйлайтын
Сапармурад Нұртас сұлтанды ортамызға шақырамыз.
3-ші сұлтан: Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан.
Өжет өткір болсын деп
Атам қойған атымды деп–Калдыбай Темірлан сұлтанды ортаға шақырайық!
4-ші сұлтан: Спорт пенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талант пенен табыстан
Намыс үшін жан қиярдай сұлтанды
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-деп ортаға
Базарбай Аллажар шақырамыз!
5-ші сұлтан:Біледі ол жақсы менен жаманды,
Білім менен тамсандырған адамды.
Қошеметтеп шақырайық ортаға,
Сапармурат Әлихан деген сұлтанды.
6-ші сұлтан: Қазақтың ер намысты ұланы
Көп нәрсені білу оның мақсаты
Алға қарай жылжу да оның талабы-деп
Култоре Нұрхан сұлтанымызды ортамызға шақырамыз!
7- ші сұлтан: Еңбексүйгіш таудай талап бойында,
Барлық істі тындыру бар ойында.
Намысты қолдан бермейтін
Қазақты тәрбиесі бойында.-деп Джамбул Нұрдәулет сұлтанды ортаға шақырайық.
«Бала сұлтан» байқауының шарттарымен таныстырып алайық.
1-бөлім: «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.
2-бөлім: «Көркіне ақылы сай» сұрақ- жауап сайысы.
3-бөлім: «Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер көп емес» өз өнері.
4-бөлім: «Атадан қалған есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
5-бөлім: «Допты торға дәл түсіру» сөздер
6-бөлім: « Ақылына күші сай» қол күрес сайысы.
Жүргізуші: Ақыл- көркі бойларына жетеді.
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді.-деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң....»деп аталады.Сайысқа қатысушы бала сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
...Әділ қазылар алқасы «Тегімді менің сұрасаң ...»шартының бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер.
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп «көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі.
1-жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар каншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты, дей отырып, сайысымыздың
« Жігітке жеті өнер аз, жетпес өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Әділ қазылар алқасы «Жігітке жеті өнер аз , жетпіс өнер көп емес»шартының бағасын берсеңіздер.
1 – жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата – салтын құрметтен,
Ақтай білсең ата баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, күштілігін тамашаладық.енді ақыл –ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты.Олай болса келесі шартымыз.
4- бөлім «Сөздің мәнін келтірер» мақал сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз мақал-мәтел сөздерді айтады.
2 – жүргізуші:
«Сөздің мәнін келтірер нақылдап айтатын мақал сөз»деп аталатын шарт бойыша бағаларыңызды беріңіздер.
5-бөлім:»Допты торға дәл түсіру» шарты бойынша жігіттеріміз тыйым сөздер айтады.
Әділ қазы алқасы «Допты дәл торға түсіру» шарты бойынша бағаларын берсеңіздер.
2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер,жігіт.
«Күшіңді көрсет,ер жігіт»! – дей отырып,Сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында қол күресі өткізіледі.
Әділ қазылар алқасы «Ақылына күші сай» шартының бағасын берсеңіздер.
2 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде
2 – жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата – аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтан, өнерлерің тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшын Әділқазылар алқасына сөз береміз.Әр номинациялар бойынша мақтау мадақтау қағаздары тапсырылады.
1 – жүргізуші:
Жігіттердің ішінен шыққан,
Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.-деп
Мекенбаева Несібелінің орындауында «Әке туралы»ән қабыл алыңыздар.
Осымен «Бала сұлтан» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар.
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
«Бала сұлтан-2018»
Сыныбы: 1«ә»
Орындаған:Караматдинова.У.А.
-Қазақстан Республикасының гимнінің авторы кім?
-Сақ ханшайым-кім?
-Тірі табиғатқа қажет 5 нәрсе не?
-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қай айда,қай жылы қабылданды?
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді,ата.
-1 аптада неше күн бар,ата.
-Алтын адам қай қаладан табылды және есімі?
-Қазақтың салт-дәстүрін ата .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген