400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ

"Балбөбек" шағын орталығының әдіскер психологы

Калибекова Корлан Мейрамовна

«Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес»

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

  • Ата-аналармен танысу.

Кіріспе сөз.Құрметті ата-аналар сіздерді 2018-2019 жылдың жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Қатарымызға жаңадан қосылып жатқан ата-аналарға қош келдіңіздер демекпіз. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде болады. Отбасы-- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Мына жасампаз ғасырда,жаһандану дәуірінде баланың жан-жақты тәрбие алып,білім алуына ең бірінші ықпал ететін тәрбиешісі ұстазы болса,оның сүйеніші ата-анасы. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алып,тәрбиелі болуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде яғни, 8 сағат шағын орталықта болса ,қалған уақытта отбасында тәрбие алады. Ендеше сіз бен біз тығыз байланыста болып,балаға бірдей талап қойсақ, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Бір ауыз біршілікпен баламызға барынша жақсы тәрбие беруге ат салысайық.Шағын орталықтың ішкі жұмыс жоспарымен таныстыру.Ұжыммен таныстыру және әрқайсының ой-пікірін тыңдау.

« Біз біргеміз!»  жаттығулар

Ассосация “Жанұя”

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15.Сіздің балаңыз агрессивті ме?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.Соңғы ҰБТ барысында балаңыз неше ұпай жинады?

20.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі