Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе .
Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ештеңе тең
келмейді
Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге
адалдықпен , асқан жауаптылықпен атсалысу - ата – ана мен
ұстаздардың , әсіресе , сынып жетекшісінің басты парызы
.
Ұстаздардың өмірі мектептегі
еңбек майданында оқушымен тығыз байланыста болады . бір сыныпта әр
түрлі бала болады , яғни , әр түрлі психология . Ендеше сол
оқушылармен тіл табысып , жұмыс жасай білген ұстаз – психолог.
Кейде келіспеушіліктер де , қиындықтарда туындап жатады . Сол кезде
ата – ананың көмегі , ықпалы көп қажет болады . Мұғалім өзіне
бағынбаған баланың қылығы үшін ата – анасын шақыруға тура келеді .
Сондай жағдайда кей ата – ана мектепке келуден бас тартады , ал
кейбірі келіп алып , мұғалімді жазғырады .
Сүйкімді , тіл алғыш , сезімі
пәк , жүрегі таза бүлдіршін – орта немесе жоғары
буынға
келгенде неге өзгеріп сала
береді ? Оның тәрбиесіне ұстаз ғана емес , ата – ана , жүрген
ортасының қатысы бар емес пе ?
Кей ата - аналар баланы қалай
тәрбиелеу керектігін , қалай жақсы көретінін білдіре алмайды .Бірі
– мұғаліммен бірдей етіп киіндіріп , қалтасына ақша салып , туған
күндерін тойлағандарына мәз , енді бірі - шектен тыс қаталдыққа
беріліп , айтқанын орындатады . Тәрбие – баланы бетке қақпай ,
бетімен жіберу емес , баланы тәрбиелеу – ақылмен , әдіспен күресе
білетін адам шығару .
Ата – ана мен мұғалім
арасындағы бір – біріне деген сенімділік - бірінші және шешуші шарт
. Арадағы қарым – қатынас ата – ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып
, табысқа ұмтылдыратындай , өз күшіне сенімділік тудыратындай болып
құрылуы тиіс .
Мұғалімнің екінші бір маңызды
міндеті - отбасын педагогикалық білік – дағдылармен қаруландыру ,
оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту
.
Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалык қарым –
қатынастың аяғы ата – аналардың өз балаларының ғана емес , жалпы
сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкеледі .
Біз оқуға жағымды қатынасты
қалыптастыруда ата – ананың алатын орнының маңызы зор екенін
айтуымыз керек .Ол үшін әрбір ата - ана баласының
қызығушылықтарымен , икемділіктерімен таныс болуы керек .Өкінішке
орай ,көптеген ата – аналар баласының бос уақытында тек оқу
әрекетімен шұғылдануын талап етеді Бұл баланың оқуға деген
ықыласына кері әсерін тигізуі ықтимал .Сабаққа дайындық барысында
ата – ананың күнделікті бала сабағына көмектесуі , қызығушылықтарын
байқатып отыруы ,,баланы бағындырмай , өз еркімен сабақты орындауын
ұйымдастырып , қолайлы жағдай жасауы баланың оқу әрекетіне жағымды
қатынасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді .
Ата – аналарды оқу пәнінің
жаңа бағдарламаларымен, оқыту әдістерімен , мұғалімнің қоятын
талаптарымен таныстыру үшін - ашық сабақтар ұйымдастыру тиімді .
Бұл ата – аналардың мектептегі оқыту ерекшеліктерінің егжей -
тегжейін түсінбеуінен туатын көптеген даулы жағдайларды болдырмауға
мүмкіндік береді .
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие
шараларына ата - аналарды тартып , қатыстырып отырған дұрыс .
Отбасылық танымдық көңілді ойын – сауық , спорттық сайыс . ата –
аналар арасынан әр түрлі мамандық иелерімен кездесу кештері –
осының барлығы ата – аналарға өз балаларын одан әрі танып білуге ,
балаларының бойындағы өздеріне белгісіз қызығушылықтарын , талантын
, өнерлерін анықтауға мүмкіндік туғызады .
Ата – анамен сөйлескенде
мұғалім барынша сыпайылық , әдептілік танытуы тиіс
.
Сыпайылық әдептілік сақтау әсіресе өз балаларының
бұзақылық жасауы мүмкін екеніне сене алмайтын ата- аналар алдында
өте қажет .
Ата – аналар жиналысында оқу
үлгерімі жетістіктерінің ғана қорытындысы жасалып қоймай , сонымен
қатар педагогиканың маңызды мәселелері
қарастырылса
жемісті болмақ .Ата –аналар
жиналысы нәтижесінің ең басты көрсеткіші – ата – аналардың белсене
қатысуы .Ол мектепке , мұғалімге деген сыйласымдық қарым –
қатынасының белгісі .