Материалдар / "БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕР"

"БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕР"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі керек. Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген, санасына тоқыған жөн. Жанұя, оның барлық өмір мәнері, ата-ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары–осылардың барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕР

Ұрпақ-болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі керек. Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген, санасына тоқыған жөн.

Жанұя, оның барлық өмір мәнері, ата-ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары–осылардың барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс.

ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Баланы қалай тәрбиелесе, соған көне береді»- деген болатын.

Қазіргі заманда ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырттықтары басым екені баршамызға аян. Уақытын өткізіп алып, балаға тәрбие беруден кеш қалып жатқандары да баршылық. Сондықтан бойымызға біткен бойкүйездікті тастап, бала қамына ерте қамданғанымыз жөн.

Ата-аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге мыналарды жатқызамыз:

1. Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі. Балаларды материалдық қамтамасыз ету жөнінде, үйдегі барлық пен қолайлылық жайында қамқорлық көрсете отырып, ата-аналар бос уақыттарының, баламен араласуға уақытының мардымсыз бөлігін арнайды; өзі туралы, жұмысы жайлы аз сөйлеседі, аз әңгімелейді; мектептің балалар ұжымының өміріне сирек көңіл аударады; баланың өз достары жайлы айтып беруіне көңіл бөлмейді. Сөйтіп баланың жеке басын дамыту мен тәрбиелеудің тиімді құралы-баламен араласу толық мөлшерде пайдаланылмай келеді.

2. Ата-аналардың өмірінен алынатын жағымсыз үлгілердің болуы. Күн сайын балалар өз ата-анасының қылықтарын, қатынастарын жұқтырып отырады, жанұя өмірінің көптеген мәселелеріне қатысады. Осының бәрі балаларды тәрбиелеп, олардың өз көзқарастарын қалыптастырады. Ата-ананың тәжірибесін меңгерудің неғұрлым күшті қуаты оларға еліктеу болып табылады. Міне, сондықтан да ата-аналардың дұрыс емес мінез-құлқы: дөрекілігі, маскүнемдігі, адамдарға деген жаман ниеттілігі және басқа да кемістіктері балаларға әрқашан теріс әсер етеді, өйткені баланы тәрбиелеудің міндеттеріне қайшы келеді, мектептің педагогикалық күш-жігерін жоққа шығарады.

3. Ата-ананың тәрбиелік ықпалдарының жүйесіздігі. Тәрбие үрдісі заңдылықтарын білмеу немесе жете бағаламау, ата-аналардың анда-санда тәрбиелеу позициясынан көрінеді: оқуын тексеру, теріс қылығы үшін жазалау, сынып жетекшісінің ақыл-кеңесін іске асыруға талпыну және олар туралы бір аптадан кейін ұмытып қалу, ұйғарым жасау, бұйыру және орындалуын тексермеу.

4. Отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі шектеулердің жүйесі. Бұл кемшілік, бір жағынан, ата-аналардың қатал болу қажеттігіне, баланың мінез-құлқындағы жаман нәрседен ештеңені қалт жібермеуге, сенімінен және екінші жағынан оңды үлгі арқылы тәрбиелей білмеуден, баланың өмірін ол мінез-құлыққа үнемі жаттыға алатындай етіп ұйымдастыра білмеуінен туындайды. Бұл жүйе тәрбиені іске асырушы үлкендердің еркіне баланың жақтырмай қарауын

5. Әрекеттердің мектеппен келісілмегендігі немесе онымен алауыздық. Ата-ана мектеп пен мұғалім жағынан көрген кемшілігін, келіспейтін мәселелерді бірінші кезекте мектеппен, мұғаліммен бірге анықтап, келісіп шешкені жөн. Бірақ былай да болады: ата-аналар ол мәселелерді отбасында, балалар барда талқылайды, мектеп туралы, мұғалімдер жайлы жаратпайтын сөздерді айтады, ұстамсыздық көрсетеді, былайша айтқанда педагогикалық ұжымның әрекеттеріне керағар шешім қабылдайды. Отбасының бұл қате ұстанымының зардаптары тез арада-ақ білінеді: бала мұғалімге деген өзінің сенімсіздігін нығайта түседі, бұл оның өз кемшіліктерін түзетуін қатты тежеп, мінез-құлқының ұнамсыз белгілерінің дамуына әкеліп соғады.

6. Балалардың ересек тартуына қарай кейбір ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің төмендеуі. Бұл кемшілік негізінен баланы мектепте оқытудың төртінші-бесінші жылында көріне бастайды. Ата-аналар енді баласының мектептегі өміріне, табыстары мен кемшіліктеріне белсенді түрде көңіл аудармайды. Мектеп оқушысының бағалары, әңгімелері, мектеп ұжымындағы оның істері, ата-аналар жиналыстары және т.б. әдеттегі нәрсеге айналады. Ата-аналардың мұндай алшақтауы өздерінен балалардың алшақтауына, мектеп жаңалықтары мен істерін айтуды қажетсінудің төмендеуіне әкеп соғады. Ал кейде тіпті оқушылардың өздерінің мектепке деген ынтасының жоғалуына немесе кемуіне әкеліп соғады. Тәрбие міндеттерін шешуде мектеп оқушысы жеке басының дамуына ауыр тиетін жанұяның мектептен қол үзуі пайда болады.

Жанұя тәрбиесіндегі көптеген қиыншылықтар әйел-анаға түсетін ауыртпалықтың шамадан тыс көптігімен түсіндіріледі. Оның бос уақтын толықтыратын күнделікті қам-қаракеттердің, істердің алуан түрлілігі (үй шаруасы), жұмысының шамадан тыс көп болуына, баланың өмірін асықпай бағыттап отырудың, оған сабырмен көмектесудің, оның дамуымен үнемі, мақсаткерлікпен шұғылданудың мүмкін болмауына әкеп соғады. Егер бұған әкелердің кейбіреулерінің тәрбиелеу белсенділігінің, сондай-ақ тұрмыс еңбегі саласындағы жұртқа мәлім кемуін қосатын болсақ, онда барлық іске әйелдердің күші жетпейтінін және мұның бәрі отбасылық тәрбиеге, отбасы тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сәйкестігіне жайсыз әсер ететінін мойындау керек.

Еврей халқының дәстүрінде егер жанұяда бала оқыса, бәрі сонымен бірге оқиды. Бұлай болмаса әке мен баланың арасы алшақтап, «әр тілде» сөйлесуге әкеп соғады. Бұған кінәлі «жағдай», «кездейсоқтық» т.б.с.с емес, біздің жалқаулығымыз, жанұя тәрбиесіне немқұрайлы қарауымыз, әлеуметтік енжарлығымыз. Мектеп, мемлекет және қоғам бізді алмастыра алмайды, бізге көмек көрсетеді. Табиғатта қуыс болмайды. Тәрбиеде де үзіліс жоқ. Егер балалардың рухани негізін ата-анасы жасамаса, оны басқа біреулер жасайды. Бірақ ол ата-ананың орнын алмастыра алмайды. Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып тәрбиелеуді қара түнекте адасумен салыстыруға болады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді:

Бала-жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт сыйлау. Бақыт-алуан қырлы. Ол-адамның өз қабілетін ашып, қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауына да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады»-дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет.



Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.

Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.

Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.

Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!

Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.

Әңгіменің төркіні - әңгіме

Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!

Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады.

Махаббат ол-ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.

Кез-келген қарым-қатынастан, тіпті төсектік қарыс-қатынастың өзінен махаббат іздеу дұрыс бола бермейді. Ал нағыз махаббат дегеніміз-өткінші жаңбыр емес. Ұлы сезім.

Үйкүшіктік жалпы адамға тән қасиет емес.

Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің.

Көп көрмеген көп біліп жарытпайды.

Кейбіреулер үшін үйден шықпау-түрмеден шықпаумен бірдей.

Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі - өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.

Адам - құдайдың шығармасы

Антон Чехов

  • Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.

  • Халыққа жаны ашымаған адам өлікпен тең.

  • Кез келген көркем туынды белгілі бір ойды жеткізу мақсатында жасалуы тиіс. 

  • Адал еңбек етпей, қуаныш пен шаттықтың тәтті дәмін сезіну қиын.

  • Өнері жоқ адамды дарынсыз деуге болмайды. Бойындағы өнерін мақтан үшін пайдаланатын адамды дарынсыз деу керек.

  • Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.

  • Отбасылық өмірдің басты біріктірушісі - махаббат.

  • Адам баласы барлық жағынан әдемі болуға талпынуы керек. Келбеті де, киімі де, жаны да, ойы да таза әрі әдемі адам кез келгенді еліктіртіп тұрады.

  • Арақ ақ болғанымен, арға дақ түсіреді.

  • Тәрбие көрген адам бөтенді сыйлап, құрмет тұтып тұрар. Бұндай азаматтар жұмсақ әрі сыпай болар.

  • Жанашыр адамдарың бар болса, қиын сырқаттың өзін ауырсынбауға болады.

  • Ұжданы бар адам иттен де ұялады.

  • Жеке тәжірибеден артық мектеп жоқ. Көзбен көріп, қолмен ұстап көргенге не жетсін?!

  • Жеке бастың қамы үшін жұмыстанғаннан гөрі, ұрпағың үшін еңбек еткейсің.

  • Өмірден үлес алғың келсе, бөтеннің пікірі мен сөзіне тәуелді болуды қой. Көзсіз сенімнен гөрі, өзің ізденіп, жұмбақтардың жауабын өзің табуға тырыс.

  • Зұлымдық ұсақтықтан туады.

  • Біреуді сүйіп, өзің біреуге сүйкімді болғаннан артық қандай бақыт бар?

  • Өтірік айтуға үйір болу - нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.

Альберт Эйнштейн

  •  Өмірінде ешқашан қателік жібермеген адам ешқашан жаңа нәрсе жасап көруге тырыспаған деген сөз.

  • Өзің сіңірген білім - мектепте үйреткендерді ұмытқаннан кейін есіңде қалатын жалғыз азық.

  • Мен өз қиялымда суретші секілді тәуелсізбін. Қиял білімнен де маңыздырақ. Білімнің шегі бар. Ал қиял күллі әлемді сидырып әкете алады.

  • Өмір сүрудің екі тәсілі бар: саған таңғажайыптар болмайды деген сеніммен өмір сүруге болады және мына әлемдегінің бәрі таңғажайып деген сеніммен өмір сүре аласың.

  • Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.

Лао-Цзы

  • Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.

  • Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.

  • Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі.

  • Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.

  • Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.

  • Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.

  • Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау

  • Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.

  • Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.

  • Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.

  • Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.

  • Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.

  • Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.

  • Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.

  • Жауын жеңген - батыр. Өзін жеңген - ер.

  • Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетед

  • Махаббат -кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш 

  • Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей 

  • Махаббат неғұрлым азапты болса, соғұрлым лязатты болады. 

  • Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсеңіз - жабысып алады, алысиасаңыз - көрмей кетеді.

  • Сені түсінсе - бұл бақыт, сені сүйсе - бұл үлкен бақыт, ал сен өзің сүйсең - бұл нағыз бақыт.

  • Адам бақытты болуға тиісті,егер бағы жанбаса сол адамның тек өзі ғана кінәлі.

  • Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал 

  • ол болмаса аққұбаның зорынан ал 

  • ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал 

  • Осы үшеуі болмаса, өзі сары көзі көк, былжыраған сөзі көп, дәл осыған тап боларсың

  • Бұрынғылар есі кеткенше сүйетін, қазіргілер тек неврозбен шектеледі.

  • Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?

  • Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді.

  • Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.

Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты - күншіл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты - сыншыл.

 

Бағы жанған жігітке - пәле-жала қонбайды,
Бағы тайған жігіттің - тілегені болмайды.

 

Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.

 

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

 

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

 

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

 

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,

 

Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

 

Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? — «Балам біледі» дер.

 

Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

 

«Сіз» - әдеп, «біз» - көмек.

 

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

 

Дәулет берсе құдайым - тон кисең де, түлкі етер,
Дәулет кетсе қолыңнан - түлкі кисең, күлкі етер.

 

Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар.

 

Ерінбеген - етікші, ұялмаған - әнші болады.

 

Жаманнан жақсы шықпас - мақтағанмен,
Жабыдан тұлпар шықпас - баптағанмен.
Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,
Алтынмен томағасын қаптағанмен.

 

Үйіңдегі ұлың жаман болса - есіктегі құлмен тең,
Қойныңдағы қатының жаман болса - қаңтардағы мұзбен тең.

 

Махаббатсыз дүние бос -
Хайуанға оны қосыңдар.

 

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.

 

Сұлуды сұлу деме - сүймеген соң,
Асылды асыл деме - кимеген соң.
Жақсыларға не керек қошамет қып -
Шарапаты ешкімге тимеген соң.

 

Адам қайтсін басқаны асқан бағы,
Ұра берсең от шығар тастан дағы.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Балапандай бауырыңа бассаң дағы

 

Ғашық емес - құштарына жан бермеген,
Диқан емес - кетпен шауып нан бермеген.

 

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

 

 

Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.

Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.

Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.

Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.

Бір әйелді ғана сүйетін адам, бір әйелді ғана бақытсыз етеді.

Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.

Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.

Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.

Балалар қайдан пайда болатыны жайлы ойланса, ал үлкендер қайда кететіні жайлы ойланады.

Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.

Қызық жұмыста көретін түстерің де қызық болады.

Неге ғашық болсаң, соны сүй.

Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.

Сенің армандарыңның өзгелерде жүзеге асатыны қиындау.

Оқу – ережелерді оқып-үйрену, тәжірибе – ережелерден тыс нәрселерді оқып-үйрену.

Шектен тыс қабаған иттер шектен тыс қайырымды адамдарды қуу үшін керек.

Бір рет қырау қатқаннан, жеті рет терлеген жақсы.

Кез келген адамның ішінде дарындылық ұйықтап жатыр. Не деген маубас еді?!

Тез таусылған стакан құйылмаған болып есептеледі.

Сізге ертең келіңіз деп айтты ғой, ал сіз ылғи бүгін келесіз!

Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз!

Ұлы адамдар аз өмір сүрген. Менің де мазамның болмай отырғаны.

Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.

Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.

Сараң болсам, болармын, бірақ шын жүректен ғой.

Қасқыр да тоқ, қой да аман, шопанның жаны жаннатта болсын!

Тоқ болсаң, айналаңның бәрі тамаша!

Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.

Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.

Көп білгеннен ешкім өлген емес, бірақ тәуекелге барудың керегі жоқ.

Жерлеу бюросындағы жазу: ең жақсы клиент – өлген клиент.

Милициядағы хабарландыру: өңдеудің барлық түрлері бар.

Ұзаққа жасалған жоспарлар асықпай орындалады.

Күнімен ұйықтап, түнімен ішіп-жесең, қатты шаршайсың.

Жетінші стаканнан кейін ғана, ол өзін, өз үйіндегідей сезіне бастады.

Алдымен махаббат уақытты өлтіреді, ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.

Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Үйленгің келсе – үйлен, үйленгің келмесе – үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе – емдел.

Үш рет жұмысты тастады, екі рет сәтті шықты.

Өлетін кезге дейін өмір сүру керек.

Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады.

Шығатын жол жоқ болатын жағдайлар болмайды, тек ол жол сізге қолайсыз болуы мүмкін.

Сөз бен іс алшақ болмау үшін, ештеңе істемеу керек.

Әйелдермен қалай қарым-қатынас жасау керек? 10 кеңес

30 жасар бойдақ британдық бір журналист әйел қауымын түсіне алмай: «Оларға не керек, не істесем дұрыс?» – деген сұрақтармен басы қатқан екен. Өзінің 2 жасар Лу-лу атты қарындасының іс-әрекетін бақылай отырып, әйелдермен салыстыра, көптеген сұрақтарға жауап тауып, жеке өмірінде де жақсы нәтижелерге жетсе керек… Сөйтіп, ол еркектерге мынадай кеңестер береді:

1. Назар аудармаңыз
Лу-лу бөлмеме кірген сәттен, мен сайқымазақ сияқты оның көңілін аулаймын, ол мені көрмеген кісіше ойыншықтарымен ойнап отырады. Ал егер мен оны байқамағансып, өте шықсам, ол өзі шақырып, «менімен ойна» – деген сыңай танытады.

2. Сыйлықтармен алдаңыз
Сыйлық – өте оңай жол. Неғұрлым жылтыр және шулы болса тіптен жақсы. Лу-лудың жағдайында бұл ән айтатын жұмсақ ойыншық немесе жылтыр шаш қыстырғыштар. Ал, әйел адамдар үшін бұл автомобиль, не қымбат әшекейлер болса керек.

3. Комплимент айтудан жалықпаңыз
Мен әркез комплиментті көп айтсаң – оның сапасы кетеді деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес. Мысалы, Лу-лу бір сөзді дұрыс айтқаны үшін, бәріміз қол шапалақтап, оны мақтай жөнелеміз – ол бір үлкен іс тындырғандай марқайып қалады. Сол сияқты әйелдерде де, комплимент олардың мәз болуына, кейін сізді мәз етуіне көмектеседі.

4. Оларды тыңдаңыз
Өмір бойы мен әйелдердің нені қалап, нені ойлап тұратындығын алдын-ала білуге тырыстым. Сол бекер-ақ екен. Егер зейін салып қарасам, Лу-лудың өзі маған не керек екендігін айтады: тамақ ішкісі келетінін, билегісі келетінін, қуыршақ керек екендігін және т.б. Маған тек соны жасап беру қана қалады. Егер мен осыны баяғыдан білсем, оларды көп тыңдап, соған байланысты қимылдайтын едім.

5. Кешірім сұраңыз
Не бүлдірсеңіз де. Не бүлдіргеніңізді білмесеңіз де. Лу-луға қалаған қуыршағының орнына басқа бір қуыршақты бергенім үшін зәбірлеген шығармын. Мен үшін бұл жәй ғана орынсыз жағдай болса, ол үшін үлкен трагедия. Ең дұрыс жолы – оның рақымына көніп, кешіруін талап ету. Бірақ даусыңыз шынайы шығуы керек, іштей шынайы болмасаңыз да, сондай сынай танытыңыз. Бірақ бұл кеңесті көп жігіттер пайдаланбайды.

6. Не істесе де – өз еркі
Қалағаны – әлемдегі ең топас ермектің бірі болса да оның жолында тұрмаңыз. Егер Лу-лудың басына бір нәрсе келе қалса, ол оны жасамай қоймайды. Былайша айтқанда әйел адамды барлық жағдайда қолдаңыз, жәрдем беріңіз. Содан кейін демалып, жәйбірақат жүргеніңізде, өзінің жоспарының түкке тұрғысыз екенін біліп, өзі-ақ алдыңызға келеді. Бірақ көп кезде ол өзінің идеясының керемет екендігіне сенетіндігі, сонымен сізді де сендіргісі келеді. Бір күні Лу-лумен шай ішіп ойнап, қызығып кеткендігім соншалық, бір литрдей шай ішіп тастаппын.

7. Оларға не істеу керектігін айтпаңыз
Айтқан сайын, ол оған қырсығып, кері істегісі келіп тұрады. Ең дұрыс жолы – бұл оның идеясынан шыққанындай етіп істеу. Мысалы өзімді Лу-луды құмда ойнағаннан, футболдан чемпионат көрген әлдеқайда қызық екендігін дәлелдей алғаныма мақтан тұтамын.

8. Өміріңізге шағым айтпаңыз
Бұл біраз қиын. Әйел адамды өзіңнің проблемаларыңмен басын қатыру дұрыс емес. Мен Лу-луға арқамның ауырып тұрғанын айтып шағымдансам, ол селқос қарайды. Ал егер үндемей, көңілім болмай тұрса, ол өзі сезіп, жаныма келіп, құшақтап, рухымды көтеріп қояды.

9. Ерегеспеңіз
Бұның түк пайдасы жоқ. Ұрсысуда сіз бәрібір жеңбейсіз, жеңсеңіз де бұдан ештеме ұтпайсыз: оның көп уақытқа дейін көңілі түсіп, жынданып жүретін болады. Былайша айтқанда, сізге артық проблема не үшін қажет? Бұдан біз соңғы бір кеңеске құлақ түреміз.

10. Оны жылатпаңыз
Дүниедегі ең сорақы көрініс – бұл Лу-лудың жылауы. Оның қоңыр көздері жасқа толып, аузы ашылып, сілекейі ағып, даусы траур белгісінен кем емес болған кезде менің жүрегіме ине шаншылғандай болады. Ол жылаған кезде мен сондай қорғансыз боламын да қаламын. Ал ғылымда жасты тоқтататын бір де бір қолданатын шара жоқ. Тамақ берейін бе? Маймылды келтірейін бе? Балмұздақ сатып әперейін бе? Көзімді шұқып алайын ба? Тек жыламашы… ал ол жылай береді…

Сөйтіп, әр әйелдің ішінде бір кішкентай қыздың өмір сүріп жатқандығы белгілі болды. Ал нағыз еркектің міндеті соны көре білу…

Басыңа күн туғанда он екіден айырылма: 

1.Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма; 
2.Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма; 
3.Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма; 
4.Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма; 
5.Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма; 
6.Өзіңді зор,басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма; 
7.Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма; 
8.Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма; 
9.Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма; 
10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма; 
11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма; 
12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма; 

 

 

Адам жасына байланысты атаулар

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте;

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек;

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін;

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған;

6 жастан 7 жасқа дейін – сәби;

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы;

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала;

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала;

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт;

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт;

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі;

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы;

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал;

80 жастан жоғары – қарт, қария.

 

Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау);

2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас);

3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату);

4-мүшел – 49 жас (орта жас);

5-мүшел – 61 жас (орта жас);

6-мүшел – 73 жас (қарттық);

7-мүшел – 85 жас (кәрілік);

8-мүшел – 97 жас (қалжырау);

9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю);

 

10-мүшел – 121 жас (немене сүю).

АТА ТӘЛІМІ

1. Арман деген не?
Жігітке:
— Арман деген не? — депті қарт.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді,
қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай
кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт.

2. Өмірде кімнің арманы жоқ?
Жігіттен:
— Өмірде кімнің арманы жоқ, — деп сұрапты қарт.
— Ата, өмірде ұлы бар адамның ар¬маны жоқ — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ұлы бар адамның ар¬маны көп. Ұлы жоқта ойлау — көп.
Есіңде болсын, бұл өмірде елді басқарған хан мен әкімде арман жоқ. Ақылы асқан
данада арман жоқ. Жүзден асқан қартта арман жоқ. Хан мен әкім жақсы
болса, халқын бақытты етсем деп ойлайды. Дана — ақылдыны дана етсем
деп ойлайды. Жүзден асқан қарт «Tipi болсам» деп ойлағанын қоймайды, —
депті қарт.

3. Бақытты болу оңай ма?
Жігітке:
— Бақытты болу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Есіңде болсын,
ақылды жанның бақыты алдында, ақылсыздың бақыты алыста. Жігіттің
бақытты болуы ақылдылығында. Ақыл — адамды азаптан да, мазақтан да
құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не
ақылды қызға үйлен, — депті қарт.

4. Дос табу оңай ма?
Жігітке:
— Дос табу оңай ма? — депті қарт.
— Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен, жақсылыры жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады.
Ecіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, сүйікті жар табу қиын, жақсының көнілін табу қиын, — депті қарт.

5. Достықты нығайтатын не?
Жігітке:
— Достықты нығайтатын не? — депті қарт.
— Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, сенің айтқаның дос¬тық пен жолдастықты дамытады. Eciңде болсын, шын достық ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң, «Саламатсыз ба, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз» деген бес сөзді шын көңілмен айтуды үйрен. Сәлемдесуді білген кeшipe де біледі, кешіре білген рахметін де айта біледі.
Жөн сөз — көңіліңді өcipeді, жөнсіз сөз — өміріңді өшіреді. Достықты көңіл нығайтады, өмір ұзартады — депті қарт.

6. Тексізге кім жатады?
Жігітке:
— Тексізге кім жатады? — депті қарт.
— Ата, жеті атасын білмеген тексізге жатады, — депті.
— Жоқ, балам, жеті атасын өзі білмесе де өзге білер. Атасыз — бала
жетілмейді. Жеті атасын білмеген баланың әкeci надан. Есіңде болсын, жаманның тілін сұрама, атасын сұра, ханның тегін сұрама, халқын сұра. Ақылды ханда тек болса да, кек болмайды. Жеті атасын білмеген жетім ұлға тең. Жетесіз жанға жеті атасын үйрету қиын.
Жетесізге жетім бала да ермейді. Ұлыңа жеті жасқа келгенше жеті атаңды үйрет, — депті қарт.

7. Өмірде кім жетім?
Жігітке:
— Өмірде кім жетім? — депті қарт.
— Ата, ата-анасы жоқ бала жетім, — депті жігіт.
— Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ бала тipi жетім. Eciңдe болсын, жетімдікті көп көрген, жеңіске тез жете алмайды. Өмірде тоғыз жетім бар екенін ұмытпа. Халқына сeнiмciз болса — хан жетім, ханы ақылсыз болса — халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса — әкім жетім, қараусыз қалса — үй жетім, суы жоқ — құдық жетім, ұлы жоқ — әке жетім, қызы жетесіз болса — ана жетім, досы жоқ — жігіт жетім, шәкіртсіз — ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң, есірме. Ақылды жетім — кеңесуге құмap, ақылсыз жетім — егесуге құмар. Егескен ел болмайды, — депті қарт.

8. Үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігітке:
— Үйде кім, елде кім қадірлі? — депті қарт.
— Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі — депті жігіт.
— Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді қазақ халқы жақсы бiлeдi, қартты қадірлеуді бәpi біледі. Бала — үйдің патшасы. Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар.
Қарт — үйдің тұлғасы, хан — елдің тұлғасы. Хан мен әкімгe ел қарайды. Хан — әділ болса, елдің бағы жанады, әділетсіз болса елдің бағы таяды, — депті қарт.

9. Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер?
Жігітке:
— Көпірден өткен соң ешкімге қарамайтын кімдер? — депті қарт.
— Ата, көлігі бар көпірден өтсе, ешкімге қарамайды, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, көпірден есек өтсе — иесіне қарамайды, ақымақ өтсе — ағайынға қарамайды. Есек иесіне қарамаса — ecipгені, ақымақ ағайынға қарамаса — жетіскені, хан
халқына қарамаса — тірідей өлгені. Көпірден көсем өтсе, көңілі алаңдап, артына қарайлайды, не жол жағасына қарайды. Ақылы бар көпірден ақырын өтеді, — депті қарт.

10. Жоқты бар, ашты тоқ eтетін кім?
Жігітке:
— Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? — депті қарт.
— Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін — сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана — үйдегі бақ, әке — отыратын тақ. Анна ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, — депті қарт.



































Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған: "Сен ана бір жас шыбықты суыршы", - депті. Ол қиналмай-ақ суырып алыпты. Енді одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырыпты. Ал одан да жуан ағашты көрсеткен екен, көп адам жиналып ырғаса да, оны орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: "Көрдің бе? - депті, - жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады", - деген екен.

     Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті. Сөйтіпті де: "Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?" - деп сұрапты. Шәкірттері: "Кішкене нүкте көріп тұрмыз", - дегенде, "Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса керек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар", - деп өмірлік мәні зор сабақ ұқтырған екен

      Бір кісі Жалаладдин Румиге келіп, кедейлігін айтып, мұңын шағады. Ғұлама одан: "Егер бір дене мүшеңді кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, сен бұған разы болар ма едің?" - деп сұрайды.
Ол кісі: "Жоқ, о не дегеніңіз?!" - деп жауап береді.
Сол кезде Руми оған: "Онда неге әркімге мұң шағасың? Баға жетпес он екі мүшең сау тұрғанда, кедеймін деуің жараса ма?! Қайта Аллаһ тағалаға шүкіршілік айтпайсың ба?!" - деп ойлантқан екен.

      Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
— «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».
Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.

      Бір заманда үрдіс болған қайырымдылық марафондарының біріне атақты миллионер Генри Форд ұлын ертіп барады. Арнайы жәшікке баласы 100 доллар тастағанда, әкесі 50 доллар ғана салыпты. Мұның бәрін бақылап тұрған журналистер қоршап алып: "Қайырымдылыққа қосқан Сіздің үлесіңіз неліктен ұлыңыздікінен аз болды?" - деген сұрақтың астына алады. Сонда Генри Форд дым саспастан: " - Ол әкесіне сенетін шығар, ал менің оныкіндей миллионер әкем жоқ!" деген екен.

      Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.

Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты.

Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады:

Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың.

Ғибратнама: Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді."

      Бағзы бір заманда бір кісі өмірдің мақсатын түсінгісі келіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды. Бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды. Енді бұл сұрақты көрген-білген адамдарынан сұрай бастапты. Бірақ ешкім де тұщымды жауап бере алмайды. Ауылдарды, көрші қалаларды аралап: «Маған бұл өмірдің мақсатын айтып беріңдерші» деп сұрастыра береді.

 Қанша жақсы болса да, алынған жауаптар бұл кісіні қанағаттандыра алмайды. «Еее, мұның жауабы жоқ екен ғой» деп күдерін үзетін шаққа жетеді. Сол кезде бір адам: «Сонау таудың арғы жағында көп жасаған қария бар. Содан сұрап бір көр. Бұл сұрақтың жауабын бір білсе, сол шал біледі» деп жөн сілтеп жібереді.

       Айтқан жерге жетіп, әлгі қартқа арнайы келген сауалын тастайды. Сонда ақсақал: «Шырағым, бұл сұрағыңа жауап беремін. Бірақ алдымен сені кішігірім бір сынақтан өткізуім керек. Соған көнесің бе?» - дейді.

     - Ойбай-ау, әрине көнемін. Сол үшін ел кезіп, жер кезіп жүрген жоқпын ба? Айтыңыз сынағыңызды.

       Қария бұл кісінің қолына бір қасық ұстатады. Сөйтеді де, оның бетіне дейін шүпілдетіп зәйтүн майын құйып береді: «Енді сен осыны ұстап мына бақшаны бір айналып келесің. Бірақ байқа, қасықтан бір тамшы май төгіліп кетсе, сынақтан құлағаның» деп ескертіп қояды. Жолаушы жақсы деп келіседі де, бақшаны айналып кете барады. Біраз уақыттан соң қайтып келеді.

     - Қалай, майды төгіп алған жоқсың ба?

- Жоқ, бір тамшысы да төгілген жоқ.

- Ал енді айтшы, бақшаның гүлдері әдемі ме екен?

- Атам-ау! Оны қайдан білейін, менің есіл-дертім мына қасықта болған жоқ па?

- Ендеше, бақшаны тағы бір айналып шық та, енді маған бақшаның көркемдігін айтып бер.

Жолаушы бір айналып қайтып келеді.

- Бақша қалай екен, -дейді қария.

- Әдемі екен, ата! Өте әдемі екен.

Осы тұста данышпан қарт сәл ғана жымияды да: «Бірақ қасықтағы майың не болды?», - дейді. Қараса, бір тамшы да май қалмапты.

      Осы бір өмірлік сабақтан кейін: «Қарағым, енді жақсылап тыңдап ал! Бұл өмірдің мәні сенің оған қарауыңа байланысты өзгере береді. Өмір бойы бір-ақ нәрсе көріп, қартайып қалғаныңды да байқамауың мүмкін. Сондай-ақ бұл дүниенің барлық ғажайыптарына таң қалып, оның Жаратушысының шеберлігіне таң қалып, ағып жатқан уақытыңа мән беруің мүмкін. Біле білсең, бұл өмірдің мәні сенің оған көзқарасыңа жасырылып қойған», дейді данагөй қария

       Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын түсіне бастады.
Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын шешім іздеді.
Ері "маған бір ой келді" деді. "Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі бөлек бөлмеде тұрайық ".
Бұл пікір келіншегіне де ұнайды. Ертеңіне бір жеміс көшетін алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон бар еді ..

      Бір кісі және баласы орманда серуендеп жүріп баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан “Аххх!” деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан “Аххх!” деген дауыс естігенінде бала таң қалады.
Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да “сен кімсің?” болып келеді.
Бұл жауапқа ашуланып “Сен қорқақсың!..” деп айқайлайды. Таудан келген дауыс “Сен қорқақсың!” деп жауап береді.
Бала әкесіне бұрылып сұрайды “Әке не болып жатыр?” Әкесі “Балам тыңда және үйрен!” деп тауға қарап “Мен саған қайран қалдым!” деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да “Мен саған қайран қалдым!” деп келеді.
Әкесі қайтадан айқайлайды, “Сен өте әдемісің!..” Жауап тағы “Сен өте әдемісің” болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді.
Әкесі оған түсіндіріп береді. Адамдар бұны жаңғырық деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе, алдымен өзің жақсы көр! Саған жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!
Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей. Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы.























Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі